Пән: «Қан айналым жүйесі ауруларындағы ажыратпалы диагноз және емдеу принциптері»
Мамандығы: «Жалпы медицина»
Студент: Казиханов Н.Б 4-026
Курс: 4
Клиникалық тапсырма №2
Науқас 62 жаста.Шағымдары: Төстің артыңда орналасқан, мойынға, төменгі жаққа, сол жақ иыққа таралатын күйдіріп ауырсыну және ауа жетпеу сезімі, жалпы әлсіздік.
Анамнездік деректері: Науқаста 3 жыл көлемінде жүрек маңында қысып ауырсыну орташа қалыпта 500 м қашықтыққа жүргенде немесе баспалдақпен 2-ші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5-8 минут шамасындағы ауырсыну мазалаған, ауырсыну тыныштық қалыпта немесе нитроглицерин қабылдағанда басылады. Инспираторлы ентігу тек қана орташа физикалық күштемеде пайда болады. Кейінгі жылы физикалық күштемеге толеранттылығы төмендеген, кейде ауырсну ұстамасы тыныштық жағдайда да болады. Бүгін таңертенгі уақытта кенеттен жиналыстан кейін төс артында қысып ауырсыну пайда болды, ауырсыну мойынға, төменгі жаққа, сол жақ иыққа таралады, сонымен қатар ауа жетпеу сезімі және жалпы әлсіздік дамыған. Аурудың интенсивтілігі біртіндеп артқан, 2 сағаттан кейін шыдатпайтын қатты ауырсыну дамыды. Тіл астына салған нитроглицериннің әсері өте қысқа және мардымсыз болды. Ангинозды ауырсыну ұстамасы басталғанан 2 сағаттан кейін науқасты «жедел жәрдем» дәрігері қараған. Ауырсыну синдромын басу үшін көктамырға 10 мг промедол енгізілді. Сонымен қатар 325 мг аспиринді шайнап жұтуға ұсынылды. Науқас арнайы кардиохирургиялық орталыққа жеткізілді.
Қарағанда: Науқастың жағдайы ауыр дәрежеде. Дене бітімі - гиперстеникалық. Тері қабаттары бозарған, акроцианоз, алақандары ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Перифериялық ісінулері жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдары жоқ. ТАЖ – минутына 21 рет. Жүрек маңын қарағанда өзгерістер жоқ. Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы: оң жақ шекарасы – төстің оң жақ қырынан 1 см сыртқа қарай орналасқан, жоғарғы шекарасы – төс маңы сызығы бойынша 3 қабырғаның төменгі қырына сәйкес, сол жақ шекарасы - 5 қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 2 см сыртқа қарай орналасқан. Жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек ұшында І тон әлсіреген. ЖЖЖ – минутына 100 рет. АҚ-130\90мм.сын.бағ. бойынша. Тілінің түбірі ақ жабынмен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасының бойымен. Курлов бойынша бауырдың өлшемдері: 11х10х10, көкбауырдың өлшемдері 6-7 см. Нәжісі ретті, қалыпты. Несеп бөлінуі еркін, ауырсынусыз.