Макроэлементтер – макроэлементы



бет3/27
Дата08.02.2022
өлшемі135 Kb.
#122333
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
808-18-12 агрохимия роза

Калий — өсімдіктердің қалыпты өсіп-өуіне ең қажетті элементтерге ккалий де қосылады. Оның өсімдік ұлпаларындағы мөлшері құрғақ затына есептегенде 0,5-1,2% шамасында болады. Өсімдіктің жас, өсіп тұрған бөліктерінде көбірек кездеседі, өте жылжымалы. Калийдің топырақтағы қоры фосфорға қарағанда 8-40есе, азоттан 5-50 есе артық. Соның ішіндегі өсімдік үшін ең қолайлысы калийдің ерігіш тұздары болып есептеледі. Жасанды калийлі тыңайтқыштар суда жақсы ериді. Олар топырақпен қосылғанда калий топырақ коллоидтарымен алмасу реакцияларына қатысады. Өсімдікте калийдің өте жоғары зат алмасушылық деңгейі негізінен меристема, камбий, жас жапырақтарда, өркендерде, бүршіктерде шоғырланатындығы белгілі болды. Клеткадағы калий негізінен бос ион күйінде кездесіп, органикалық қосындылардың құрамына енбейді. Клеткадағы калидің 80% -тейі вакуольде болады. Яғни, клетка сөліндегі катиондардың негізгі бөлігін құрайді. Бұл катионның мардымсыз мөлшері митохондрия және хлоропласт белоктары мен тығыз байланысқан күйде болады. Калийдің әсерінен картоп түйнегінің крахмалдылығы, қант қызылшасының қанттылығы, жемістер мен көкөністерде моносахаридтердің, клетка қабығында целлюлозаның және пектинді қосындылардың мөлшері артады. Нәтижесінде астық дақылдардың жапырылуға төтептілігі, зығыр мен сора талшығының сапасы жақсарады. Калиймен жақсы қамтамасызданған өсімдіктер саңырауқұлақтық және бактериялық ауруларға төзімді келеді. Клеткада калий азайғанда натрий, магний, кальций, бос аммиак, сутегі иондарының, минералдық фосфордың мөлшері көбейетіндігі байқалды. Калий тапшы жағдайда өскен өсімдіктердің жапырақтары төменнен жоғары қарай сарғая бастайды. Кейінірек олардың жиектері және ұштары қоңырланып, қурап үгітіліп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет