Өндірістік санитария –бұл жұмыскерлерді олардың денсаулығын қорғау жайлы еңбек жағдайын жасау мақсатында зиянды өндірістік факторларды зерттейтін, техникалық және шаралар жүйесі.
Еңбек гигиенасы- бұл адам ағзасына зиянды ортаның әсер етуін зерттейтін ғылым. Еңбек жағдайын гигиеналық нормотивтерді және профилактикалық шараларды құруға бағытталған жүйесі.
Өндірісте көп орынды алатын, негізгі зиянды факторлар келесілер: жоғары шаңдылық және жұмыс аймағындағының жоғары газдылығы; жұмыс аймағының немесе қондырғы бетінің төменгі немее жоғарғы температурасы; жұмыс аймағындағы жоғары немесе төменгі ауа қозғалысы мен ауа ылғалдылығы; шу деңгейінің жоғарлығы, діріл деңгейінің жоғарлығы; әртүрлі электромагниттік сәулеленудің деңгейінің жоғарлығы, табиғи жарықтың аздығы немесе жоқтығы; жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуын және басқа да факторлар.
7-дәрістің тақырыбы: Зертханаларда, ұстаханаларда және цехтарда окушылардың еңбегін қорғау. Жұмыс орындарын табиғи және жасанды жарықтандыру.
Дәрістің жоспары:
1.Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.
2. Жұмыс орындарын жарықтандыру түрлері.
Мектептеғі «Технология» сабағында оқушылар түрлі кескіш аспаптармен жұмыс істейді. Оларды дұрыс қолданбаған жағдайда кесіп кету немесе жарақат алу қаупі тұрады. Жарақат алу тек материалды кесу кезінде ғана емес, басқа еңбек әрекеттерін орындауда да ұшырасады.
Қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуы келеңсіз жағдайлардың болуына жол бермейді. Сондықтан аспаптарды, құрал-жабдықтарды қолдану ережелерін білу оқушыға да оқытушыға да міндет болып табылады. Бірінші сабақтан бастап-ақ оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қатаң сақталуын талап ету керек. Техника қауіпсіздік ережелерін кез-келген жұмысқа қатысты – жалпы және жеке жұмысқа қатысты – жеке деп екіге бӛлуге болады.
Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.
1.Жұмысты тек оқытушы рұқсатымен баста. Мұғалім сенімен сөйлесіп жатса, жұмысты тоқтат. Жұмыс кезінде басқа нәрсеге алаңдама.
2.Қолдану ережесін меңгермеген аспаптарды пайдаланба.
3.Аспапты міндеттері бойынша қолдан.
4.Бұзылған, ақауы бар аспаптармен жұмыс істеме.
5.Жұмыс кезінде аспапты оқытушы қалай көрсетсе солай ұста.
6.Аспапты және құралдарды белгіленген жерінде сақта.
7. Жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақта.
8.Аспаптар мен құралдарды мұғалімнің көрсеткен тәртібі бойынша ретте.
9.Жұмыс уақытында сөйлеспе.
10.Жұмысты жан-жаққа алаңдамай ықыласпен орында.
Қайшымен жұмыс істеу ережелері.
1.Қайшының сабынан ұста және оны көрсетілген жерде сақта.
2. Жұмыс кезінде қайшының кесу бағытына назар аудар.
3. Бұзылған қайшыны қолданба.
4. Қайшының ұшын жоғарыға қаратып ұстама.
5. Қайшының жүзін ашық күйінде қалдырма.
6. Қайшымен немқұрайлықпен кеспе.
7. Жұмыс кезінде жолдасыңа кедергі жасама.
8. Қайшыны жүзін жабық күйінде, сабын жолдасыңа қаратып бер.
9. Жұмыс кезінде материалды сол қолыңмен ұста.
Достарыңызбен бөлісу: |