МахмұТ ҚАШҒари «диуани лұҒат-ит-түРК»


ТІЛДЕГІ ЖӘНЕ СӨЙЛЕГЕНДЕГІ ӨЗГЕШЕЛІКТЕР ТУРАЛЫ



бет9/12
Дата22.12.2023
өлшемі94,7 Kb.
#198538
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
М.Қашқари

ТІЛДЕГІ ЖӘНЕ СӨЙЛЕГЕНДЕГІ ӨЗГЕШЕЛІКТЕР ТУРАЛЫ


Түбір сөздерде өзгешеліктер аз болады. Сөздердегі өзгешеліктер, ерекшеліктер бағзы бір әріптердің орнына басқа бір әріптер алмасып келгенде, яки түсіп қалғанда көрінеді. Мысалы, оғыздар мен қыпшақтар есім мен етістіктің басында келген «и» әрпін «Әліпке», яки «ғ, ж» дыбысына алмастырады. Түріктер «жолаушыны» «jelkin — иелкін» десе, оғыздар мен қыпшақтар «elkin — елкін» дейді; түріктер «жылы суды» jbilbif suv — иылығ сув» десе, Оғыздар мен оларға жақын жайғасқандар сөздің «о т» әрпін «j д» әрпіне алмастырады. Мысалы, түріктер «түйені» tevoj — тевәй» десе, олар j devoj — девой» дейді; сондай-ақ, «тесік» деген сөзді түріктер ot — от» десе, олар «od — од» дейді. Таза түрікше де «д» әрпімен айтылатын сөздер оғызшада «с. т» әрпімен айтылады. Мысалы, олар «қанжарды» «\ *<* bygde — бүгде» десе, оғыздар «bykte — бүкте» дейді. Түріктер «жидені» «jigde — иігде» десе, оғыз түрікмендері «jikte — иікте» дейді.


Мұндай сипатты сөздер көп, оларды бір-бірлеп теріп отырмаймыз.
Таза түріктер «j т» мен «б» арасындағы дыбысты білдіретін v (п)» әрпін оғыздар мен соларға жақын жайғасқандар « f » әрпіне алмастырады. Мысалы, олар «үйді (жәйді)» «^Д ev — еп» десе, оғыздар «Тew — еб» дейді; олар «ауды» « av — ап» десе, бұлар «aw — аб» дейді. Мен сөздердің, ең анық, нақты көріністерін ғана беремін. Әріптерді алмастырып сөйлейтіндердің тілдеріндегі әріп алмастырылғандығын (оқушының өзі) салыстыру арқылы біліп алар.
Йағма, тохсы, қыпшақ, иабаку, татар, қой, жомыл мен оғыздардың, бәрі «j з (дз)» әрпін қай заманда да и (j)» әрпіне алмастырады, ешқашан «j з(дз)» әрпімен сөйлемейді. Мысалы,
О» «
өзге түріктер «қайын ағаны» «қазып — (Kadhing) кадзын» десе, олар «Kajbin — қайын» дейді. Түріктер «қайын жағындағыларды» «q а» қағып — қадзын» десе, олар «Kajbin — қайын» дейді. Сондай-ақ, Шігіл мен өзге түріктер тілінде «J дз (з)» әрпімен айтылатын сөздер Русь пен Рум өлкелеріне дейін шектесе созылған қыпшақ, Иемек, сувар, бұлғарлар тілдерінде жай «) з (z)» әрпімен айтылады. Мысалы, түріктер «аяқты» «азақ — адзак» десе, олар «агак — азақ» дейді. Шігіл түріктері «қарын тойды» дегенді «қағып tozbi — карын тодзты» десе, олар tozdbi — тозды» дейді. Басқа есімдер мен етістіктерді де осы мысалдар бойынша салыстырып қарау керек. Ашып айтқанда, Шігіл тіліндегі «j дз (з)» әрпі йағма, тохсы, оғыз бен бағзы арығулардың, әрі Шынға дейін созылған жерлердегі өмір сүруші күллі тайпалардың. тілдерінде и (j)» әрпіне өзгереді; Руымға дейін жайылған қыпшақ пен оларға жақын жайласқан өзге тайпаларда бұл әріп, «j з (z)» әрпіне өзгереді.
Бұлардың бәрін өз орнында көрсетемін.
Хотандықтар мен кежектер сөздің басындағы «Әліпті» «_& һ» әрпіне алмастырады. Түрік тілдерінде жоқ бұл дыбысты кіргізгендері үшін, біз оларды түріктер деп санамаймыз. Мысалы, түріктер «атаны» «ata — ата» десе, олар «hata — һата» дейді; түріктер «ананы» «апа - ана» десе, олар һапа — һана» дейді. Қайсыбір жағдайларда «j - р (г)» әрпі «J - л» әрпіне алмасады.
Бұл жөнінде өз орны келгенде айтамын. Бағзы бір жағдайларда «j - з (z)» әрпі «0я - с (s)» әрпіне, «у» - c(s)» әрпі «) - з (z)» әрпіне өзгереді.
Бұларды өз кезінде айтамын.
Мерзім мен мекен есімдерін жасағанда қолданылатын « - ғ » әрпін оғыздар «I — әліпке» алмастырады. Түріктер «баратын жерді» «jer — барғү жер...» десе, оғыздар barasbi jer: барасы иер — барасы жер...» дейді; түріктер « тұрысар уақытты» «turru orur: тұрғұ оғүр — тұрғы уақыт...» десе, оғыздар «turasbi оғиг: тұрасы оғүр —тұрасы уақыт» дейді.
Әріптердің алмасуы хақындағы жайларды осымен бітіремін. Сөздердегі әріптердің түсіп қалуына келсек, есімдіктердің және іс-әрекеттің жиі қайталанатындығын білдіретін етістіктердің ортасында келетін «- ғ » әрпін оғыздар мен қыпшақтар барлық жерде түсіріп тастайды.
Айтқанда жеңіл болсын деп оғыздар есімдегі - г (g)» әрпін түсіріп айтады; есім мен етістіктердегі «- ғ » әрпінің орнындағы «- г (g)» әрпін де түсіріп тастайды.
Бүтін түрік тілдеріндегі негізгі қағидалар осылар.
Қалған ережелерді өз орнында айтармын.
Бисмиллаһир – Рәхмәнир - Рахим!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет