Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
- амортизация.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ)
- бизнеске салынатын жанама салық.
Ұлттық табыс (ҰТ)
әлеуметтік қамсыздандыру жарнасы;
пайдаға салық;
бөлінбеген пайда;
трансферттік төлем.
Жеке табыс
Адамдардың жеке иелігіндегі табыс немесе түпкі (соңғы) табыс.
Ұлттық есеп шот жүйесі (ҰЕШЖ) бухгалтерлік принциптегі қос жазуға (двойной запись) негізделген, қоғамдық өндіріске, мемлекет көлемінде қорлану процесіне және ұлттық байлық деңгейінде қатынасушылар арасындағы тауар мен табыстың біріккен қозғалысын көрсететін баланс кестелерінің жиынтығы.
Ұлттық есеп шот әдісінің іргетасын қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) болды. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті талдауды қоғамдық өнімнің натуралдық (заттай) және құндық элементтерінің арасында баланстық пропорцияны орнықтыру тұрғысынан жүргізді. Бұл әрине ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Осыған қарамастан көп жылдары қолданылмады. Жиынтық экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтар арасындағы тәуелділіксіз есептелді.
Тек, ХХ ғ. 30-жылдарындағы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін экономиканы басқаруда мемлекеттің араласуының қажеттілігін сезінді. Мемлекеттің экономиканы басқаруға араласуынсыз экономикалық дағдарыстан шыға алмайтындығына көздері жетті. Осыған байланысты макроэкономикалық талдау мен болжау кешенді (комплексті) жүргізу бірінші орындағы мақсат болды. Оны шешу үшін макроэкономикалық талдауда ұлттық есеп шот жүйесін қолдану қажеттілігі туындады.
Ұлттық есеп шоттың теориялық негізін Дж. Кейнстің, А. Боулидың, К.Кларктың, Дж. Стелманның еңбектері құрады. Олар ұлттық табысты есептеу мәселесімен шұғылданды.
ҰЕШЖ жетілдіруге халықаралық ұйымдар, әсіресе БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы жасап, оны 1953 жылдан бастап қолданылып келеді. Бұл алты есеп шоттан тұратын жүйе, елдің экономикалық дамуын бағалауға мүмкіншілік береді. 1968 жылы ҰЕШЖ халықаралық стандартына жаңалықтар енгізіп (жаңадан үш есепшот енгізілді), ол 1993 жылға дейін іс жүзінде қолданды.
1993 жылдан бастап ұлттық есеп шоттың халықаралық стандартының жүйесінің үшінші модификациясы қолданылды. Ол жеке елдердегі ұлттық есеп шоттың теориялық және іс жүзіндегі соңғы жетістіктерін ескере құрылды. Бұл жүйені жасағанда «экономикалық өндірістің» (яғни ЖІӨ өндіріс сферасы үй шаруашылығының қызметінен (тамақ дайындау, үй сыпыру т.с.с.) басқа барлық тауарлар мен қызмет өндірісін қамтиды). Өндіріске қоршаған ортаны қорғаудағы іс-әрекеттерді кіргізген.
ҰЕШЖ пайдалану (қолдану) мемлекеттің макроэкономикалық саясатты тиімді жүргізуіне, экономикалық болжауға, ұлттық табысты халықаралық деңгейде салыстыруға қажет.
ҰЕШЖ атқаратын қызметтері (функциясы):
экономикалық саясат;
экономикалық болжау;
адамдардың әртүрлі топтарындағы өмір сүру деңгейін және оны басқа елдердегі өмір сүру деңгейімен салыстырып баға беру;
экономикалық теория мен практиканы байланыстыру.
Қорыта айтқанда, ұлттық есепшот өткен жағдайларды тереңірек біліп, тану құралы, сонымен қатар экономикалық саясат пен жоспарлау құралы ретінде пайдаланылады. Соның көмегімен экономикалық құрылымдарға, экономикалық тиімділікке және экономикалық теорияның жекелеген тұжырымдарына баға беруге мүмкіншілік береді.
Ұлттық есепшот жүйесіндегі макроэкономикалық көрсеткіштердің мәні мен экономикалық цикл мазмұны
Нарықтық экономика жағдайындағы ұлттық есеп шоттың мән – мағынасы қоғамдық шаруашылықты біртұтас түрінде жалпы экономикалық тепе-теңдігін қамтасыз етуде.Сонымен, ұлттық есеп шот:
Біріншіден - ұлттық есеп шот жүйесі;
Екіншіден – макроэкономикалық процесстерді мемлекеттік реттеудің ең маңызды құрамдарының бірі.
Ұлттық есеп шот жүйесі (ҰЕШЖ) бухгалтерлік принциптегі қос жазуға негізделген, қоғамдық өндіріске, мемлекет көлемінде қорлану процесіне және ұлттық байлық деңгейінде қатынасушылар арасындағы тауар мен табыстың біріккен қозғалысын көрсететін баланс кестелерінің жиынтығы.
Ұлттық есеп шот әдісінің іргетасын қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774ж.ж) болды. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті талдауды қоғамдық өнімнің натуралдық-заттай және құндық элементтерінің арасында баланстық пропорцияны орнықтыру тұрғысынан жүргізді. Бұл әрине ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Осыған қарамастан көп жыл бойы қолданылмай келді. Жиынтық экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтар арасындағы тәуелділіксіз есептелді.
Тек, ХХ ғ. 30 – жылдарындағы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін экономиканы басқаруда мемлекеттің араласуының қажеттілігін сезінді. Мемлекеттің экономиканы басқаруға араласуынсыз экономикалық дағдарыстан шыға алмайтындығына көздері жетті.Осыған байланысты макроэкономикалық талдау мен болжауды кешенді жүргізу бірінші орындағы мақсат болды. Оны шешу үшін макроэкономикалық талдауда ұлттық есеп шот жүйесін қолдану қажеттілігі туындады.
Ұлттық есеп шоттың теориялық негізін Джон Кейнстің, А.Боулидің, К.Кларктың, Дж.Стелманның еңбектері құрады.Олар ұлттық табысты есептеу мәселесімен шұғылданды.
ҰЕШЖ жетілдіруге халықаралық ұйымдар , әсіресе БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы жасап, оны 1953 жылдан бастап қолданылып келеді. Бұл алты есеп шоттан тұратын жүйе , елдің экономикалық дамуын бағалауға мүмкіндік береді. 1968 жылы ҰЕШЖ халықаралық стандартына жаңалықтар енгізіп жаңадан үш есепшот енгізілді, ол 1993 жылға дейін іс жүзінде қолданды.
1993 жылдан бастап ұлттық есеп шоттың халықаралық стандартының жүйесінің үшінші модификациясы қолданылды. Ол жеке елдердегі ұлттық есеп шоттың теориялық және іс жүзіндегі соңғы жетістіктерін ескере құрылды.Бұл жүйені жасағанда «экономикалық өндірістің . яғни ЖІӨ өндіріс сферасы мен үй шаруашылығының қызметінен басқа барлық тауарлар мен қызмет өндірісін қамтиды). Өндіріске қоршаған ортаны қорғаудағы іс-әрекеттерді кіргізген.
ҰЕШЖ пайдалану мемлекеттің макроэкономикалық саясатты тиімді жүргізуіне т, экономикалық болжауға ,ұлттық табысты халықаралық деңгейде салыстыруға қажет.
ҰЕШЖ атқаратын қызметтері:
Экономикалық саясат;
Экономикалық болжау;
Адамдардың әр түрлі топтарындағы өмір сүру деңгейін және оны басқа елдермен салыстырып баға беру;
экономикалық теория мен практиканы байланыстыру.
