Түріктер тегінен жиырма тайпалы. Олардың барлығы Тәңірі әзіз көрген Нұх пайғамбардың ұлы Иафас және Иафастың ұлы Түрікке барып тіреледі.
Бұлар Рум әулетінің Тәңірі әзіз күткен Ибраһим пайғамбардың ұлы Ысқақ және Ысқақтың ұлы Ғайса (Иса) және Ғайсаның ұлы Руымға барып тірелетінге ұқсайды. Әрбір түрік тайпасының қаншама ұрық - шәріптері бар, олардың саны ұлы Тәңірінің бір өзіне мағлұм. Мен бұлардың түптамырлары мен ана тараптарын жаздым. Ру - аймақтарын тастадым. Кісілерде оғыз түркмендерінің білуге ықтияр болғандықтары үшін, солардың ұрықтарын, малдарына басатын таңбаларын да көрсеттім. Мұсылман болсын, болмасын мейілі, Рум өлкесі жанынан Күншығысқа қарай кеткен рет бойынша, біртіндеп, шығыстағы тайпалардың орналасқан жайларын көрсетіп өттім.
Рум өлкесіне бәрінен жақын орналасқан тайпа бешенек; одан қалса қыпшақ, оғыз, Иемек, башқұрт, басмыл, қай, абақ, содан татар, содан қырғыз тараптары. Қырғыздар Шынға жақын жайласқан. Бұл тайпалардың барлығы Рум өлкесі жанынан шығысқа қарай осы ретпен созылып жатыр. Содан, Шігіл, тохсы, йағма, ұғрак, жарұқ, жомыл, ұйғыр, таңғұт, қытай. Қытай өлкесі «Шын» деп аталады. Одан соң, табғаш, оны «Машын» дейді. Бұл тайпалар Женүп пен Шымал арасында тұр. Олардың орналасқан орындарын осы шеңберлі картада бір-бірлеп көрсеттім.
(Дөңгелек картаны осы беттен көруіңізге болады — А. Е.)
ТҮРІК ТІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Ен ашық - айқын әрі тура - түзу тіл — тек сол бір ғана тілді біліп, парсылармен араласпайтын және шет өлкелермен барыс келіс жасамайтын кісілердің тілдері. Екі тіл білетін және шахарлармен араласып қалған кісілердің тілінде бұзықтық бар. Соғдақ, кежек, арғу тайпалары сондай екі тіл білетіндерге (екі тілде сөйлейтіндерге А. Е.) кіреді. Шетелдіктермен араласатын және қалалықтармен араласатын Хотан, түбіт халықтары мен тұңғұттардың бағзылары сондай. Бұлар түріктер еліне кейінірек келгендер. Бұлардың нәр бірінің тілдерін оз орнында талдап, айырып жазамын. Жапар қалықтар (жапондықтар A. Е.) шалғай алыста
орналасқандықтан, Машын мен олардың арасын ұлы теңіздер бөліп тұрғандықтан олардың тілі бізге белгісіз, білінбейді.
Шын мен Машын халықтарының тілдері бөлек, айырмалары болса да, шахарлықтар түрікше жақсы біледі. Бізге жазған хат - хабарларын түрік жазуымен жазады. Сондайлық, арада ұзақ алыстық және шын иініндегі тау, теңіздер болғандықтан жүз бен мәжүжлердін тілдері бізге мәлім емес. Түбіттердің бөлек тілі бар. Сол секілді Қотандықтардың бөлек тілі, бөлек жазуы бар. Бұлардың екеуі де түрікшені бар шырайымен жақсы білмейді.
Ұйғырлардың тілі түрікше, әйтсе де, өзара бір-бірімен тағы бір түрлі өзгеше тілмен сөйлеседі. Кітаптың бас тарапында көрсетілген 24 әріпті түрік жазуын қолданады. Кітаптарын, хат-хабарларын сол жазумен жазады. Ұйғырлар мен шынылықтардың бұдан басқа тағы бір жазулары бар. Ресми құжаттарын, жазбаларын сол жазумен жазады. Ол жазуды мұсылман болмаған ұйғырлардан басқалар оқи алмайды. Мен бұларды шахар халықтары турасында айтып отырмын.
Сахара — қыр халықтарына жататын жомылдардың тілі бөлек бір тіл болып, олар түрікшені де бек жақсы біледі. Қай, иабаку, татар, басмыл тайпалары да сондай. Олардың әрбірінің өзіне тән тілі бар, сонымен бірге түрікшені де жаксы біледі. Қырғыз, Қыпшақ, оғыз, тохсы, йағма, ұғрак, жарүк тайпалары ортақ бір түрдегі түрікше тілде сөйлейді. Иемек пен башқұрт тілдері оларға жақын. Рум өлкесі иініндегі бұлғар, сувар, бешенектердің тілдері сөздерінің аяғы шолақ қайырылған өзгеше бір сипатты түрікше тіл.
Тілдердің жеңілі оғыз тілі, ен түзуі, турасы тохсы мен йағма тілдері, сондықтан да (Іле), Ертіс, Иамар, Еділ бойларынан ұйғыр шахарларына дейінгі тараптарда өмір сүріп жатқан халықтардың тілдері жаксы тіл. Бұлардың ішінде ең анық, ашық та әдемі, татымды тіл — Хакасия өлкесіндегі халықтың, хақандықтардың тілі. Баласағұндықтар соғдыша, иә түрікше сөйлейді. Тараз (Талас) бен Бейзә шахарларының халықтары да солай, соғдыша және түрікше сөйлейді.Исфиджаб шахарынан Баласағұнға дейін жайылған бүтін'Арғу шахарлары халықтарының тілдерінде де кемшіліктер бар. Қашқарда кенеше сөйлесетін ауылдар бар. Шахар ішіндегі жұрт Хакасия түрікшесімен сөйлеседі.
Рум өлкесінен Машанға дейінгі күллі Түрік елдерінің ұзын бойы бес мың фәрсах , ені үш мың фәрсах болып, барлығы сегіз мың фрахты құрайды. Бұлардың орнын анық білдіру үшін, бәрін жер беті секілді картаның ішінде көрсетіп өттім.
Достарыңызбен бөлісу: |