«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Тақырып 2. Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет6/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Тақырып 2. Макроэкономикалық көрсеткіштер.
1.Жалпы ішкі өнім: мәні және мағынасы. ЖІӨ және ЖҰӨ.

2.ЖІӨ есептеу әдістері: қосылған құн бойынша, шығындар және табыстар бойынша.

3.Атаулы және нақты ЖІӨ. ЖІӨ дефляторы. Тұтыну бағаларының индексі.

4.Ұлттық шоттаржүйесінің басқа да көрсеткіштері


Қоғамдық өндірістің мөлшерін (аумағын) сипаттайтын және әлемдік шаруашылықта іс жүзінде қолданатын көрсеткіш – жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ).

ЖҰӨ - белгілі бір уақытта (әдетте бір жыл) өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтер құнының жиынтығы.

ЖҰӨ-ді есептегенде қайта есеп (қайталанған) шығарып тасталып, тек түпкі (соңғы) өнім, яғни, әртүрлі тұтынуға сатып алынатын тауарлар мен қызметтер негізге алынады.

ЖҰӨ-ді есептегенде мына әдістер қолданылады: шығындар, табыстар және қосылған құн бойынша.

Әртүрлі әдістермен есептеліп алынған ЖҰӨ-нің сомасы бірдей болуы керек. Себебі, нарықтық шаруашылықта бір субъектінің шығыны, басқа субъектілерге пайда ретінде көрсетіледі.

  1. ЖҰӨ-ді шығындар бойынша есептеу – түпкі (соңғы) өнімді және қызметтерді өндіру үшін қажетті барлық шығындардың қосындысы (сомасы). Ондай шығындарға жататындар: жеке тұтыну шығындары (С), жалпы жекеленген ішкі инвестиция (І), мемлекет сатып алған тауарлар мен қызметтер (G), таза экспорт (Хn).

Сонымен, ЖҰӨ (шығындар бойынша) = .

Жеке тұтыну шығындары – тұтыну тауарларының ұзақ мерзімде (жеңіл автокөлік, мұздатқыш т.б.) және қысқа мерзімде (нан, ет, көйлек, т.б.) және қызметтерді (врач, юрист т.с.с.) пайдаланған шығындар.

Жалпы жекешеленген ішкі инвестиция – фирма шығындары үш компоненттен құралады: машинаны, құралдарды, станоктарды сатып алу; құрылыс; қордың өзгеруі. Жалпы инвестиция – аммортизация сомасымен инвестиция өсімімен немесе «таза жекеленген инвестиция» (Іn). Сондықтан, жалпы инвестиция мен аммортизацияның арақатысы экономиканың көтерілуі мен төмендеуін көрсететін индикатор ретінде қызмет жасайды.

Мемлекет сатып алған тауарлар мен қызметтер – кәсіпорынның түпкі (соңғы) өнімге жұмсаған барлық шығыны және мемлекет тарапынан ресурстар мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалған тікелей шығындар. Бұл жерден трансферттік төлемдер шығарып тасталады.

Таза экспорт – тауар мен қызмет экспорты және импорты арасындағы айырым. Бұл көрсеткіштің тиімді немесе тиімсіз жағы да болады.

  1. ЖҰӨ-ді табыстар бойынша есептеу – тауар өндірумен қызмет көрсету процесіндегі жасалған барлық табыстар сомасы (жиынтығы). Оған жататындар: аммортизация, бизнеске жанама салық, жалақы, рента, процент, пайда.

  2. ЖҰӨ-ді қосылған құн бойынша есептеу – бұл әдіс бойынша өндірушілердің ЖҰӨ жасауға қатысқан үлесін анықтайды. Қосылған құн өнімді сатудан түскен түсім мен оның өндірістің заттай факторының шығынының айырмасы ретінде немесе барлық жаңадан жасалған құнға аммортизацияны қосқанда анықталады.

ЖҰӨ өндірістің сандық және уақытша ақшалай жағдайын сипаттауына байланысты инфляция және дефляция оны есептеуді қиындатады. Себебі, ЖҰӨ-ді есептеген бастапқы мағлұмат – сату көлемі болады. Ол өз ретінде сатылған заттың көлемі мен оның бағасының деңгейіне тәуелді. Осыған байланысты нақты және шынайы ЖҰӨ ажырата білу қажет.

Номиналды ЖҰӨ - ағымдағы (қолданып) жүрген бағамен есептелген ЖҰӨ.

Нақты (реальный) ЖҰӨ - базалық бағаны бағаның өзгеруіне байланысты өзгертіліп есептелген, яғни, индекстелген бағамен есептелген ЖҰӨ.

Бағаның өсуіне байланысты ЖҰӨ-нің көбеюін көрсететін көрсеткіш ЖҰӨ дефляторы деп аталады. Ол номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасымен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет