«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент



бет9/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Жалпы ұлттық өнім ( ЖҰӨ)- азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызмет үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

Біз ЖҰӨ-ның жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы

жалпы табыс көлемін сипаттайтын, яғни екі жақты айналым сызбасында көрсетілгендігіне көз жеткіздік. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші – бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректер шығын құрауыштары және табыс көрсеткіштері деп 2-топқа бөлуге болады.

Шығын құрауыштары .Экономистердің көзқарасы бойынша, тек қана өндіріс тауарлары мен көрсетілген түрлерінің жалпы көлемі ғана емес, сонымен бірге өндірілген өнімнің сәйкес түрде бөлінуі және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлінеді:


  1. Тұтыну (С)

  2. Инвестициялар (І)

  3. Мемлекеттіксатып алу (G

4) Таза экспорт (NX)

Сонымен, ЖҰӨ-ді «Ү» символымен өрнектеп, мына өрнекті аламыз:

Ү = C + I + G + NX

ЖҰӨ - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы., ЖҰӨ құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл теңдік өрнек болуы – осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен теңдік орындалады. Бұл «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар пен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы,олар мынадай топтарға бөлінеді:


  1. Қысқа мерзімді қолданылатын тауарлар;

  2. Ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар;

  3. Көрсетілген қызмет.

Қысқа мерзімді қолданылатын тауарларға қысқа уақыт ғана қызмет жасайтын, мәселен, киім және азық-түлік тауарлары, т.б. жатады.

Ұзақ мерзімді тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кіржуатын машиналар, т.б. жатады.

Көрсетілген қызмет түріне тұтынушыларға жасалған қызмет, мәселен, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.

Инвестиция мынадай топтарға бөлінеді:



  1. Өндірістік капиталды салу (немесе негізгі өндірістік

фактор инвестициясы жатады);

  1. Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы ;

  2. Қор инвестициясы.

Негізгі өндірістік фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндірістік кәсіпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы - бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретін үйлерді салудағы шығындар.

Инвестиция қоры - бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі ( егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады).

Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерінің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтар, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансфертті төлемдер, яғни әлеуметтік сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кірмейді. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгізілмейді. Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерін көрсететін таза экспорт.

Таза экспорт тауарлар мен көрсетіңлген қызметтердің экспорт және импорт құны көлемінің айырмашылығына тең. Тепе-теңдік жағдайында, сыртқы сауда щеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ ішкі шығындар тиынтығына тең болады.

C + I + G

Бірақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-экспортшы» ретінде қатысамыз, сонда ЖҰӨ ішкі шығын көлемін жоғарылатады. Сол сияқты,егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-импортершы» ретінде қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып табылады және шығын көлемі өндіріс көлемінен жоғары болады.

Мысалы, 1-кестеде көрсетілгендей, 1989 ж. Құрама Штаттар ЖҰӨ-і 5,2 трлн. долл.тең болды. Осы цифрдың өте үлкен болуынан, оны тіпті шамалау өте қиынға соғады. Егер де ЖҰӨ көлемін халқының санына бөлсе (248 млн.адамға), мұны түсіну оңай болар еді.

Сол себепті, ЖҰӨ-нің жан басына шаққандағы мәнін аламыз – сонда

1982 ж. бір америкалықтың орташа шығын көлемі 21036 долл.құрайды.

ЖҰӨ қолданудың бағыттары қандай болды. Төмендегі кестеде жан басының тұтынуға 13949 долл. Жұмсалғаны көрсетілген. Әрбір жан басына 3123 долл. инвестиция құрады. Әрбір адамға мемлекеттік сатып алулар 4167 долл.құрады. Оның ішіне 1217 долл. үкіметтік ұлттық қорғауға жұмсағаны кіреді. Орташа есеппен 2714 долл. экспорт өнімдері өндірілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет