МамандығЫ: 0101000- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Күні


Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі218,28 Kb.
#82881
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
752 8272 31337

Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Ажары сынды (мұңайды) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды).
Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді).
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті, әсем, т.б.
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.



Цифрлық білім беру ресурстары:

  1. http://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/140.pdf

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D1%8B_%D1%81%D3%A9%D0%B7_%D1%82%D1%96%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%96

  3. https://itest.kz/kz/ent/qazaq-tili/leksika/lecture/turaqty-tirkester-maqal-matelder

  4. http://megamozg.kz/index.php?id=2283&page=view_mat&partition=other&subpartition=articles_kazakh

Білім бақылау тапсырмалары:


1-тапсырма. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз. Морфологиялық талдау жасаңыз.


Үйге кірді, қой аузынан шөп алмас, екі оқушы, қыздың жиған жүгіндей, су жүрек, көршінің қызы, тамырына балта шабу;


2-тапсырма. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын жазыңыз.
Ала көзімен атты, аузынан салбырап түскендей, ақ саусақ, жүрегінің түгі бар, тіс жармау, мұрны қанамау, екі көзі төрт болды, аузына құм құйылды, қолы ашық, тас жүрек, тіс қаққан, құлақ қағыс ету, екі көзі шарасынан шығу,аузынан бір елі тастамау, қол ұшын беру, су журек, тісі шыққан, құлаққа ұрған танадай, жүзіктің көзінен өткендей, аузына қақпақ болу, қол қу сыру, жүрегі орнына түсу, тісін қайрау, құлағын түру, иненің көзінен өткендей, жұмған аузын ашпау, қолы жүру, жүрегі зу ету, тілін тістеу, құлағын бұрау, көз байлау, аузы-аузына жұқпау, тырнақ астынан кір іздеу, жүрегі шайлығу, тілін табу, көз болу, ауыз бастырық беру.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз.
1.Бит қабығынан ..... тоқыған. 2.Жұмыртқадан .... қырыққан. 3. Балақтағы .... басқа шапқан. 4. Мойны ырғайдай, .... торғайдай. 5.Кеудесіне ....піскен. 6. ..... айрылған бақсыдай. 7. Жер астынан жік шықты, ..... тік шықты. 8. .... басына қаптау. 9. Иттің құлы ..... 10. Көк ала ....ету.


Кері байланыс:
Өтілген тақырыпқа қысқаша сөйлемдер арқылы кері байланыс берсеңіз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет