Физиканы оқыту әдістемесі Физиканы оқыту әдістемесі-педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың істәжірибесі мен теориясын қарастыру. Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:1.Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының (жадыхаттарының) көлемін және мазмұнын анықтау. 2. Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі. ( оңайдан қиынға) 3. Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдері және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. 4. Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық, базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрнекі құралдар, т.т.) анықтау. 5. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т.т.) ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін көрсету. 6. Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін (ғылыми - материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, т.с.с.) тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру. 7. Оқушылардың экспериментік білімдері мен іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырудың жолдарын көрсету. Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай сұлба түрінде өрнектеуге болады.Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары Педагогикалық институттар мен университеттерде "Физиканы оқыту әдістемесі" курсын жан-жақты терең меңгеру студенттерден оны физика, математика, материалдар технологиясы, оқытудың техникалық құралдары және электронды-есептеуіш техникасы, философия, педагогика, психология, гигиена, экология, т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет 20 етеді. Себебі, физика және математика ғылымдарын меңгермейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы мүмкін емес. Материалдар технологиясын, техикалық құралдар мен электронды приборларды пайдалану арқылы физика сабақтарының политехникалық және кәсіптік бағдарлық маңызын күшейтуге, олардың өмірмен байланыстарын жақсартуға мол мүмкіндік туғызылады. Оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасы, олардың танымдық қарекеті, дара тұлғаның қалыптасуы, т. б. философия курсымен байланысты түрде жүзеге асырылады. Оқу - тәрбие жұмыстарының тәсілдері мен формаларын жетілдіру педагогикалық принциптер мен заңдылықтарға, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты жүргізіледі. Сол сияқты, физиканы оқыту әдістемесінің институттағы басқа да курстармен байланыстары кең, әрі мол. Сондықтан бұл жағдай ұдайы ескеріліп отырылуы тиіс. Физиканы оқыту әдістемесі - күн сайын, ай сайын ұдайы жедел дамып отыратын ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал жасайтын қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия, педагогика мен психология, техникалық құралдар мен ЭЕТ, экология мен экономика ғылымдарының жетістіктері; мектепке арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен оқу құралдары. Үкіметтің мектеп туралы қаулы-қарарлары, әдістемелік журналдар, физика мұғалімдерінің қоғамдары мен қауымдастықтарының (ассоциацияларының), педагогтардың конференциялары мен съездерінің материалдары; озат физика мұғалімдерінің, жаңашыл педагогтардың, авторлық мектептердің іс-тәжірибесі, т.б. Физика пәні мұғалімі мұндай жадыхаттарды күн сайын үзбей қарап, үздіксіз оқып, танысып отыруы қажет. Сонда ғана ол өз мамандығының күнделікті жетілдіріп отырады, мектепте физиканы оқытуды заман талабы дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік алады.
Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты, оның түрлері Физика - эксперименттік ғылым. Соңдықтан, физикадан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық кұбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады. 159 Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Ол фазиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып саналады, себебі оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (үдеу, өріс, жарық дисперсиясы т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті т.б.) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары т.б.) тексеріледі. Физикадық оқу экспериментінің оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке, қиыншылықты жеңе білуге, ізденушілікке, бақылай білу ептілігін дамытуға, политехникалық дағдыларын қалыптастыруға күшті әсер ететіндей тәрбиелік маңызы да зор. Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай 6 түрден құрылады: 1) демонстрациялық эксперимент; 2) лабораториялық эксперимент; 3)физикалық практикум; 4) сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент; 5)эксперименттік есептер шығару; 6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау. Мектепте физикалық экспериментті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты шарты - физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде дұрыс жолға қоя білу. Бұл - физика мұғалімінің ынта-жігеріне және іскерлік қабілетіне бірден-бір байланысты жұмыс. Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстіңде көрсетіледі, сондықтан, ол сабақтың бір бөлігі болып есептелінеді және оқытудың басқа тәсілдерімен (әңгімелеу, дәріс, проблемалық баяндау, т.т.) бірігіп қолданылады. Демек, демонстрациялық тәжірибелер көрсетпейінше физика сабақтарын сапалы өткізуте болмайды. Сабақ үстінде физикалық тәжірибелерді көбінесе мұғалім көрсетеді, кейде оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады. Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі. Демонстрациялық тәжірибелер көрсетілгенде физика сабағы қызықты өтеді.