Коронарографияда: Коронарлық ағыстың екі тамырлық бітелуі анықталды, көрсеткіш бойынша RCA тармағына стент қойылды, коронарлы қан айналым қалпына келтірілді.
Тапсырма:
Синдромдарды анықтаңыз және оған сипаттама беріңіз.
Ангинозды(ауырсыну) синдромы – төстің артыңда орналасқан, мойынға, төменгі жаққа, сол жақ иыққа таралатын күйдіріп ауырсыну,500 м қашықтыққа жүргенде немесе баспалдақпен 2-ші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5-8 минут шамасындағы ауырсыну, нитроглицеринмен немесе тыныштық қалыпта басылған.
Жедел коронарлы синдром - физикалық күштемеге толеранттылығы төмендеген, кейде ауырсыну ұстамасы тыныштық жағдайда болады, ауырсыну мойынға, төменгі жаққа, сол жақ иыққа таралады, сонымен қатар ауа жетпеу сезімі және жалпы әлсіздік дамыған. Аурудың интенсивтілігі біртіндеп артқан, 2 сағаттан кейін шыдатпайтын қатты ауырсыну дамыды. Нитроглицерин әсері әлсіз болған.
ЭКГда ошақтық зақымдану белгілері-ЭКГ да патологиялық Q тісшесі анықталған
Достарыңызбен бөлісу: |