Учащиеся готовят научные работы, успешно защищают их на конкурсах научных проектов и конференциях.
Финансово-хозяйственная деятельность ГУ «Экономический лицей» в 2010-2013 годах осуществлялась по следующим направлениям:
В июле 2013 года был осуществлен комплексный контроль финансово-хозяйственной деятельности экономического лицея за 2011-2013 годы областной ревизионной комиссией. Нарушений нет.
Лицей использует оборудованную столовую СШ№24 имеется на 150 посадочных мест. Во время учебного процесса организовано горячее питание. Работает буфет. Горячим питанием охвачены учащиеся 21 класса. Всего питается 80% учащихся. Детей из социально-незащищенных семей нет. 2 учащихся питается бесплатно за счет спонсорской помощи (зав. столовой).
Школа расположена в 2- этажном здании. Имеется пожарная сигнализация, огнетушители. Соблюдаются все правила противопожарной безопасности, имеются ответственные за противопожарную безопасность. В течение учебного года один раз в год проводятся тренировочные эвакуации учащихся и работников школы с привлечением работников МЧС. Ежегодно педагогический состав проходит противопожарную подготовку в центре ГО и ЧС.
При проверке пожарной безопасности нарушений не выявлено.
В целом финансово-хозяйственная деятельность школы была направлена на улучшение условий по организации учебного процесса, поддержания школьного здания и помещений в надлежащем состоянии.
Основной диагноз поступающих в лицей – миопия (19-21 % от поступающих).
Военкоматқа 37 оқушы мед комиссиядан өтті. 224 оқушы - ОАК, ОАМ, флюрография
60 қызметкер мед комиссиядан толық бақылаудан әр айда өтілуде.
өтті.
2 учащихся (за счет спонсора заведующей столовой).
По условиям обучения и их соответствие санитарным нормам проверки СЭС замечаний и нарушений не выявили.
Школа к началу учебного года сдается без замечаний.
Расписание уроков ежегодно утверждается в СЭС.
12. «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде оқыту процессінің тәрбиелік құрамдасын күшейтуде «Мамандандырылған экономикалық лицей» мемлекеттік мекемесі оқушы жастарының бойына патриотиттық сана, патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынас, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру іске асырды.
Отанды:
Қазақстанның мәдениетін, тарихын, фольклорын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу;
мемлекеттік рәміздерді білуді насихаттау;
адамзаттық сезім құндылықтары, тәуелсіз еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына және саяси өміріне белсенеділік танытатын, құзыретті, интеллектуалды және рухани дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал етіліп, елдің жетістіктері үшін жуапкершілік пен мақтаныш сезімі дамытылды.
Лицейде қазақ және әлемдік мәдениет мұралары арқылы оқушының мәдени деңгейін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәлім-тәрбиесін, көрегенділік пен тектілік қазыналары негізінде ұлттық менталитетті, салауатты өмір салтын ұстануды, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру, кәсіби талғампаздықты қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесі құрылып, «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, 2013-2014 оқу жылында төмендегі бағыттар бойынша нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарылды.
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
Патриоттық сана құндылықтарын, саналы оң қарым-қатынасты қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру, Отанды: Қазақстанның мәдениетін, тарихын, фольклорын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді білуді насихаттау, елдің жетістіктері үшін жуапкершілік пен мақтаныш сезімін дамыту, азаматтық белсенділікті, білімділікті қалыптастыру, демократиялы қоғамда жалпы құқық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ете отырып, өмір сүруге үйрету бағытындағы жұмыстар атқарылды.
Оқу жылының білім күні ұйымдастырылған «Ақтау қаласының 50 жылдық мерекесі қарсаңында «Қазақстан–2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты салтанатты жиында тұтастық қасиеттерді жас ұрпақ санасында, жүрегінде сіңіріп, Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін Мемлекеттік рәміздер арқылы қалыптыстыру, білім жетістіктерін насихаттау негізінде білім күні атап өтілді.
Қыркүйек айында Тілдер апталығына арналған он күндіктің іс – шара жоспары жасақталып, ашық сабақтар, көркем сөз оқу сайысы, шығармалар сайыстары өткізілді. Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған "Полиглот" сайысында 10 сынып оқушысы Наурызбекова Айгерім қалалықтан І орынға ие болса, облыстан ІІ орын жеңімпазы атанды, ал «Елім менің - ұлыстар мекені» атты сайыста 9 в сынып оқушысы Тишкова Яна қалалықтан ІІ орын, облыстықтан «Бас жүлдені» жеңіп алды.
Абылай ханның 300 жылдық мерей тойын атап өту мақсатында 14 қазан-14 қараша күндері айлық іс-шара өткізілді. Айлық барысында гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен «Абылай хан - Тарихи тұлға» деген тақырыпта Абылай ханның 300 жылдық мерейтойын атап өту іс-шара жоспары жасақталып, бекітілді. 7-11 сынып арасында «Абылай- қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат» атты тәрбие сағаттары, «Абылай хан және тәуелсіздік мұрасы» деген тақырыпта 10 сыныптарға эссе жазылды, қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің мұғалімдері С.Б. Қоразова және В.Н. Мельникова 7-8 сыныптарға халық Абылай ханның тарихымызға қосқан үлесін есте сақтау көркем шығармалардан үзінді оқу көркем сөз байқауын ұйымдастырды,9 сынып «Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры» көрініс көрсетті, тарих пәні мұғалімдері М.А.Рудакова және С.Ж. Нұрғожинаның басшылығымен 7г және 8 б сыныптары «Хан-Абылай» тақырыбында ашық сабақтар жүргізілді, 10 б сыныбы «Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер» атты Сабит қожа Салқынұлымен кездесу-конференция өткізді.
1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара 20 - 30 қараша күндеріне жоспарланып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін оқып үйрену мақсатында «Болашаққа ұмтылған ел» деген атпен кітапханада көрме жасақталды.
7 -11 сыныптар арасында «Ертеңгі күнге сенімді қадам» деген атпен шығармалар сайысы өткізілді. Үздік жазылған шығармаларға орындар беріліп, марапатталды: 11 А сынып оқушысы Бақытжан Л І орын, 10 б сынып оқушысы Кайбалдиев А. ІІ орын, 8 б сынып оқушысы Кубышева Ж. ІІІ орын иеленді.
«Президент жолы – ұрпаққа өнеге» тақырыбында 7 -11 сынып арасында сынып сағаттары, 10 -11 сынып арасында «Егемен елдің ұланымын» деген атпен дөңгелек үстел өткізілді.
Құлболдына Диана 8 сынып оқушысы, қалалық пәндік олимпиадасы 2-орын, «Жарқын болашақ» сайысы 3-орын, «Абай оқулары» сайысы, «Жас ақындар» мүшайрасы 1-орын, облыс 3-орын, өлеңдер жинағы «Балауса жырлар» тақырыбында кітапша болып шықты, Мұңалбаева Айдана10 сынып оқушысы, 4-орын, Кубышева Жанна қалалық «Жарқын болашақ» сайысы 4-орын, Сағынбай Томирис, 8-сынып, «Абай оқулары» сайысы, «Жазушылар» бөлімінде 3-орын, Әмірханов Шыңғысхан 8-сынып, республикалық «Ақберген» облыстық оқушылар байқауы «Шешендік өнер» бағыты бойынша 1-орын, Абдураимова Алинур 9 сынып «Жарқын болашақ-VI» қазақ тілі олимпиадасы «Жазушылар» бағыты бойынша 4-орын, Жауылбаева Анел қалалық «Қазақшаңыз қалай?» сайысы шығарма жазу бағыты 2-орын иеленді.
«Менің Президентім» деген ұранмен дене тәрбиесінің және АӘД мұғалімдерінің ұйымдастыруымен футбол, шахмат және «Мергендер» сайысы жоғары деңгейде жүргізілді.
7-10 сыныптар арасында «Ұлт көшбасшысы» тақырыбында «Не? Қашан? Қайда?» білімпаздар сайысы өткізілді, сайыс қорытындысы бойынша 8 г сыныбы алға шықты.
7–8 сынып оқушыларына Ел басымыз туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты кинофильм 427 оқушымен 112 ата-анаға көрсетілді.
Оқушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, балалық шағы жайлы қызықты әңгімелер айтылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындары шет елдермен тәжірибе алмасып отырғандығы, Елбасының қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, осы 20-жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, басқа шет мемлекеттердің арасында танымал бола бастауы еңбекқорлығының арқасы екендігі түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» Жарлығы басшылыққа алынып, берілген сұлбалық бейнелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Мемлекеттік гимні талапқа сай қолданылып, насихаттау туралы арнайы қысқа көрсетілімді фильм оқушылар назарына патриоттық сабақ 21 интерактивті тақта көмегімен ұсынылды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік даму жолдары», 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні арналған іс-шара 26 қараша-1 желтоқсан күндеріне жоспарланып, лицейдің 468 оқушысы мен 39 мұғалімінің назарына ұсынылып өткізді.
Ұйымдастырылған барлық тәрбие іс-шарасында ҚР мемлекеттік гимні орындалып, ҚР мемлекеттік туын үздік оқушылардың салтанаты алып жүру дағдасы қалыптастырылды.
Лицей кітапханасында 26 қараша-1 желтоқсан күндері «Тұңғыш Президент» атты көрме ұйымдастырылып, «Әлемге әйгілі саяси тұлға», «Өткенді мақтаныш етеміз, болашақты қолдаймыз» айдарларымен 10«А»,«Б»,7«В»,«Г» сыныптарына тәлімдік сағаттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Мемлекеттік гимні талапқа сай қолданылып, насихаттау туралы арнайы қысқа көрсетілімді фильм оқушылар назарына ұсынылды. кітапхана меңгеруші Н.П.Науменко ұйымдастырды.
Сәір-мамыр айларында «Патриот -2014» айлық іс-шаралары жоспарланып өткізілді.
Жыл бойына «Азаматтық қоғам», «Құқықтық-зайырлы мелмлекеттің азаматы» тақырыптарнды құқықтық білім, сөз және бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы, үкiметтiк емес ұйымдар және олардың Қазақстанның саяси жаңаруы туралы оқушыларға тәлімдік сағаттар. 9-11 сыныптың 73 оқушысын қамтып, тарих, пәні мұғалімі Байнекеева Т.И.,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Б. Қоразова ұйымдастырып отырды.
Дәстүрлі соңғы қоңырау салтагатты жиынында «Қазақстан–2050» стратегиясы: бір мақсат - бір мүдде - бір болашақ» «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жас ұрпақ санасында, жүрегінде сіңіріп, Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдері Мемлекеттік рәміздер арқылы қалыптыстырылып, білім жетістіктері насихатталды.
«Жас ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатары 7-9 сыныптың 262 оқушыға толықтырылды. Ұлан басы Бектұрған Камшат 10«Б» сынып оқушысы. Ұйым мүшелері іс-шара жоспарына сәйкес түрлі сайыстар мен байқауларға қатысып, жеңімпаздар санын көбейтті, білімдік, өнерпаздық, зерттеушілік, дарындылық, интеллектуальдық қабілет қалыптастырды.
Рухани – адамгершілік тәрбиесі
Рухани адамгершілік құндылықтарын дамыту, жеке тұлғаның өзіндік санасын, әдеп ұстанымын қалыптастыруда имандылық сабақтары арқылы ізгілік қасиеттерге баулитын жұмыстар жүргізілді. Еліміздің қоғамдық саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер балалардың рухани мүмкіндігін дамытуға көп әсерін тигізді. Осы орайда, әлемдегі және республика көлеміндегі діни экстремизмді дұрыс түсіндіру үшін оқушылардың арасында лекциялар өткізіліп, әңгімелер жүргізілді. Адамның және азаматтық құқықтарын мен бостандықтарын Конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, ҚР-ның тәуелсіздігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында экстремизмге қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін шаралары Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасына басты назарға алынып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тапты.
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге, достыққа, төзімділік пен өзара түсінушілікке, ғылыми және мәдени жетістіктерді әртүрлі халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауға, тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ететін мәдени ерекшеліктерге деген оң қарым-қатынас сондай-ақ әлем мәдениетінің негіздеріне бейімдеу және басқа халық өкілдеріне құрметпен қарауға, оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны бейбітшілік рухында, басқа халықтармен өзара түсінушілікке тәрбиелеу, әлем мәдениетін сақтау мәселелері жыл бойы өткізілген шаралардың өзегі болды.
Қазан айында мұсылман қауымының қасиетті мерекесі - Құрбан айт мерекесі туралы тәрбие сағаттары жүргізілді. Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндірілді, оқушыларды әдепті, сабырлы, ұқыпты, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға шақырды.
Қазан айында «Жайна Қазақстан» тақырыбында шығармалар жазылып, 11 в сыныбының оқушылары Егизтаева І. Мен Бүркітбаева Д. Жазған еңбектері үздік деп танылды. жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында «Жұлдызды старт» спорттық байқауы өткізілді.
Оқушылар бойында ризашылық, ізгілік пен сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық қасиет қалыптастыру, жағдайы төмен жандарға көмек беру мақсатында Араб елінен оралған оралмандарға лицей әкімшілігі мен оқушылары қайырымдылық шара ретінде киетін жылы киімдер, жұмсақ ойыншықтар, күнделікті қолданатын тұрмыстық бұйымдардан сыйлықтар жасап, көмек көрсетті.Барлық сынып оқушылары шараға қызығушылықпен қатысты.
Оқушылар арасында жат діни ағымдарға бой алдырмау мақсатында сауалнама жүргізіліп, дін және діни ағымдары туралы толық түсініктемелік жұмыстар өткізілді.
Мектеп әкімшілігіне және сынып жетекшілеріне жасөспірімдерді жат діни ағымдарға бой алдырмауын қадағалау тапсырылды.
Әртүрлі діни ағымдар және оларға көзқарас, «Дүниежүзі діни конфессиясы өкілдері съезі» туралы саяси хабарламалар, «Қазақстан балалары террорға қарсы» сурет, бетшелер, шығармалар сайысы, «Қазақстан Республикасында және әлемдегі діни ағымдар туралы әңгімелер, «Қазіргі қоғамдағы бейбітшілікті сақтаудағы діннің ролі» лекция 10,11- сынып, «Вахабизм туралы не білеміз?» пікірталас, 9-11- сыныптар Қалалық ішкі саясат және әділет департаментінің діни істер бөлімі мамандарымен кездесулер, діни экстремизм, олармен күрестегі мемлекеттік саясат туралы лекция, әңгімелер, «Әртүрлі діни ағымдарға қарсы шараларда отбасының ролі» ата- аналар жиналысы өткізілді.
Оқу жылында оқушыны танып білу мақсатында психологиялық тұрғыдан, достары тұрғысынан, әулеметтік тұрғыдан, жанұя тұрғысынан, денсаулық тұрғысынан мағлұмат парақтарын толтырды.
«Адамдар тобының бүкіл қоғамға кері әсері» тақырыбында 8-9 сынып оқушылар арасында конференция өткізілді. Оған барлық пән мұғалімдері, ата-аналар, 452 оқушы қатыстырылды. Онда әрбір адамның адамға, қоғамға тигізетін зияны туралы мағлұматтар бере отырып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Қараша айында «Жақсы мінезділіктің адамға және қоғамға пайдалары туралы» лицей психологы К.Онайбаеваның ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында сұхбат өткізілді. Онда оқушыларға жақсы мінез арқылы (сәлем беру, қолғабыс ету т.б.) қарым-қатынас жасау туралы әңгімелей отырып, күнделікті өмірден мысалдар келтіріліп, оқушылармен сұхбаттасып, өскелең ұрпақ өз пікірлерін ортаға салды.
Фариза Оңғарысынованы еске алу, шығармашылық жолы туралы тәрбие сағаттары 8,9,10,11 сыныптарда ерекше сезіммен өткізілді.
Оқушылардың бойында ұлттық рухты, туған жерге деген сүйіспеншілікті сезімдерін ояту іс-шаралары барысында өлкеміздегі мемлекеттік қорғалған тарихи ескерткішіміздің тарихына жасалған рухани-ағарту саяхаттарында туристік дағды қалыптастырылды.
Әдептілік қағидалары бойынша – намыс, ар-ұят әдебі, жалпы әдептілік бойынша қарым-қатынас жасау туралы түрлі тақырыптарда тәлім-тәрбие сағаттары өткізілді. Мәселен: «Әдепті бала – арлы бала», «Әдепті бала болу ата-ананың мақтанышы» және т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. 7-9 сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарып, сахналық қойылымдар көрсетті.
«Ару қала Ақтауға 50 жыл» жас ақындар мүшайрасы І орын, Құбышова Жанна көркем сөз ІІ орын, «Абай оқуларында» Құлболдина Дана ақын ІІ орын, шығармалар байқауы Нұртаза Аяжан І орын, Аудармашы байқауында Бердихани Меруерт ІІ орын иеленді.
Мектеп кітапханашысы Н.П.Науменко ақын анамыз Фариза Оңғарысынованыңшығармашылығынан «Руханият» кітапхана көрмесін ұйымдастырды.
31 мамыр Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу тәрбие сағаттары өз деңгейінде ұйымдастырылды.
1 мамыр халықаралық балалрды қорғау күні атап өтілді.
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесінде ұлттық және моралдық құндылықтардың жандандырылуы, қоғамның жалпы сұранысы бойынша шаңырақтың киесін ұғындыру, ұл бала мен қыз бала тәрбиесіне аса назар аударылды. Экономикалық лицейде ата-аналармен біріккен жиналыстар күн тәртібінде, «TRUST & CARE» қоғамдық қоры мектеппен тығыз байланыста жұмыстар атқарып келеді. «Отбасындағы әкенің ролі» атты 7 в сыныбында сайыс өткізіліп, І,ІІ,І, IV орындар бойынша марапатқа ие болды.
Отбасы тәрбиесінде ұлттық және моралдық құндылықтардың жандандырылуы, қоғамның жалпы сұранысы бойынша шаңырақтың киесін ұғындыру, ұл бала мен қыз бала тәрбиесіне аса назар аудылды. Экономикалық лицейде ата-аналармен біріккен түрде жиналыс ұйымдастырылып, қоғамдық ата-аналар кеңесінің құрамы құрылды.
Отбасы мен лицей арасындағы байланыс өз деңгейінде болып, білім, тәрбие саласында сапалы, нәтижелі жұмыстар
атқарылып, оқушылардың әлеуметтік жағдайы зерттелді. Мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен оқушы жоқ.
Республикалық «Отбасы» бұқаралық басылымында, қалалық «Отбасындағы қатынастардағы әкенің ролі» атты өзіндік дәстүр қалыптастырған жанұялар Кенжебеков, Құбышов, Төрешовтың отбасыларының өнегелері дәріптелді.
24 қазан күні Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық театрдың «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» қойылымын 215 оқушы тамашалап қайтты.
Лицей қабырғасындағы оқу-тәрбие процесі мұғалімдерімен оқушылар және олардың ата-аналары арасындағы түсінушілік, сыйластық, сенімге негізделген. Бұл әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарай білуге, оның бойындағы ерекшеліктерге назар аудара білуге жетелейді. Бұл жолда лицей әкімшілігі, мектеп психологтарының да жетістігі мол.
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту,
әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
Қоршаған ортаны түсіну, оған өзінің қатыстылығын саналы сезіну, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмектесу, дербес өсу және өзін-өзі жетілдіру қабілетін ашу, өмір рахатын түсінуге ықпал етуге аса назар аударылды. Экономикавлық лицейде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы жолға қойылған қабілеті мен қызығушылығына қарай барлық оқушылар қоғамдық жұмыстарға тартылған, сынып менеджерінің белсенділігі арттырылып, ролі көтерілген. Ұйым президенті Мадреймова Мадина 10«В» сынып оқушысы.
Өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларының электронды-ақпараттық газеті жыл бойына тұрақты ақпарат таратып тұрды.
Оқушылар баспасының электронды мекен жайы http//yk.com/public46220461 газетке жауапты 10 «В» сынып оқушысы Мадреймова Мадина.
Жыл бойына «Келбет» қыздар клубы , жасөспірімдер инспекторымен бірлікте жиналыстар өткізіліп отырылды. Жасөспірімдердің арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі, кешкі мезгілде далаға шығуы, оқушылардың қоғамдық ортада өзін - өзі ұстауы, мектеп формасының сақталуы туралы жасөспірімдер жөніндегі инспекторымен бірлескен әңгіме өткізілді. Сынып жетекшілері Осербаева Қ., З.Тағашева, Н, Абдуллаева, В.Н. Мельникова, М.А. РудаковаТ.М. Джиоеваның ұйымдастыруыменен 7-8 сынып оқушыларына арнап «Адам өміріне қажетті пайдалы ақпараттарды қайдан қалуға болады?», «Жақсыден үйрен, жаманнан жирен» дөңгелек үстел, «Менің ішкі жан дүниеме не қажет?», «Арман керек адамға», «Достықтың екі қанаты», «Мен және менің жақыным» атты тәрбие сағаттарына мектептің 335 оқушысын қамтып өткізілді.
Қазан айында тәрбие жұмысы орынбасарының қатысуымен 7-8 сынып оқушыларына «Қарым – қатынас мәдениеті» атты шара және желтоқсан айында «Сұлулардың сиқырлы әлеміне саяхат» атты қыздар сырласу кеші өткізілді.
Ақпан айында «Қызым -қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым» сынып сағаты өткізілді.
Тәрбие процесінде экономикалық лицейде негізделген халықтық тәрбие басшылыққа алынады. «Тәрбие басы – тал бесік», «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Әртүрлі ұлттық ойындар, олардың шығу тарихы туралы әңгімелер өткізіліп отырды. «Атадан қалған асыл сөз», «Мүшелде үлкен сыр бар», «Шаңырақ», «Даналар елі», «Үш бәйтерек» т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өткізілд.
Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
Әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасауда шығармашылық пен дербестікті дамыту жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта лицей қабырғасына жаңа қабылданған 7-сынып оқушыларына арналған мерекелік-спорттық жиын ұйымдастырылып, оған жас таланттар тартылды.
«Қамқорлық», «Ақ ниет», «Ізгі жүрек» акциялары аясында қарттар үйіне, облыстық сәбилер үйіне қайырымдылық көмек көрсетіліп концерт ұйымдастырылды.
Мұғалімдер күні «Ұстазым» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылып мұғалімдердің қоғамдағы маңызы кеңінен насихатталды.
9-11 сыныптар арасында «Әлем халықының өміршең дәстүрлері мен мәдениеті» тақырыбында алтын күз кеші өте жоғары деңгейде өткізілді. Мерекелер, сайыстар кезінде лицей оқушылары өздерінің тапқырлықтарын, таланттарын шыңдай түсті. Жаңа жыл қарсаңында 8-9 сыныптар арасында «Жаңа жылды басқалар қалай қарсы алады» ойыны өткізілді. Әрбір сыныпта жаңа жылдық мереке өзіндік ерекшелігімен көрінді. Оқушы жастардың әлеуметтік-мәнді қасиеттерін қалыптастыруда «Арман» жастар орталығымен тығыз байланыстағы жұмыстардың мәні артты.
8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне орай сынып сағаттары, кездесулер өтті. 7,8,9 – сыныптарда «Наурыз келді, құт келді» тақырыбында «Адай-ата-Отпан тау» этно-мәдени орталығынаұйымдастырылған танымдық саяхаттары өте тартымды, оқушылардың ұлттық өзіне тән ерекшелігімен әлеуметтік қарым-қатынаста өтті.
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Қоршаған ортаны түсіну, оған өзінің қатыстылығын саналы сезіну, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмектесу, әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасауда шығармашылық пен дербестікті дамыту, дербес өсу және өзін-өзі жетілдіру қабілетін ашу, өмір рахатын түсінуге ықпал етуге аса назар аударылып келеді. Өзін-өзі басқару ұйымының әрбір мүщесі қоғамдық жұмыстарға тартылып, жыл бойына атқарылатын жұмыстарға жауапты тұлғалар тартылды. Лицей оқушылары, мұғалімдері, түлектері, ата-аналары арасында достық байланыс электронды газет бетшесі жұртшылық назарына 10 «В» сынып оқушысы Мадреемова Мадинаның ұйымдастыруыменен ұсынылып отыр.
Лицей психологі Онайбаева К. ата – аналар жиналысында «Өзіне – өзі қол жұмсау – күрделі проблема» деген тақырыпта суицидтің алдын алу жолдарын қарастырды.
Оқушылар арасында қарым-қатынас құндылықтарын дамытуға, тәртіпті сақтау жұмыстары мектеп инспекторының көмегімен атқарылды. Өзара қарым-қатынас этикасы «Менің қоғамдығы орыным» пікір алмасу сабағы 9-10 сыныпта сынып жетекшілері Туреева Г., Озолина А.Н., Ермуханова Р. ұйымдастырылуыменен өткізілді.
«Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмасу» оқиғасының алдына алу мақсатында КТІЖБ инспекторлары өткізілген кездесу-жиналыстарға 7-11 сынып оқушыларының ата-аналары және мектеп мұғалімдеріне арнап жасөспірімдердің өзі-өзіне қол жұмасуын болдырмау, оның алдын-алу мақсатында түсіндіру, пікір алмасу жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға 71 ата-ана, 27 мұғалім қатыстырылды.
Сонымен қатар жекелеген мінезі тұйық және ерекше көтеріңкі мінез-құлық танытқан 7-11 сынып оқушылар сырттай зерттелініп, олардың ата-аналарымен жеке сөйлесілді.
Сынып оқушыларының "Ойлау" қызметін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, оқушылар икеміне қарай қоғамдық жұмысқа тартылды.
Лицейішілік және КТЖІІБ-ның есебінде тұраған оқушы жоқ.
Жасөспірімдердің бойында патриотттық сезім ояту, әскери тәртіпті қалыптастыру мақсатында қала маңында орналасқан әскери қалашық таныстырылды. Ұйымдастырылған саяхатқа 9-11 сыныптың 94 оқушысы мен 17 ата-анасы қатыстырылды.
Ақпан айында 7-11сынып оқушыларына «Жастар және букмекерлік клубтар», «Сыбайластық жемқорлықтың тамырына балта шабылсын», «Жасөспірімдер неге қылмысқа барады?», «Жаны саудың-тәні сау», «Пайдалы ақапараттардың маңызы», «Ақпараттық байланыс құралдарының пайдасы мен зияны», «Жоғарғы сынып оқушыларына қойылатын қоғамдық тәртіп» атты тәрбие сағаттары сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
«Жауапкершіліктің түрлері» ҚР оқушылармен жасөспірім құқық білім беру Концепциясын (1995 ж. маусым) басшылыққа ала отырып барлық оқушының темпераменті психолог К.Е. Онайбаеваның көмегімен анықталып, оқушылардың сыныпқа топтастырылуы, олардың өзара қарым-қатынасы толықтай зерттелді. Сыныптастары арасында өзін ерекше ұстайтын оқушылар, мінезі тұйық оқушылармен жеке сырласу сәттері ұйымдастырылды. Оқушылардың әлеуметті жанұя жағдайлары, әрбір оқушының мінез-құлқы, отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы толық зерттеліп. Мектептің барлық оқушысының жеке папкасы жасақталу үстінде.
Сәуір айында «Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмасу» оқиғасының алдын алу мақсатында 5-7 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысына 92 ата-ана 7 сынып жетекшісі қатысты.
Сынып жетекшілері Ж.Б. Бекен, Л.А. Меркулова, Башимова Г.К., Доскалиева Ж.Т., Нургожина С.Ж., К.С. Джайлаубаеваның ұйымдастыруыменен 7-10 сынып оқушыларына арнап «Адам өміріне қажетті пайдалы ақпараттарды пайдалана білесің бе?», «Менің ішкі жан дүниеме не қажет?» атты тәрбие сағаттарына мектептің 153 оқушысын қамтып өткізілді.
1 наурыз «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні» іс-шара жоспарына сәйкес мектептің 470 оқушысымен төтенше жағдайлардан сақтану шаралары жыл бойына 4 рет жаттығулар жасап, тәлімдік сағаттар өткізді.
Іс-шара барысында 1997 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының жарғысына кіру туралы» Заңы, Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінің 2012 жылғы көтерген Апаттық медицина» мәселесі, адамдардың апттан кейін алатын түрлі тұрмыстық қауіптерден сақтану мәселесі тәжірибелік жаттығулар арқылы дағды қалыптастырылды. «Алғашқы медициналық көмек» топтары 7-8 сыныптан 14 оқушы, 9-11 сыныптан 14 оқушы, барлығы 40 оқушы мектеп медбикесі А.Л. Бижанова және сынып жетекшілердің көмегімен дағды қалыптастырды.
Төтенше жағдайлардан сақтанудың алдын алу шаралары 1-4 сыныптың 152 оқушысына және 5-7 сыныптың 132 оқушысына кеңінен түсіндірілді.
Жергілікті жердің жағдайына байланысты табиғи апаттардан «жер сілкінісі одан туындайтын су тасқынымен өткір желден), туындайтын түрлі техногендік апаттардан сақтану жаттығулары 7-9,10-11 сынып оқушыларының деңгейлеріне қарай жаттығу, дағды қалыптастыру шараларына 467 оқушы, 52 ата-ана, 45 мұғалімдер қатыстырылды.
«Қауіпсіз жол» акцияларында жолда жүру ережесін сақтау мәселесі назарда болып, 7-8 сыныптың 18 оқушысынан құрылған «Жолда жүру ережесінің жас жасағы» тұрақты тобы жыл бойына үгіт-насихат жұмыстарын атқарды. «Қауіпсіздік қыран» тобы қалалық «Жас жол қозғалыс жасағы» слетінде жүлделі ІІІ орын иеленді.
Маңғыстау облыстық жастар саясаты жоспарына сәйкес ұйымдастырылған мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдау жәрмеңкесіне 9-11 сыныптан 356 оқушы, 12 мұғалім қатыстырылды. Жәрмеңке барысында Маңғыстау өңірінде орналасқан барлық жоғарғы оқу және арнаулы орта мамандық беретін оқу орындары бағдарламасымен кеңінен танысты.
Жыл бойы түрлі еліміздегі және алыс-жақын шет елдердегі жоғарығы оқу орындарының мамандық таңдау үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Мектепбіміздің 9-11 сыныбының оқушысы қоғамдық тәртіп сақшылары, қарулы күштер қызметкерлерін дайындау бағытындағы жоғарғы оқу орындары туралы кәсіптік бағдар алды.
Экологиялық тәрбие
Лицей оқушыларына адам мен табиғаттың өзара байланысы, табиғат байлықтарын қорғау және сақтау, экологиялық білімді жетілдіру, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етуге көзарас қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Халықаралық ядролық сынаққа қарсы «Полигонның үні мәңгі өшсін» тақырыбындағы іс-шара жоспары аясында қыркүйек-қазан айындағы тәрбиелік шарада Атом электр реакторының құрлысы, түрі, жарылыс зардабы, экологиялық жағдай, қауіпсіздік шаралары туралы 7-11 сыныптың 487 оқушысы 24 мұғалім кеңінен пікір алмасты. Шараның танымдық маңызы зор болды.
Мектеп кітапханашысы Н.П. Науменко «Семей полигоны, тұнық мұхиты және ядролық зардап шеккен жапон халқы» атты кітаптар мен баспа материалдарының көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар 7-10сынып оқушылары «ЭКО-Мангистау» экологиялық саяхатына қатысып, Қарақия ойпатына сенбілік жұмыстарына қатысып, Озолина М.В., Кауһар Н.Б. жетекшілігіменен 24 оқушы туристік дағды қалыптастырды.
Экология және балалар ғылыми-практикалық конференция Тастанбекова Дана 9Б сынып, Макенов Ернур 7В сынып І орын иеленді.
Маңғыстау облыстық туриз басқарамасының ұйымдастыруыменен өткізілген семинар-тренингке лицей директоры Тулебаева С.Д., ДТЖО Қауһар Н.Б. қатысты, жыл ішіндегі жұмыстардың нәтижесінде 28 оқушы тегін жолдамаммен Қарақия ойпатында демалып қайтты.
Лицей ұжымы мен оқушылары облыс әкімінің сәуір-мамыр айларында ұймдастырған екі айлық сенбілік жұмыстарына жауапкершілікпен қатысты. Ақтау қаласы Самал ықшам ауданымен шектескен теңіз жағалау апта сайын демалушылардан қалған тұрмыстық қалдықтардан тазартылып отырылды. Сенбілікте белсенділік танытқан сынып оқушыларына алғыс жарияланды.
Лицей ауласы, сынып бөлмесіне, көгалдандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді. Қала көлемінде жарияланған тазалық айлығы аясында лицей оқушылары мен мұғалімдері сенбіліктерге белсене қатысып, қаламыздың көгалдануы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Туған өлке аясында өткізілген саяхаттар кезінде де экология мәселелеріне мән беріліп отырды.
Эстетикалық тәрбие
Оқушылардың талғамын қалыптастыру, рухани байлықты сіңіру, жеке бастың көркем мәдениетін қалыптастыру, өнерге, ұлттық өнерге баулу, әлем мәдениетін, ұлтар арасындағы татуластықты қалыптастыру ақпараттық ой-өрісін кеңейту барысында жыл бойына танымдық-көпшілік шаралар атқарылды. «Күзгі бал» кеші өте жоғары деңгейде 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруыменен өткізілді. «Күзгі бал» кеші «Халықаралық кинофестваль» тақырыбында өтіп, оқушылар әр түрлі жанрдағы киноларды көрерменге ұсынды. Кеш соңында жүлделі орындар анықталып, марапатталды. Әділ қазылар қорытныдыс бойынша Бас жүлдені 10 в сыныбының жұбы, І орынды 10 б сыныбы, ІІ орынды 10 г сыныбы, ІІІ орынды 9 а сыныбы алды.
«Маңғыстау облысына 40 жыл, Ақтау қаласына 50 жыл» мерекесін атап өту іс-шаралары 2013-2014 оқу жылының І жарты жылдығына жоспарланып өткізілуді.
1 қыркүйек-алғашқы коңырау салтанаты ««Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық-бір ел-бір тағдыр» тақырыбында 287 оқушы, 227 ата-ана, 42 мұғалімнің қатысуыменен өткізілген мерекелік жиында «Ақтау қаласының 50 жылдық» мерей тойына арнап 7 сынып оқушылары ән шырқап, көкке «Мәңгі жаса, жас Ақтау» ұранымен шар ұшырды.
01-21 қыркүйек аралығында «Ару қалам-Ақтауым» қала күні тәрбие сағаттары 7-11 сыныптарда тиянақты дайындықпен өткізілді.
Қыркүйек айында спорттық-көпшілік сайыстар ДТЖО Н.Б. Кауһар, тәлімгер М.В.Озолина, 7-11 сынып жетекшілері және денешынықтыру пәні мұғалімдері Б.Ж. Қобыланов, И.К. Чувакбаеваның ұйымдастыруымен 7 сыныптың 90 оқушысына қозғалыс ойындары, 8,9 сыныптың 92 оқушысына футбол, 10,11 сыныптың 53 оқушысына волейбол, 7-11 сыныптың 27 оқушысына шахмат ойындарына қатыстырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Қыркүйек айының 1-2 аптасында «Жасұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері «Маңғыстау облысына 40 жыл, Ақтау қаласына 50 жыл» мерей той қарсаңында апталық шолу жасап отырды.
14 қыркүйек күні экономикалық лицейдің барлық оқушылары үшін «Каспий дарыны» оқу-сауықтыру орталығы базасында «Ақтау қаласының 50 жылдық» мерекесіне орай дарынды балаларды сауықтыру, туған жер табиғатын тамашалауға сүйіспеншілігін ояту, денсаулық фестивалін насихаттау, жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 476 оқушы 40 мұғалім 83 ата-ананы қамтыған «Турист-2013» слеті лицей әкімшілігі, ата-аналар комитеті, ДТЖО Н.Б.Кауһар және АӘД мұғалімі М.К.Максутов басшылығымен ұйымдастырылды.
19-20 қыркүйек күндері «Маңғыстау-туған өлкем, Ару қала-Ақтау» тақырыбында өткізілген «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуальдық ойынына 7-10 сыныптың 96 оқушысына қатысты.
Ең жоғары ұпай жинаған 10В, 10Г, 9А, 9В, 9Г, 8Б, 8Г, 7В сыныптар, ұйымдастырушылар лицей әкімшілігі, қоғамдық қоры және 11 сыныптың "Homo novus" интеллектуаль тобы
Сондай-ақ 7-8 сынып оқушылары үшін қыркүйек- қазан айларында Маңғыстау өлкелік мұражайына саяхат ұйымдастырылды.
16-21 қыркүйек күндері өткізілген көпшілік мерекелік шараларға өнерлі, спортшы оқушылар кеңінен қатыстырылды.
Оқушылардың талғамын қалыптастыру, рухани байлықты сіңіру, жеке бастың көркем мәдениетін қалыптастыру, өнерге, ұлттық өнерге баулу, ақпараттық ой-өрісін кеңейту барысында жыл бойына танымдық-көпшілік шаралар атқарылды.
Қазақстан Республикасы атаулы мереке күндері көпшілік мәдени шаралармен аталып өтіп, мерекелік концерттерде оқушылар рухани-эстетикалық талғамға тәрбиеленді, өнер мен соның ішінде ұлттық өнермен сусындады. Мерекелік шаралар лицей ерекшелігіне сәйкес үш тілде ұйымдастырылып, сахна мәдениетімен қатар көптілді жетік меңгерген жүргізушілер, тыңдаушы орта қалыптастырылды.
«Жеті саз» домбырашылар ансамбілі (құрамы 21 оқушы), лицей оқушыларының хор, би коллективтері (құрамы 50-100 оқушы) бірнеше дүркін өнер көрсетті. Жетекшісі Кауһар Н.Б.
«Мақтанышым-Маңғыстау», «Ақтау қаласының 50 жылдық» мереке іс-шара аясында өткізілген байқаулар мен сайыстарда Омар Фаризат патриоттық әндер бас жүлде, Саркулов Райымбек ақын І орын, Әмірханов Шыңғыс көркем сөз ІІІ орын, Садауақасова Тұрсынай термеші ІІІ орын иеленді.
«Елім менің-ұлыстар мекені» сайысында Тишкова Антонина қалалық І орын, облыстық Гран при, Жеткізген Қуанышбек "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимп. "Әнші бұлбұл" 2 орын, "Інжу-маржан" байқауы бас жүлде, Күмісқали Лиза "Махамбет оқулары-2014" сайысы күйші 3 орын, "Маңғыстау-мақтанышым" күйшілер 2 орын, Қалшабек Іңкәр "Інжу-маржан" күйші 1 орын, республикалық "Қысқы ертегілер" 1 орын иеленді.
«Мәдени мұра - қазақстандық мәдениеттiң әлемдiк деңгейдегі шығармалары Маңғыстау облыстық филормания жанынан құрылған камералық ансамблдің «Музыка тәңірі-Классика» тақырыптық концертін лицейдің 7-8 сыныптың 237 оқушысы, 9 мұғалімі тамашалады.
Қала әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылған мерекелек шараларға өнерлі оқушылар үнемі қатыстырылып отырылды.
Лицей оқушыларына ҚББ хатына сәйкес Н.Жантурин атындағы драма театрына, түрлі тақырыптық кештерге байланысты өлкелік муражайларга саяхаттар ұйымдастырылып отырылды.
Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын
және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру
Салауатты өмір салтын сақтауда ағартушылық және ақпараттық жұмыстарды жандандыру, спорттық шараларға оқушыларды толық қанды қатыстыру, адам мен табиғаттың өзара байланысы, табиғат байлықтарын қорғау және сақтау, экологиялық білімді жетілдіру, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етуге көзарас қалыптастыру және рухани саулығын сақтау барысында дәстүрлі табиғатта өткізілетін «Турист – 2013» турслетына бүкіл лицей ұжымы және 11 сынып оқушылары атсалысты. 525 адам қатысып, арнайы сайыстар ұйымдастырылды. 7 - 8 сыныптар үшін "Көңілді сөре" атты эстафеталық сайыс, ал 9 - 10 сыныптар үшін Турслет ұйымдастырылды. Турслет соңында орындар белгіленіп, марапатталды: 10б сыныбы алға суырылып шығып І орынға ие болды, ІІ орынды 10г, 10а сыныптары иеленсе, 9г, 9б сыныбы ІІІ орын иегерлері атанды.
«Денсаулық» фестивалі оқушылардың денсаулығын қалыптастыруға арналған үздік сәттер болды. 9 сыныптың біртоп оқушысыменен «Эко Маңғыстау» сайысына қатысып, дипломмен марапатталды.
Мектепте шахматшылар турнирі ұйымдастырылды, жекелеген оқушылар марапатқа ие болды, оның ішінде 10б сынып оқушысы Кайбалдиев А. І орын, 9 а сынып оқушысы Рахатұлы Қ. ІІ орынға ие болды. Қалалық, облыстық жарыстарда лицей оқушылары «Дебат» сайысында, І орын, жекелеген спортшылардың жетістіктерге жетті. Атап айтатын болсақ Облыстық ЖИТС орталығының жоспарына сәйкес «ЖИТС – пен ауыратын адамды қоғамнан алшақтату керек пе?» дебат сайысы 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Дебат (пікірталас) ойындарына қала мектептерінен 13 топ қатысты. Лицейдің қазақ тілінде «Жас ұрпақ» тобы жүлделі бірінші орынды, орыс тілінде «Жас қыран» тобы жүлделі ІІ орынды иеленді. Пікір талас ойынында төреші қызметін атқарған лицейдің «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасыны Үкіметінің «2008-2016 жылдарға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы, ҚР "Есірткілік заттарды сақтау, тарату және оны пайдалануды шектеу", "Темекі шегушіліктің және маскүнемдіктің алдын алу, оны шектеу туралы" заңдарымен таныстыру, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарланды.
Желтоқсан айында ҚР Үкіметінің «2008-2016 жылдарға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы, ҚР "Есірткілік заттарды сақтау, тарату және оны пайдалануды шектеу", "Темекі шегушіліктің, маскүнемдіктің алдын алу, оны шектеу туралы" заңдарымен 470 оқушысы мен 312 ата-анасына сынып жиналыстарында түсіндірілді
«Салауатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарының лекциялары тыңдалды. Жыл бойына оқушы жастардың денсаулығы мектеп медбикесі А.Бижанованың көмегімен қадағаланып отырылды.
Жоспарға сәйкес оқушылар арасында «Көңілді старттар» спорттық сайысы, 9-сыныптар «Дұрыс тамақтана білсің бе?» түрлі тәтті сусындардың, жылдам тағайындалған тағамдардың денсаулыққа әсері туралы шығармалар, суреттер байқауы, маман дәрігерлер мен кездесу өткізілді. ұлттық спорттық ойындар тоғыз құмалақ, қазақша күрес, арқан тартудан оқушылар дағды қалыптастырды. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді. Маман-дәрігерлер темекінің зияны, нашақорлық, жыныстық тәрбие, жасөспірмдер ағзасындағы табиғи өзгерістер, жасанды түсік, оның зияны, жыныстық қатынастарды ерте бастаудың зияны, түрлі жұқпалы аурулар обыр, аллергия т.б. тақырыптарда оқушылармен әңгімелер өткізіп, лекциялар оқыды.
Тәуелсіздік күні, Тұңғыш Президент күні, Наурыз мейрамы, Ақтау қаласына 50 жыл толу мейрамы т.б.даталы күндерді атап өту іс-шарасы аясында сайыстарда жеңімпаз оқушылар республикалық дзюдо күресінен жастар арасындағы чемпионатта Жолжан Бауыржан І орын, «ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсңында гір тасын көтеруден Кулчик Жанболат І орын, Батырбаев Қуаныш пен Құрақбаев Айбар ІІІ орындарды иеленді облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес пікірсайысында «Жас қанат», «Жас ұрпақ» топтары І орындарды, Самбо күресінен Жолжан Бауыржан І орын, «Нашақорлыққа қарсы күрес» шарасында бокстан Әбдікаримов Әділ ІІІ орын, шығарма сайысында Вотчникова Рада мен Құбышова Жанна ынталандыру сыйлықтарын жеңіп алды.
Республикалық «Армия балалардың жанарымен» атты әскери-патриоттық акцияда мергендер тобы І орынды иеленді. Қалалық шағын футбол "мектеп лигасы" ІІ орын, баскетболдан мұғалімдер арасындағы жарыста ІІ орын иеленді.
Дүниежүзілік обырға күрес күніне орай түрлі шаралар жоспарланып, дәрігерлермен кездесулер, сынып сағаттары, лекциялар т.б. шаралар өткілілді. Ата-аналарға «балалар денсаулығы» тақырыбында лекция оқылып, ата- аналардың пікірлері тыңдалды.
Спорт федерациясының жоспарына сәйкес 12 оқушы спорт түрлері бойынша халықаралық, республикалық, облыстық турнирлердің жеңімпаздары атанды.
Еңбек және экономикалық тәрбие
Лицей оқушыларына еңбектің құндылығы, ысырапшылдықтан сақтану, өзіне қызмет көрсету, нарық экономикасының құндылықтарына дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруды үйретуде экономикалық білімнің алғашқы баспалдағы «Бизнес-Englsh» бағдарламасы ағылшын тілімен ұштастырыла, жасақталып, білім берілді. Облыстық дарын орталығымен тығыз байланыста көптілді меңгерту мақсатында облыстық семинар өткізілді. Семинарда оқушылардың мамандық таңдауы, экономикалық білімге қызығушылығы байқалды.
«Ұлттық валюта - Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң басты белгiлерiнiң бiрi» 8Б сыныбы оқушыларымен ашық сабағында экономика пәні мұғалімі С.Нурғожина пән аралық байланыс әдісін пайдаланып тартымды өткізді. «Бизнес-englis» пән мұғалімдері Панакулова А.Г., Кулшикова Ж.А. 8-9 сыныптарда өткізген сабақтарында «Ұлттық валютамыз-теңгенің шығу тарихы» оқушыларға түсіндірді.
Чигреев Максим, 10 класс – диплом за победу в номинации «Искусство рассуждения» в Республиканском конкурсе, посвященном 20-летию национальной валюты Республики Казахстан, Тасжанова Жансая 11Г Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 20- жылдығы конкурс Астана-Алматы 2013-2014 Сертификат иеленді Оқушылардың экономикалық білімін жетілдіруде «Білім биржасы» сайыс сабақ 10 сыныпта, «Кім тапқыр?» сайыс 7 сыныпта экономика пәні мұғалімі С.Нурғожина ұйымдастырып, 8 сынып оқушылары «Ақшадан да артық!» курсы бойынша сертификаттарды иеленді.
2014 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласында өткізілген Халықаралық ақпарттық технологиялар университеті және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубы Федерациясы «Болашақты бізбен жоспарла!» "Арай-Sunrise" лагері Республикалық экономикалық ауысымында Жанабилов Наурызбектің жетекшілігімен
Мадреймова Мадина, Жувандыкова Меруерт, Қойшиев Бағдат, Балтабай Атамұра, Бақытжан Аян, Сағынбаева Мәдина белсенді белгісі, Сертификат иеленді.
Кәсіби-шығармашылық тәрбие
Лицей оқушыларына кәсіби және жеке құзыреттілікке тәрбиелеу, ұжымдық мәдениет нормаларын сақтауды үйрету, дәстүрлі және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеру жұмыстарында кәсіптік бағдар беру жұмыстары үнемі жоғарғы оқу орындары, кәсіптік колледж өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Әртүрлі салада еңбек етуші ата-аналармен «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Біздің өлкемізге керекті, мамандықтар туралы түсіндіру жұмыстыр жүргізілді. Өлке экономикасын көтеруде сапалы мамандар дайындау, жергілікті мамандардың қажеттігілігін тудыруда. «Білімді мыңды жығады» үндеуі бойынша жастардың білім алуына жасалған мемлекеттік бағдарламалар кеңінен түсіндірілді. Халық өнерін насихаттау, мәдениет саласына да мамандар тарту мақсатында өнер колледжі өкілдерімен кездесу өткізіліп, көрме ұйымдастырылды. Мектеп бітіруші түлектер мен негізгі мектепті бітіруші оқушылар ЖОО өкілдері және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының өкілдерімен кездесіп керекті мәліметтерді алды. 9-11сынып оқушылары ата-аналармен мамандық таңдау жұмыстары жөнінде пікірлесу кеші өткізілді.
«Полиглот» сайысында Наурызбекова Әйгерім 10 сынып, қалалық сайысы 1-орын, облыс 2-орын, Янковский Владислав 11 сынып Ресейдің 25 жоғарғы оқу орынының қалаған біреуіне грантқа оқуға шақырылды.
Интеллектуальды мәдениетті дамыту
Жыл бойына оқушылардың танымын дамыту, әрбір жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, білімді меңгеру үрдісіне зерде мәдениетін дүниежүзілік өркениет құндылықтарымен қаруландыру жұмыстары атқарылды.
«Не? Қайда? Қашан?» лицейішілік 7-10 сыныптың 19 топтың 114 оқушы айсайын ойынап, дүниетанымын жетілдірді
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» теледидарлық интеллегтуальдық ойынында Нурманова Медина Адилевна 11Г сынып Апталық, айлық, маусым чемпионы, жылдық ІІІ орын, «За успешное участие» сертификат, Нұрғазы Әнел аплатық ойын ынталандыру сыйлығын иеленді.
Қазақстандық қашықтық олимпиадасына 227 оқушы қатысып облыс көлемінде лицей 63,52 ұпай көрсеткішімен облыста ІІ орын, қала бойынша І жүлделі орында иелендік. Жекелеген қашықтық олимпиадалар бойынша: ІІІ топтық ойынында ІІІ орын- қола белгі сертификат №301478, V топтық ойынында ІІ орын- күміс белгі сертификаты№ 411657, Магамедрасулов Чингис Альбертович 8Всынып Оқушылардың «күз-қыс-2013» қашықтық интернет олимпиадасы ІІ орын, КИО орыс әдебиеті пәні ІІІ орын, КИО құқық негіздері пәні ІІ орын, Ондас Әлихан 8Б сынып КИО физика пәні олимпиадасы І орын, Дюсекин Санжар 7А сынып КИО физика пәні олимпиадасы ІІІ орын, Жубаева Азиза7А сынып КИО физика пәні олимпиадасы ІІІ орын, Джайлибаева Ляззат 7Б сынып КИО физика пәні олимпиадасы ІІІ орын, Тағанбаева Әсем 11В сынып Оқушылардың адам, қоғам және құқық пәні олимпиадасы 2-ші кезең ІІІ орын, 3-ші кезең ІІІ орын, КИО құқық негіздері пәні ІҮ орын иеленді.
ҚР БжҒ министрлігі және «Дарын» республикалық сырттай оқу мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні Сағынбай Томирис, физика пәні Досанова Сәуле, қазақстан тарихы пәні Ақмырза Жансая, метматика пәнінен 51 оқушы Сертификат , 27 оқушы үздік оқу Грамотасымен марапатталды.
Халықаралық "Кенгуру - математика для всех" халық ойын Алдабергенов Нұрлан 7Г ІІ орын, Исабек Сабина 9А ІІ орын, Еврейская Анастасия 8Г ІІІ орын иеленді.
«Архимед» турнирінде Жақыпова Айгерім, Құбышева Жанна, Зайденова Аида ІІ орын, Президенттік олимпиадада Игельманова Индира 11 сынып оқушысы қалалық ІІ орын, облыстық І орын, республикалық ІІ орын, күміс белгі иеленді.
Оқушылардың жалпы пәндік олимпиадасының 2-ші кезеңі 49 оқушы, 3-кезеңі 19 оқушы, 4-ші кезеңі Нурманова Малика география пәні ІІ орын күміс алқа, Яралиева Фатима қазақ тілі ынталандыру жүлдесін алды.
Дәстүрлі оқушылардың ғылыми жобалар сайысына 7 оқушылардың қатыстырылды.
Бердихани Меруерт 11Г сынып ХҮІІІ халықаралық турнир-2014 «Компьютерная физика» сертификат
Абдукаримова Айдана 10А сынып Ғылыми жоба – «Әлемдік өркениеттің құқыктық жүйелері мен қазақ даласындағы әділ сот жүйесінің үштасуы» І орын
Сарсенбек Асель 8А сынып Ғылыми жоба – «Возможности использования альтернативных источников энергии для обеспечения горячей водой жителей Мангистауского региона» ІІІ орын
Шамиль Диана Жалидқызы 11Г сынып Ғылыми жоба - «Кластерное развитие Мангистауского региона» ІІІ орын
Ақмырза Жансая Талгатовна 10Б сынып Ғылыми жоба- «Бизнес жоба «Қазақстанда туризмнің дамуы» ынталандыру жүлдесін иеленді.
Қала әкімі олимпиадасында ағылшын тілі пәні Буркитбаева Дана 11В сынып І орын, Абдуллаева Мадина І орын, Изтурганова Арайлым ІҮ орын, Физика пәнінен Нурлыбай Нуржайна 11А ІҮ орын, Игельманова Индира ІҮорын, Кенжебекова Мадина ІҮ орын Рамазанова Карина ІҮ орын Қанатбаева Руза 11Б сынып ІҮ орыниеленді.
Жастарды интелектуальдық дамытуда КВН ойындарына дағдылану жұмыстары атқарылды. Қалалық жастардың кіші лигасына 10 сынып оқушылары тұрақты қатысып, жүлделі орындар иеленді, кіші лига ойындарында 12 оқушы дағды қалыптастырып келеді. Жыл бойы өткізілген пән апталықтары аясында оқушылар түрлі шараларға қатысып, интелектуальдық-шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Оқушылардың дарын қабілетін анықтауда мектеп психолог мамандардың басшылығымен 7-8, 9-11 сынып оқушыларының дарын қабілеттері тексеріліп, қорытындылары ата-аналар назарына ұсынылды.
Экономикалық лицей оқушыларының үйірмеге және
жазғы сауықтыру демалысына қатысы
ҰСЫНЫС:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін одан әрі дәріптеу;
Қоғамдық ұйымдармен, ата-аналармен мектептің байланысын одан әрі жандандыру;
Оқушылардың мінез-құлқын одан әрі зерттеу, рухани-тәрбиелелік нәтижелерге бағыттау;
Дарынды оқушыларды бейімдеу, шыңдау, сайыс, байқауға оқушыларды тиянақты дайындау;
Оқушыларды мамандық таңдаудауға қабілетіне, қызығушылығын қарай бағыттау.
Экономикалық лицей педагог-психологының қызметінің негізгі міндеті: оқыту мен тәрбие беру үрдісінде жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігін анықтау.
ШТУР, АДМТ –ның қортындысы бойынша оқушылардың ойлау қабілетін, интеллектуалдық деңгейін және гуманитарлық, жаратылыс циклі бойынша қабілеттерін көрсетті.
Өзіне-өзі қол жұмсауды алдын-алу сауалнама арқылы жүргізілді, онда агрессивті оқушылармен жеке психологиялық кеңес берілді.
8-10сынып оқушыларымен суицид оны болдырмау жолдары тест қорытындысы бойынша, агрессивті оқушылармен жеке психологиялық кеңес жүргізілді.
8-сынып оқушыларымен Ряховскийдің «Тұлғалық қарым-қатынас» өз ортасындағы мінез-құлқы және қарым-қатынастың дұрыстығына көңіл бөлінді. (орыс, қазақ сыныптарында)
Діни сенімдерге бейім оқушыларды анықтау жеке сауалнама (анонимді) жүргізілді.
Діни ұйымдардың құрығына туспеу үшін не істеу керек? Сынып оқушылар мен және ата-аналар жиналысында сұрақ- жауап берілді.
11-сынып оқушыларымен ҰБТ; ЕНТ дайындық оқушылардың зейінін анықтау барысында зейіннің шоғырлануын оның белгілі бір нысанға бағыттап психикалық барлық іс-әрекеттерін толғымен қажетті нүктеге шөгуі жайлы психологиялық кеңес берілді.
Өзіне-өзі қол жұмсау күрделі проблема (баяндама) ата-аналар жиналысында тыңдалды. «Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында ата-аналар жиналысында түсіндіріліп өтті.
Ес- ақылдың қоймасы. Оқушылардың қалай есте қалдыруда әр кез алдыңа мақсат қойып отыру, оқылатын материалды жоспарлай білу де есте қалдыруға көп жеңілдік береді.Ес күрделі психикалық процесс. Оның өзі бірнеше бөліктерден тұрады. Материалды жақсылап есте қалдыру әр оқушының өзін-өзі тәрбиелей алуына, яғни өзінің еске сақтауына тәуелді.
Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап ететіндігі туралы 10-11сынып оқушыларына түсіндіріліп психологиялық кеңес берілді.
«Мамандықты жасыр»ойын, «Мен армандаған мамандық», «Әріпті мамандық»,тренингі «Мамандықпен ойнау» 7-сынып оқушыларымен «Эмоция»тесті арқылы оқушылардың Физикалық агрессия, Жанама агрессия, Өкпелегіштік, Негативизм, Тітіркенушілік, Күдіктенушілік, Вербальды агрессия, Кінәні сезіну.
Психологиялық алдын-алу
Агрессияның ең жағымсыз түріне бейімі бар оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Стресс. Стресстен одан шығу жолдары 11-сынып оқушыларымен ҰБТ, ЕНТ дайындық тренинг ойындар. Сенімділікке қадам «Сергіту» жаттығулары», «Кейіпке ену» жаттығуы, «Рефлексия» жаттығуы.
Жағымды және жағымсыз мінез-құлықтар мен психологиялық кеңес берілді. Олимпиадаға дайындық психологиялық тренинг ойындар жүргізілді.
ҰБТ, ЕНТ дайындық Рефлексия және үрейді жеңу Леонградтың мінез акцентуациясын зерттеу әдістемесі жүргізілді. Гипертимді, Тежелгіш, Эмотивті, Педанд, Үрейлі, Циклотимді, Демостративті, Қозғыш Дистимді, Экзатталған .
Ата-аналармен жұмыс
Өзіне-өзі қол жұмсауды алдын-алутуралы жиналыста түсіндіріліп өтті. 7-сынып ата-аналармен сауалнама оқушы арқылы жүргізілді.
«Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында ата-аналар жиналысында түсіндіріліп өтті. 9-сынып оқушылар ата-анасымен жиналыста тест арқылы баласымен қандай қарым-қатынаста екендігі анықталды. Жеке ата-аналарға психологиялық кеңес берілді. Қаңтар айында.
Психологиялық диагностика
Жеке тұлғаның жан-жақты қыр-сырын ашу үшін көптеген әдістемелер, тестілер саунамалар кешенді түрде жүргізілді. Дж. Голландтың әдісі «Тұлғаның типтерін анықтау » мінез-құлық типтері бойынша мамандық таңдау онда: реалистік тип, интеллектуалдық тип, әлеуметтік тип, конвенциялық тип, тапқыр тип, артистік тип А.Е. Климовтың «Дифференциалды диагностикалық сауалнамасы» алынды Нәтижесінде мамандық таңдаудың 5-тобымен оқушыларға таныстырылды. Олар: «Адам-адам», «Адам-табиғат», «Адам белгілеу жүйесі», «Адам-көркем бейне», «Адам-техника» осы мамандық иелерінің қоғамға қажеттілігін түсіндіріліп өтті.
Мамандық таңдауға дұрыс бағыт-бағдар берілді.Мектеп оқушыларымен «Тиімді қарым-қатынас орнату» бейне жаттығу арқылы жүргізілді.
Ата-аналарға балалардың қандай мамандық таңдаулары жайында кеңес берілді. 11-сынып ата-аналарымен мектеп бітіруші түлектердің жай-күйі, олардың психикалық эмоционалды түрлерімен таныстырылды. Жеке ата-аналарға психологиялық кеңес берілді.
Түстер арқылы оқушылардың мінез-құлқы, қарым-қатынасы анықталды.
Нәтижесінде ұл балалармен қыз балалардың түс таңдау айырмашылықтары байқалды. Балаларды зерттеу кезінде, олардың күрделілігі немесе керісінше стереотиптілігін сипаттайтын түспен байланысты әрекеттердің қызықты параметрі анықталды.
Психологиялық дамыту –түзету
Мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларымен Леонградтың акцентуациясы ондағы мақсат ҰБТ тапсырғандағы мінез-құлық сипаттамасын білу және оқушыларға таныстыру жұмыстары жүргізілді. Дүниеде жоқ жануар суреті салынып мәлімдеме берілді. Сынып жетекшілерге психологиялық кеңес сыныптағы жағымды қарым-қатынас орнатуға көмек көрсетілді. Наурыз айында Психологиялық диагностика
Тұлғаның өзіне сенімділік психологиялық дайындық. Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары.
«Нұр бағдар» Астана-программасы бойынша 9-сынып оқушылары «ПРОФОРИЕНТАТОР-KZ»
Оқушылармен Онлаин тест арқылы жүргізілді. Оқушыларға жеке өз кәсіптік, қызығушылық, қабілеттері жайлы жеке түсінік берілді.
Балалардың эмоциялық жай-күйін олардың өмірге деген бағытын көбірек ойлануға, мінез-құлқының прагматикалық ерекшеліктерін оқушыларға
жеке түсіндіріліп психологиялық кеңес берілді. Оқушыларға достарымен
қарым-қатынаста болуға стресстік жағдаяттардан өздерін шығара білуге психологиялық кеңес берілді. «Мамандық таңдаудың қадамы» -психологиялық бағыт-бағдар берілді.
Стресстік жағдайдан өзіме қалай көмектесем, тақырыбында 9-11сынып тест жүргізу арқылы кеңес берілді. Тренинг арқылы стресстік жағдайдан шығу түрлері үйретілді. Жүйке жүйкесіне қысым түсу себептерін топпен бірге әңімелесу арқылы кеңес берілді. «Аутотренинг» жаттығуы жүгізілді. Стрессті жою үшін не істеу керек. «Стрессті қалай жеңуге болады?» «Эмоцияны қалай басқаруға болады?» тренинг ойын арқылы кеңес беріліп, жүргізілді.
«Дәстүрлі емес діни ұйымдарда болудың зардаптыры» оқушыларға түсініктер жүргізіліп жеке кеңестер берілді.
Бой жазу: «Қорқыныштан арылу». Емтиханға дайындық, емтихан кезінде сабырлы болуға оқушыларды тәрбиелеу. Үрейді азайту үшін, терең тыныс алу жаттығулары. ҰБТ-ны жақсы тапсыруға жақсы тілектер!
Тест тапсыратын аудиторияға (бөлмеге) кірдіңіз. Адам көп. Бірақ оларға назар аудармаңыз. Тест басталғанға дейін-ақ шаршап қалатын кездер болады. Өйткені, адам көп жерде у-шу деген құлаққа тыным бермейді. Бірақ оларға назар аудармау керек екендігін ескерткім келеді. Бар көңіліңді тест тапсырмаларымен таныстырушы қызметкерлерге немесе қолыңызда бар заттарға аударыңыз. Сол пайдалырақ.
Тесті шешуге берілген уақыт шектеулі. Барынша дұрыс әрі жылдам шешкен ең керемет нәтижеге жетеді. Бұл жерде біліммен бірге жылдамдық та үлкен маңызға ие. Білетін сұрақтарыңызға да жауап бере алмай қалуыңыз ғажап емес, егер асықпай отырып, білетін сұрақтарыңызды «мыжғылайтын» болсаңыз. Жылдам жауап жазсаңыз, Мұқият болыңыз! Жаттап алған сұрағыңыз келсе де бір рет мұқият көз жүгіртіп алып, жауап берудің еш артықшылығы жоқ. Сол дұрысырақ болады.
В 2013-2014 учебном году в библиотеку записались 298 читателей из них 41 руководитель детским чтением.
Книжный фонд – 5685 экземпляров.