«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


ЖҰӨ дефляторы = ——————————



бет7/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Номиналды ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторы = ——————————

Нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ - халықтың әл-ауқатын сипаттайтын негізгі көрсеткіш. Бұл көрсеткішті осы мақсатта пайдаланғанда ескеретін жәй, кейбір нарықпен байланыссыз іс-әрекеттер, жұмыстар, процесстер сандық жағынан ЖҰӨ кірмейді. Оған жататындар: ақылы (төленетін) демалыстың ұзақтығы, тұтыну құнының сапасын жоғарылату, сонымен қатар урбанизацияның салдарынан туындайтын негативті жағдайлар және адамдардың, өндірістің іс-әрекеттің салдарынан (ортаның ыластануы, айқай-шу т.б.) өмір сүру жағдайының нашарлауы.

Басты макроэкономикалық көрсеткіш ЖҰӨ-нен басқа да экономикада жылдық өнім шығарудың өлшеуіші ретінде қолданатын бір-бірімен өзара тығыз байланыста болатын көрсеткіштер бар. Олардың бәрі ЖҰӨ негізінде есептеледі.

Ұлттық экономиканың қызметтерінің нәтижесін сипаттайтын келесі көрсеткіш – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

ЖІӨ - белгілі бір уақытқа мемлекет аумағында өндірілген түпкі (соңғы) тауарлар мен қызметтердің барлық сомасы.

ЖҰӨ мен ЖІӨ жабық экономикада бір-біріне тең болады. Ал ашық экономикада бұлардың арасында айырмашылық бар. Ол айырмашылық мына жағдайдан туындайды: мемлекет ішіндегі шетелдік фирмалардың даму деңгейі мен ұлттық ресурстардың әр түрде шетелде өндірістік іс-әрекетке қатысуынан туындайтын айырмашылық. Бір сөзбен айтқанда: ЖІӨ шетелдегі өндіріс факторларына түсімі (факторлық табыс) мен елдегі шетелдік инвесторлардың алған факторлық табыстарының айырмашылығынан кем (аз) ЖҰӨ-нен.

ЖІӨ-ді есептеуде ЖҰӨ есептеу әдістерін пайдаланады.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ). ТҰӨ -ЖҰӨ-нен аммортизация сомасын алып тастағанға тең.

ТҰӨ-нен бизнеске салынатын жанама салықты шегергенде ұлттық табыс пайда болады. Ұлттық табысты тікелей қоғамдағы барлық табыс түрлерін: жалақы, арендалық төлем, өндірістік табыс, пайдаға салынатын салық, дивидендтер, кәсіпорынның бөлінбеген пайдаларын қосып анықтайды.

Жеке табыс – ұлттық табыстан салық және басқа алым-төлемдерді алып тастағаннан кейінгі қалдыққа трансферттік төлемдерді қоссақ аталған табыс шығады.

Өткен сұрақтардағы қарастырылған макроэкономикалық көрсеткіштер өте күрделі процестер жүйесін, олардың өзара тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болатындығын көрсетті. Міне осы байланыстар мен тәуелділіктер ұлттық есеп шоттың құрылымы мен негізін құрайды.

Нарықтық экономика жағдайындағы ұлттық есеп шоттың мән-мағынасы қоғамдық шаруашылықты біртұтас түрінде жалпы экономикалық тепе-теңдігін қамтамасыз етуде. Сонымен, ұлттық есеп шот: біріншіден – ұлттық есеп шот жүйесі; екіншіден – макроэкономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің ең маңызды құрамдарының бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет