Макроэканомика срсп


Ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейін арттыру



бет3/3
Дата15.07.2024
өлшемі390,61 Kb.
#203584
1   2   3
Байланысты:
реферат СРСП

Ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейін арттыру
Ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев хабарлағандай, ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аумақтарды дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі күні ауыл халқының саны 7,7 млн адамды немесе еліміз бойынша халқымыздың жалпы санының 41%-ын құрайды. Жұмыспен қамтылған ауыл халқының құрылымында ауыл шаруашылығы ең үлкен үлесті құрайды, бұл — 28,2%. Жалпы, соңғы 5 жылда экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.


Ауылдарда өмір сүру деңгейін одан әрі арттыру үшін министрлік «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Жобаның мақсаты инфрақұрылымдарды жаңғырту есебінен және оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.


Аталған мақсатқа жету әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру есебінен, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылыммен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуі 2020 жылы республика бойынша 60,3% құрады. Ең жоғарғы көрсеткіштер Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады

Қорытынды
Өмір сүру салтының құрылымына адамның өмір сүру жағдайының өзі ғана емес - экономикалық, саяси, шаруашылық және тұрмыстық жағдайлары да, олардың адамдардың санасында көрініс табуы да, индивидтердің осы жағдайларды бағалауы да кіреді.
Өмір сапасы, адамдардың тіршілік әрекетін кешенді бағалау ретінде адамның қажеттіліктерін жүзеге асыру деңгейін, оның өмірлік жоспарларын жүзеге асыруға қанағаттанушылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі болып табылады .
Адамдардың өмір сүру сапасы олардың өмір сүру деңгейіне ғана емес, өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері әлеуметтік жайлылық сезіміне айтарлықтай әсер етеді. Ол адамдардың нақты әлеуметтік жағдайларда қажеттіліктерін қанағаттандыру көрсеткіштерімен анықталады, олар өздерінің физикалық және психикалық тұтастығына, жеке басының бостандығына және шығармашылық үшін мүмкіндіктеріне қауіп төндірмегеніне сенімділікпен толықтырылады.
Өмір сапасының параметрлері әлеуметтік дамудың мақсаты ғана емес, сонымен қатар оның шарты болып табылады. Мемлекеттің ешқандай әрекеті өмір сүру сапасының шекті мәннен тыс нашарлауына алып келмеуге тиіс.
Есеп көрсеткендей, өмір сапасы экономикалық факторлардан 40% - ға және рухани, ең алдымен елдегі адамгершілік ахуалдан 60% - ға тәуелді. Бұл дегеніміз, өнеркәсіптік даму мен өмір сүру деңгейі прогресстің өлшемдерінен алып тасталмайды, бірақ мақсат емес, құрал болып табылады.
Мұндай жағдайда мемлекеттік саясат қоғамда әділдікке, өзара көмекке, бостандыққа, әлеуметтік қолдауға ұмтылысты дамыта отырып, экономикалық мүдделерге ғана емес, сондай-ақ рухани мүдделерге де бағдарлануға мәжбүр болады.
Соңғы жылдары «өмір сапасы» ұғымы өмір сүру деңгейі мен салты ұғымдарымен қатар ғылыми айналымда берік жағдайға ие болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет