Қорытындылай келе мамандық таңдау-жасөспірімдік жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді екен. Бүгін біз Сіздермен болашақ мамандығымызды таңдауға алғашқы қадам жасаймыз деп және мамандық таңдаудың әрбір адам үшін маңызды таңдау екендігіне көзімізді жеткіземіз деп ойлаймын. Өйткені аз уақыттан соң сіздердің де алдарыңыздан осындай өмірлік маңызды таңдау-мамандық таңдауын жасау керектігі туындайды. Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет.