«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Тақырып 3. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар жұмыссыздық, инфляция



бет12/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Тақырып 3. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар жұмыссыздық, инфляция
1.Жұмыссыздық: мәні, түрлері және реттеу әдістері. Оукен заңы.

2.Инфляция: мәні, түрлері және реттеу әдістері.

3.Экономикалық цикл және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы. Әлеуетті ЖІѲ.
Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.

Жұмыссыздықтың негізгі түрлері, ол:

1.Фрикционды

2.Құрылымдық

3.Циклдық

1.Фрикционды жұмыссыздық - ол адамдардың бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына ауысқанда немесе жұмысты іздеу мен күтуге байланысты жұмыссыздық. Бұл негізінен белгілі бір уақытты қажет ететін біліміне және біліктілігіне сай жұмыс орнын іздейтін адамдар арасында болатын жұмыссыздық .

2. Құрылымдық жұмыссыздыққа жұмыс күшіне сұраныс құрылымын өзгертетін өндірістегі техникалық өзгерістермен байланысты жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық мамандығы ескірген немесе ҒТП нәтижесінде экономикалық қажетілігі жоқ адамдар арасында болады.

3.Циклді жұмыссыздық , бұл нақты жұмыссыздық деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуды көрсетеді, яғни циклді құлдырау кезінде жұмыссыздық өседі де, ал циклдік өсу кезінде жұмыссыздық азаяды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет