«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент



бет63/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Бюджет-салық саясаты. Бұл жағдайда шағын ашық экономика үшін ынталандырушы бюджет-салық саясатының салдарлары қарастырылады (мысалы, мемлекеттік шығындарды арттыру немесе салықтарды төмендету). Мемлекеттік шығындардың өсуі жиынтық сұранысты арттырады, IS қисығы IS2 жағдайына оңға жылжиды (сурет 13.4а). Нәтижесінде табыс өседі және бір уақытта пайыз мөлшерлемесі де r1-ге артады. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты арттырады, ал пайыздың жоғары болуы ел ішіне шетел капиталының ағылуын ынталандырады, ол болса жалпы алғанда төлем балансының оң сальдосын қалыптастырады.

L M1 LM2

r IS2 LM1 e

I S1

r LM2

e 1

r *

I S2

I S1

0 Y1 Y2 Y 0 Y1 Y2 Y

a) ә)

Сурет 13.4 Тіркелген валюта бағамы кезіндегі бюджет-салық саясаты



Ел ішіне шетел капиталының ағылуы ұлттық валюта бағамының көтерілуіне алып келеді (сурет 13.4ә). Ұлттық валютаның тіркелген e1 деңгейінде ұстап тұру қажеттілігі ОБ-ті валюталық интервенциялар (шетел валютасын сатып алу және ұлттық валютаның сату) жүргізуге итермелейді, ол ақша массасының артуына алып келеді. Ақша массасының артуы LM қисығын оңға жылжытады және пайыз мөлшерлемесі төмендейді. Бұл үрдіс ішкі пайыз деңгейі әлемдік пайызға тең болғанша дейін жалғаса береді.

Сонымен, кіші ашық экономикада тіркелген валюта бағамы кезінде ынталандырушы бюджет-салық саясатының жүргізілуі нәтижесінде табыс деңгейі (Y) жабық экономикаға қарағанда үлкен дәрежеде өседі, өйткені табыс деңгейіне мемлекеттік шығындардың ықпалы ақша массасының қосымша ұлғаю әсерімен толықтырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет