Мамандығы: 6В05303 Физика және астрономия Орындаған



бет3/12
Дата08.02.2022
өлшемі71,22 Kb.
#98082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Курсовая готовая

Кәсіптік бағдар беру

Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады.


Аталған міндеттерді жүйелі орындау мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде кәсіптік бағдар беру кабинеті жұмыс істейді. Әр бір оқу жылында кабинет жұмысының жоспары бекітіліп түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы саналады. Білім саласындағы кәсіби бағыттың ауқымы кең және алуан түрлі. Бұл істің жүргізілуі кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. 


Колледждегі кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесін негізгі 4 модулге бөліп қарастыруға болады. Олар: Кәсіптік ақпарат, кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімдеу


Кәсіптік ақпарат-
Мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы түсінік. Мамандыққа қойылатын талаптар. Дайындау барысындағы жасалатын жағдайлар. Қабылдау ережесі. Колледж түлектерін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясындағы мемілекеттік қолдаулармен таныстыру. (Ашық есік күні, ата-аналар жиналысында, сынып сағаттарында жүзеге асады)
Кәсіптік ақыл-кеңес:
Мамандарға қажеттілік, оның даму келешегі. Балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын, қызығушылығын талдау негізінде 9-11 сынып оқушыларының назарына мамандықтарды ұсыну. Колледж түлектеріне түйіндеме дайындау, өзін-өзі жарнамалау бойынша кеңес беру. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, серіктес мекемелер мен білім беру ұйымдарының мамандары, колледж түлектері тартылады.
Кәсіптік іріктеу-
Мамандықты меңгеруге қызығушылығын, бейімділігін, дара ерекшеліктерін арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізу (сауалнама, әңгімелесу, тренингтер арқылы). Оқушылардың алдын-ала болжамдық білім деңгейін тексеру.
Кәсіптік бейімдеу-
Мектепте немесе колледжде мамандықтар бойынша үйірме, клуб, педагогикалық сынып жұмыстарын ұйымдастыру.
Жастардың алғашқы әсерлері, олардың педагогикалық еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуіне және мамандыққа қызығушылығының қалыптасуына жағдай жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет