Қандай ет тағайындау керек? А) Сиыр етін
В) Шошқа етін
C) Бұзау етін
D) Үндік етін
Е) Қой етін
236. Аймақтық дәрігер 5 айлық ұл баланы қарағанда оның тері қатпарлары қыртыстануының баяулағанын байқады. Тері серпімділігінің төмендеуі қандай жағдайды көрсетеді? А) Рахиттің өршу сатысы
В) Дистрофияның 1-дәрежесі
С) Сусыздану
D) Склерема
Е) Склередема
237. Аймақтық дәрігер 1,5 жасар ұл баланы қарағанда аяғының О-тәрізді қисайып өзгергенін байқады. Сүйектегі патологиялық өзгерістерге байланысты рахит диагнозын болжамдады. Баланың жасына сай қалыпты көрсеткішті атаңыз. A) Маңдай және төбе дөңестерінің жалпайып қисаюы
В)Шүйденің жалпайып кетуі
С) Үлкен еңбектің жабық болуы
D)Кеуде сүйектерінің ішке қарай иілуі
Е)Қабырғалардың үстіндегі “рахиттік тәспі”
238. Ішек инфекциясы бөліміне 5 айлық ұл бала келіп түсті. Зерттеу барысында дәрігер қолымен бала жамбасының ішкі бетінің жұмсақ тіндерін басып көреді. Бұл әдіспен дәрігер нені анықтайды? А)Тері серпімділігін
В)Жұмсақ тіндердің тургорын
С)Теріастылық эмфиземаның болуын
D)Теріасты май қабатының даму дәрежесін
Е)Iсінудің болуын
239. Жақсы еметін, аз ғана дене салмағын жоғалтуы бар, тері жамылғысы қызғылт, жетіліп туылған нәрестенің өмірінің 3- ші күнінде терісінде сарғаю пайда болады. Сарғаюдың себебін көрсетіңіз. А)Жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауруы
В) Физиологиялық сарғаю
С)Туа пайда болған гепатит
D)Каротинді пигментация
Е)Өт жолдарының атрезиясы
240. Аймақтық дәрігер үй жағдайында 14 күндік ұл баланы қарады. Кеуде терісінде үлкен, солғын, тез жарылатын, бұлыңғыр құрамдас көпіршіктер пайда болғанын көрді. Нәресте күлдірегі (пузырчатка) диагнозы қойылды. Бұл жастағы бала терісінің қандай гистологиялық ерекшеліктері осы ауруға алып келеді? А)Жұқа мүйізді қабат
В) Базальды мембрананың жетілмеуі
С) Негізгі қабаттың жақсы дамуы
D) Капиллярлы тордың айқындылығы
Е)Тері бездерінің жоғары қызметі
241. Қыз бала анасымен дәрігердің қабылдауында болды. Кеуде терісінде үлкен, бос, солғын, тез жарылатын, бұлыңғыр құрамдас көпіршіктердің пайда болғанын байқады. Оның пайда болуына эпидермис пен дерманың мықты байланысының болмауы алып келеді.