Қорыта айтқанда, ұлттық есеп шот өткен жағдайларды тереңірек біліп, тану құралы, сонымен қатар экономикалық саясат пен жоспарлау құралы ретінде пайдаланылады. Соның көмегімен экономикалық құрылымдарға , экономикалық тиімділікке және экономикалық теорияның жекелеген тұжырымдарына баға беруге мүмкіншілік береді.
Біз осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатындығын қарастырамыз.
ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Стастистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің үш айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады.
Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып үйренуіміз керек.
Табыстар, шығындар және олардың айналымын қарастырайық. Мысал ретінде мынадай экономиканы алайық:
Нақты және атаулы ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторы
Атаулы және нақты ЖҰӨ көлемінің негізінде біз 3-ші қажетті көрсеткішті есептей аламыз: яғни ол – ЖҰӨ дефляторы. ЖҰӨ дефляторы деп тте аталады. Ол төмендегідей анықталады:
ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ
Нақты ЖҰӨ
Сондықтан, ЖҰӨ дефляторы - атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ қатынасы болып табылады. Нақты және атаулы ЖҰӨ көлемі , ЖҰӨ дефляторы не екенін жақсы түсіну үшін, бір ғана тауар өндіретін нан экономикасына ораламыз. Кез келген жыл үшін атаулы ЖҰӨ нанға осы жылы жұмсалған жалпы ақша жиынтығы ретінде есептелуінеді. Ал нақты ЖҰӨ - осы жылы өндірілген нан құнына көбейткенге тең. ЖҰӨ - дефляторы дегеніміз – осы жылғы нан бағасының базисті жылдағы нан бағасының қатынасына тең. Сонымен бірге нақты өмірде экономикада әр түрлі тауарлар кең түрде өндіріледі, сондықтан нақты және атаулы ЖҰӨ-де өндіріс өнгімдерінің әр түрлі көптеген бағалары мен санының көрсеткіштері көрсетілген. Апельсин және алма өндіретін экономиканы қарастырайық. Сонда,
Р – тауар бағасы.
Q – тауар көлемі.
Индекс 82 – бұл базисті 1982 жыл. Мұндай жағдайда ЖҰӨ дефляторы мынаған тең:
ЖҰӨ дефляторы =
(Р алма х Q алма) + ( Р апельсин х Q апельсин)
(P 82 алма х Q алма) + (P82 апельсин х Q апельсин).
Алымында – атаулы ЖҰӨ, бөлімінде нақты ЖҰӨ көрсетілген, нақты ЖҰӨ көлемінде наықталған тауар жиынының құны ретінде қарастыруға болады, бұл жағдайда, осы топ өндірілген алма мен апельсин санынан тұрады. ЖҰӨ дефляторы көмегімен жиынның ағымдағы бағасы оның базисті жылдағы бағасымен теңеледі. ЖҰӨ дефляторы ЖҰӨ құрамын 2 бөлікке бөлуге мүмкіндік береді.
бірінші- өндірілген өнімнің санын сипаттайды,
екінші – бағасын сипаттайды.
Атаулы ЖҰӨ көлемі = нақты ЖҰӨ көлемі х ЖҰӨ дефляторы.
Атаулы ЖҰӨ өндірілген өнімге ақшалай баға береді. Нақты ЖҰӨ өндірілген өнім санын сипаттайды, яғни тұрақты бағамен өлшенген өндіріс көлемі (базисті жылдағы баға). ЖҰӨ дефляторы базисті жылға қарағанда есеп беру жылындағы өнімнің баға бірлігінің өзгеруін көрсетеді.
Нақты ЖІӨ номиналды ауытқуы – бұл тербеліс ЖІӨ дефляторы арқылы реттеледі.
ЖІӨ дефляторы = У-У*
У*
Мұндағы У – нақты өндіріс көлемі,
У* - потенциалды (әлеуетті) өндіріс көлемі.
Потенциалды ЖІӨ - бұл ресурстардың толық қамтылуы кезіндегі өндіріс көлемі.
ЖҰӨ, жалпы ішкі өнім және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |