Бекiтемiн: кафедра меңгерушiсi _____________ «__» _________ 20
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ .........................................................................................................5-7 б.
1. Жалпы кәсіптік бағдар беру......................................................................8-9 б.
2. Университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысында әлеуметтік желілерді қолдану .........................................................................................................10-11 б.
1.2. Жасырын жарнама,көңіл аудару...........................................................12-13б.
1.4.Кәсіптік бағдар берудегі бүкіләлемдік әлеуметтік желілер...............14-15 б.
4.Интернет-технологиялар..........................................................................16-18 б.
Физиканы оқыту әдістемесі........................................................................19-20 б.
Дамыта оқыту арқылы физика пәніне оқушының қызығушылығын арттыру .......................................................................................................................21-22 б.
Оқушылардың физика мамандығына қызығушылықтары......................23-25 б.
Физиканы оқытудың педагогикалық мақсаттары.....................................26-29 б.
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................30 б.
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................31б.
Кіріспе
Кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады.Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «… әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсетілген.
Тауар өндіруші елдер қатарына қосылу, бәсекелестікке қабілетті елдер қатарында болу үшін білім мен ғылымның соңғы жетістіктермен қаруланған, ғылымның соңғы жетістіктерін өндіріске ендіруге бейім, инновациялық технологияларды меңгерген заманауи инженер мамандар даярлау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселені шешудің алғы шарттарының бірі орта мектепте политехникалық білімнің негізі болып табылатын физика пәнін оқытуға, оны оқыту барысында оқушыларды болашақ маман иесі ретінде қарап, оларға мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру мәселесін негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігі.
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып немесе ата-анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. «Осы мамандықты таңдауыма ата-анам себепші болып еді. Енді өз қалауыммен екінші мамандықта оқып жүрмін» – деген сияқты сөздерді күнделікті өмірде жиі есітетініміз анық. Дұрыс таңдалмаған мамандық – мамандық иесінің өзіне ғана емес, қоғамға да кері әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз жөн. Соңғы кездегі Білім және ғылым министрлігінің таратқан мәліметіне қарағанда, жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 50 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді екен. Бұл дегеніңіз мемлекеттің болашақ маман даярлауға грант негізінде оқыту үшін ел қазынасынан бөліп жатқан қаражатының 50 пайызы желге ұшады дегенді меңземейді ме? Ата-ананың баланы оқытуға жұмсаған ақшасын былай қойған кезде, Үкіметтен грантқа бөлінетін қыруар қаржының 50 пайызы тиімсіз жұмсалады дегенді білдірмейді ме? Олай болса, 50 пайыз студентті жоғары оқу орындары текке оқытқан болып шықпайды.
Әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар, жекелеген мамандықтар туралы терең білім беру – біздің басты міндетіміз. Ал, мектебінде қанша оқушы болса сонша оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап, бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе.
Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары кластарда тқалыптасады, бұл кезеңде оқушыларда танымдық қызығушылық дамиды, жеке мәнді мақсат қоя білу талабы, кәсіби мүдде пайда болады. Алайда, жалпы практика талдауы көрсетіп отырғандай, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын нашар біледі. Бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тануы арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Жеке тұлғаның барлық қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, оларды салауатты өмір салтына үйретіп, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жоғары сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуына психолог мамндар көмек көрсетуі керек .
Жастар арасында ғылыми қызметкерлер, педагогикалық, инженерлік-техникалық сияқты мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде, ол мамандықтардың жастар арасындағы беделі, абыройы әлі де болса өз дәрежесіне көтеріле қойған жоқ. Мұндай келеңсіз құбылыстарды жою үшін “ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр, жас адамға шынымен көмек көрсететін, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесетін жаңаша тәсілдер мен формалар керек болып отыр.Соңғы жылдары елімізде шикізат өндіруші елден өнеркәсібі дамыған елдер қатарына ену үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Жаңа өнеркәсіп орындары ашылды. Бұл өз кезегінде жаңадан ашылған өнеркәсіп орындарына ұлттық мамандар даярлау мәселесін алып келеді. Сондықтан болашақ мамандар даярлау ісінде мемлекеттік білім грантын бөлуде инженерлік-техникалық мамандықтарға басымдықтар берілуде. Ал барлық техникалық пәндердің бейіндік пәні физика екендігі белгілі.Орта мектепте физика пәнін оқытудың алдына қойған міндеттері көп. Сол міндеттердің бірі пәнді оқыту барысында оқушыларды болашақ мамандығына бейімдеу, кәсіби бағдар беру болып табылады.
Физика пәні мұғалімінің оқушыларды мамандыққа бағдарлау барысында атқаратын негізгі міндеті: оқушылардың мамандыққа бейімділігін зерттеу, физикалық әдіс-тәсілдер қолданыс табатын өнім өндіру процестерінің негіздерімен, осыған орай физикалық білімді қажет ететін мамандықтардың ерекшеліктерімен оқушыларды ұдайы таныстыру, оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын шыңдау, осыған сәйкес олардың азаматтық адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, еңбекқорлыққа баулу болып табылады. Оқушылардың физикаға қызығушылығы өздерінің болашақ қызметтерінде осы білімдерін қолдану мүмкіндіктерімен күшейеді. Сондықтан оқушылардың оқуға ынтасын арттырумен бірге кәсіптік мүддесін анықтап, оны тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл бағытта ең алдымен Білім және Ғылым министрлігінің сайтынан алынған мамандықтар классификаторының ішіндегі тек инженерлік мамандықтар бойынша мамандықтар тізбесін жоғары сынып оқушылары үшін физика пәнін өтетін сынып қабырғасына үлкейтіп іліп қою керек. Оқушылар үзіліс кезеңдерінде кестеге көз жүгіртіп, түрлі мамандықтар бойынша бір-бірімен пікір алмасады. Өзін қызықтырған мамандықтар бойынша ата-анасынан, пән мүғалімінен кеңестер, мәліметтер сұрайды. Осы ұтымды сәтті пайдаланып, пән мұғалімі әр сабақты өтерде сол тақырыптың мазмұнына байланысты мамандықтар жөнінде мәліметтер береді.«Термодинамика негіздері» тарауын қорытындылау-пысықтау сабақтарында жылу қозғалтқыштары туралы айтылғанда «Мұнай және мұнай өнеркәсібі», «Машина жасау», «Көлік, көлік техникасы мен технологиясы», «Авиация техникасы мен технологиясы», «Теңіз техникасы мен технологиясы» сияқты мамандықтар бойынша мәліметтер беріп, бұл мамандықтар дайындауға ағымдағы жылы қанша мемлекеттік гран бөлінгендігі, ол маман иелерінің нарықта қаншалықты сұраныста екендігі туралы ақпараттар беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |