«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Табыстың басқа да көрсеткіштері



бет10/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Табыстың басқа да көрсеткіштері

Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде ЖҰӨ қолданылады, ЖҰӨ-ден кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады. Практика жүзінде табыс көрсеткіштерінің айырмашылығы шамалы, себебі олардың қозғалысы бірдей. Дегенмен, көрсеткіштердің айырмашылығын білуіміз керек. Әр түрлі табыс көрсеткіштерінің байланысын нақты білу үшін кезекпен ЖҰӨ-ден әр түрлі құрауыштарды игере отырып қарастырамыз. Таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) алу үшін, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептемейміз:

ТҰӨ = ЖҰӨ - капиталдың негізгі тозу құны немесе

Амортизация.

Ұлттық есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны амортизациялық шығындар деп аталады.

Дегенмен, капиталдың негізгі тозу құны – бұл өндіріске кеткен шығындар, сонда ЖҰӨ-нің осы құннан айырмасы экономикалық қызметтің таза нәтижесін сипаттайды. Осы себептен, көптеген экономистердің айтуынша, таза ұлттыө өнім (ТҰӨ) көрсеткіші ЖҰӨ-ге қарағанда экономика жағдайын жақсы сипаттайды. Ұлттық есеп дүйесіндегі келесі көрсеткіш фирмалардағы жанама салық сомасына жүргізіледі, мысалға, сату салығы. Осындай салықтар таза ұлттық өнімнің 10 процентына дейін құрайды және тұтынушының тауарға бөлетін бағасы мен фирманың сату бағасының арасындағы айырмашылықты фирма алмағандықтан, ол табыстың бір бөлігі болып табылмайды. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, басқа көрсеткіш аламыз. Оның атауы – ұлттық табыс.

Ұлттық табыс = ТҰӨ - жанама салықтар.

Ұлттық табыс барлық экономика агенттерінің табыс жиынтығын көрсетеді. Ұлттық есеп жүйесінде ұлттық табыс, табыс алу тәсіліне байланысты бес құрауышқа бөлінеді. Осы 5 санат (категория), сонымен бірге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесі төменде пайыз түрінде көрсетілген:



  1. Еңбекақы (73%). Жұмысшылардың алатын жалақысы мен сыйлығы.

  2. Жеке меншік табыстар (70%). Мәселен, кішігірім дүкенжер, фермалар, т.б.

  3. Ренталық табыс (2%). Жылжымайтын мүлік иелерінің алатын пайдасы, оған қоса өздері зөіне «төлемейді» деп есептелінген жалдау ақысы жатады.

  4. Корпорация пайдасы (11%). Жұмысшылар пен несие берушілерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.

  5. Таза пайыз (7%). Белгілі бір елдің кәсіпорын төлемдерінің пайыздық сома мен олар арқылы алынған пайыздық сома елдердің экономикалық агенттерінен түскен пайыздық соманы қосқанға тең. Осындай түзетулердің көмегімен ұлттық табыстан жеке табысқа өтуге болады, яғни үй шаруашылығы мен корпоративті емес кәсіпорындар алатын табыс. Осылардың ішінде 3 ең керекті түзетулер бар:

Біріншіден, өзінің пайдалануына қалдыратын немесе мемлекет салығын төлемеуге бағыттайтын корпорация пайдасын ұлттық табыстан алып тастау керек, бұл үшін ұлттық табыс көлемінен корпорация пайдасын алып тастайды және дивиденттер сомасын қосады.

Екіншіден, ұлттық табыс көлеміне трансферттік төлемдердің таза сомасын қосу қажет, ол жеке азаматтарға төленген трансфертті төлемдердің әлеуметтік сақтандыру үшін мемлекетке аударған салымнан алып тастаған сомасына тең.

Үшіншіден, кәсіпорындардың пайыздық төлемдерінің орнына үй шаруашылығының пайыздық түсімдерін енгізу керек, бұл түзету пайыз түрінде алынған жеке табыстың қосылғанынан және таза пайыз көлемін шегеріп тастау жолымен жүзеге асады. Жеке табыс мынаған тең:

Жеке табыс = ұлттық табыстан -корпорация пайдасы-әлеуметтік сақтандыруға салынған салымдар-таза пайыз+дивиденттер+мемлекеттен халыққа берілетін трансфертті төлемдер= жеке табыс (пайыз түрінде алынған).

Жеке табыс сомасынан мемлекетке төленетін кейбір салық емес төлемдерді алып тастасақ, қолда бар табыс көлемі шығады, (мәселен, қоғамдық көлік үшін төлем).

Қолда бар табыс = жеке табыстар – жеке салықтық және салықтық емес төлемдер.

Жеке табыс – бұл үй шаруашылығы иелігінде және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

Нақты ЖҰӨ көлемінің қозғалысы циклдық маусымдық ауытқуларға байланысты. Кейбірулері өндірістік пайыздық ерекшеліктерімен байланысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді. Мәселен, демалуға ыңғайлы кезеңде демалысқа шығу өте көп болады және жаңа жыл сыйлықтарын алу да сол сияқты т.б.

ЖҰӨ көлемінің ауытқулары мен басқа да экономикалық көрсеткіштерді зерттеуде олардың қозғалысын маусымдық факторлардан «тазалау» қажет.

