Бәтима Хасенқызы Шимашева 1936 жылдан Бірлік-Үстем колхозында еңбек жолын бастады. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол іскерлігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен танылды. Таңның атысы, күннің батысы демей еңбек етті. Соғыстың әкелген қасіретін қайыспай көтеоре білді. Қайда жұмсаса сонда еңбек етті. Күндіз колхоздың өмірі бітпейтін жұмысын істесе, түнде солдаттарға қолғап тігіп, киім-кешек жинады. Майды, еттің салығын тапсырып, зайем берді. Шыны керек қой «бер» деп сұрамады, алды.