949. 4 жасар бала анасымен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне келді. Келген кездегі шағымдары: дене қызуының көтерілуі, басының ауруы, жағдайының нашарлап тәбетінің болмауы, ұйқысының бұзылуы. Дәрігер қарағанда: ылғалды жөтел және ентігу, өкпеде перкураторлы дыбыс қысқарған, қораптық дыбыс естіледі, крепитация және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан анализінде:лейкоцитоз, лейкоформуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылаған. Рентген суретінде: оң өкпесінің төменгі бөлігінде ошақты көлеңкелер бар, өкпе түбірінің кеңеюі,өкпе суретінің күшеюі көрінеді. Дәрігер қандай клиникалық диагноз қойды? А)Созылмалы бронхит
В)Интерстициальді пневмония
С) Жедел бронхит
D)Ошақты пневмония
Е) Созылмалы пневмония
950. Сау баланың артериялық өзегінің функционалдық жабылуы қай кезде болады? Туылған кезден бастап