Газеттерге жазылатын стиатистикалық есептердің үлкен бөлігіне осы факторлар әсер етпейді. Сол себепті, нақты ЖҰӨ көлемі өзгерсе, онда оған түсініктемені маусымдық ауытқулардан басқа жерден іздеуге болады.

Қазіргі кезде осыдан 10 жыл бұрын долларға сатып алынатын затты алу мүмкін емес. Барлық бағалар көтеріліп кетті.

Жалпы, баға деңгейінің көтерілуі «инфляция» деп аталады. Бұл экономистер үшін үлкен өте күрделі мәселе. Келесі тауарларда біз осы инфляцияның салдары мен себептерін тереңірек зерттейміз.

Мұнда, ЖҰӨ дефляторы да және тұтыну бағасының индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарлардың бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. Уақытқа байланысты жиындар құрамы өзгере ме жоқ әлде жоқ па сұраққа жауап бере отырып, екі көрсеткіштің айырмашылығын білуге болады. Тұтыну бағасының индексінде өзгермейтін тұтыну қоржыны қолданылады. (базисті жылдағы салмақ), ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қоржыны (тауар түрінде оған кіретін нақты салмақтар): бағаларға деген әр түрлі көзқарастар әсері де не әкелетінін келесі мысалдан көреміз. Мәселен, Алматыда болған қатты суық әсерінен барлық алма науқаны құрыды, сонда өндірілген алма саны 0-ге дейін төмендеді, ал дүкендерде қалған алма бағасы қатты көтерілді. Дегенмен, алма ЖҰӨ құрамына кіргенімен, бағаның жоғарылауы ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді. Тұтыну бағасының индексі өзгермейтін тауар жиынтығы негізінде есептелсе, оған алма кіреді, сонда алма бағасының көтерілуі тұтыну бағасының индексі көтерілуіне алып келеді. Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс «Ласпейрес индекс», ал өзгеретін тауар жиынын «Пааше индексі» көрсетеді.

Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Пааше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Керісінше, Пааше индексінде тауардың бібірін алмастыруы есепке алынады. Бірақ мұнда әл-ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді. Алматыдағы аяз, мысалы, Ласпейрес және Пааше индекстерінің кемшілігін көрсетеді. Дегенмен, тұтыну бағасының индексі, яғни мұнда тұтынушы үшін алма бағасы өсімі жоғарылайды: бұл жерде өзгермейтін тауар жиыны қолданылады және алманы апельсинмен алмастыру мүмкіндігі есеспке алынбайды. ЖҰӨ дефляторы – бұл Пааше индексі, мұнда керісінше, тұтынушы үшін бағаның жоғарылауы толығымен көрсетілмейді. Осы жерде ЖҰӨ дефляторы өсім құнын көрсетіп тұрған жоқ, дегенмен алма құнының жоғарылауы тұтынушы жағдайына жағымсыз әсер тигізеді. ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасы индексінің практикада қозғалысы ЖҰӨ дефляторы қозғалысына өте жақын.

Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.

Y = C + I + G + NX (1)

Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдіктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдігін төмендегідей көрсетуге болады. Талдауды жеңілдету үшін жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:

ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция (2)

Табыс бойынша:

ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну (3)

Жалпы өнімді өндіруге кететін шығындар мен табыс бір-біріне тең болғандықтан, (2) және (3) формулаларды теңестіре отырып, төмендегі теңдеуді аламыз.

C + I = S + N немесе I = S (4)

Бұл қарапайым тепе-теңдік мемлекет пен шет мемлекетті енгізгеннен соң күрделілене түседі.

Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан тұрады.

Sp = Sp + Sg + Sr (5)

Жеке қор жинағы Sp төмендегідей бейнеленген:

Sp = (Y + TR + N + T) – C (6)

Мұндағы: Y - табыс сомасы ТR - трансферттер

N – мемлекеттік қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесі;

Т – салық және С – тұтыну.

Мемлекеттің қор жианғы Sg төмендегідей бейнеленген.

Sg = (T – TR - N) – G (7)

Sg>0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg< 0 болса, онда бюджет тапшылығы болады.

BD = - Sg (8)

Sr = IM – X немесе Sr = - NX

S = Sp + Sg + Sr = (Y + TR + N - T) – C + (T – TR –N) – G + (- NX) = Y- C – G; S = I



  1. ЖҰӨ-де елдің барлық азаматтарының табысы , яғни елдің өндіріс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығыны көлемі де көрсетіледі.

  2. Атаулы ЖҰӨ көлемінде тауарлар мен қызметтер құны ағымды бағамен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ көлемінде тұрақты бағамен өлшенеді. Сол себепті нақты ЖҰӨ тек тауар мен қызметтер санының жоғарылауы нәтижесінде жоғарылайды, ал атаулы ЖҰӨ өндірілген өнім саны мен бағаның жоғарылауынан да жоғарылай береді.

3) ЖҰӨ төрт шығын құраушы сома болып табылады: тұтыну инвестициялар, мемлекеттік және таза экспорт.

  1. Тұтыну бағасының индексі (ТБИ) қарапайым тұтынушы тұтынатын белгілі бір тауар мен қызметтер жиынының баға деңгейін көрсетеді. ЖҰӨ дефляторы, атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ көлемінің қатынасы болып табылады, тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгейін сипаттайды.

Сонымен , ЖҰӨ, жалпы ішкі өнім және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер төмендегідей анықталады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет