Мамандығына арналған «Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ»



бет5/13
Дата25.12.2016
өлшемі2,9 Mb.
#5261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

АЗАМАТТЫҚ КҰҚЫКТАҒЫ МЕРЗІМ
1. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері

2. Талап қою мерзімі
Дәрістің мақсаты мен міндеті: Азаматтық құқығындағы мерзімнің маңызын ашу. Мерзімді есептеу және оның тәртібі. Мерзімнің түрлері. Гарантиялық мерзім. Талап қою мерзімі. Ұғымы мен маңызы. Талап қою мерзімінің түрлері. Талап қою мерзімінің тоқтатылуы, үзіліс және оны қалпына келтіру. Талап қою мерзімінің өтуінің салдары.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

  1. ҚР Азаматтық Кодексі 2008ж.

  2. Положение о порядке предьявления и рассмотрения претензии предприятиями, организациями и учреждениями и урегулирования разногласии по хозяйственным договорам пост. КМ РК от 15.02.93.

  3. Грибанов В:П: Сроки в гражданском праве.- М., 1967.

  4. Тулеугалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Алматы.,

2001

1. Мерзім ұғымы. Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне (аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.

Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.

Мерзімнің маңызы — оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматіық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім — бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байла-ныстырады. Құқық теориясы курсынан білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.

Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақытының өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.

ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК-ның 172-бабындағы 1-тармаққа сөйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.

Күнтізбелік күн дегеніміз — бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.

Оқиғалар дегеніміз — бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т.с.с.). Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісіңце не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты басталатынуақытын алдын ала білмейді. Мәселен, АК-ның 1042-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, мүра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мүраның ашылу уақыты болып табылады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты күнмен байланыстырылатын жағдайдағы мәмілелерде күнтізбелік күнге сілтеме жасау жиі кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж. 31 желтоқсанына дейін жеткізіліп берілуі тиіс. Бірақ сілтемелер соттың шешімінде де болуы мүмкін, сондай-ақ заңның өзінде де айқындалуы мүмкін. Мәселен, АК-нъщ 1042-бабына сәйкес, мүра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шепіімі күшіне енген күн мүрамың ашылу уақьпы болып табылады. Немесе, ҚР Салық кодексінің 359-бабындағы 4-тармақта көрсетілгеніндей, мүлік салығы жөніндегі декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.

Уақыт кезеңі болын табылатын мерзім оның үзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күңдермен немесе сағаттармен есептеледі (АК-ның 172-бабының 2-тармағы). Мерзімді дүрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. АК-ның 173-бабына сәйкес, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейіші келесі күннен басталады. Мәселен, тұрғын үйді жаддау шарты 2003 ж. 15 ақпанда жасалған болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады.

Жылдармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді (АК-ның 174-бабының 1-тармағы). Мәселен, үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.

Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы оңцай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жаддау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28 (немесе 29) ақпанында аяқталады.

Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан — үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.

Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретіңде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жүмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі келесі жүмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада, мереке, жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн болып есептеледі. Мысалы, 25 желтоқсан көптеген шетелдік компаниялар үшін жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған күні — "Рождество Христово" мерекесі атап өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс істемейтін күннен кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.

Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуынанықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді.

Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күңінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс. Алайда, мұндай әрекет ұйымда істелуге тиіс болса, онда мерзім белгіленген ережелер бойынша бұл ұйымда тиісті операциялар жүргізу тоқтатылатынсағатта аяқталады. Мұндайқатынастарда мерзімнің соңгы күні осы ұйымдардағы жұмыс ресми тоқтатылатын кезде не тиісті операцияларды жүргізу тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жәнелтілген деп есептеледі.

Мерзімнің түрлері. Мерзімді өр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзетін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:

азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезеңде уәкілетті адам өзінің субъективіік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттын бір бөлігі. Оны, әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т.б.);

субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі — бұл осы уақыт аралығында қолдданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;

тыйым салатын мерзім — бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, "Нотариат туралы" 1997 ж. 14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рүқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген; кепілдік мерзім - сатушының үзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын кемшілікгерін анықтауына арналған мерзім. Кепілдік мерзщді мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне,


шарт, егер тіпті олар мемлекеттік стандарттарда немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, сондай-ақ стандарттарда көзделген мерзімнен едәуір үзақ кепілдік мерзім белгілей алады. Кепіддік мерзімді белгілеу түтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орыңдалатын жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады;

шағымдану мерзімі - заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын бүзуына байланысты субъективтік құқықты бүзған адамға белгілеңді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымаддаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қоюылуы міндетті (АК-ның 706-бабының 6 тармағы);

6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындау мерзімі — шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міңдепі орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;

7) азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық құқықта аталып жүргеніндей, талап қою мерзімі.

2. Талап қою мерзімі

Бұл бұзылған құқықты сот арқыны қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталған.

"Мерзім" ұғымы құқықтың бірқатар салаларында кездеседі. Мысалы, қылмыстық құқықта қылмысшқ жауаптылықтан босаіу үшін ескіру мерзімі және айыптау үкімін орындау мерзімінің ескіруі белгіленген. 1991 ж. Негіздерге иелену мерзімі туралы норма енгізілген, ол кейін АК-ға (240-бап) да енгізілді. Бұл мысаддардан белгілі бір уақыт кезеңі ретінде мерзімнің соттың қатысуынсыз-ақ құқықтық салдарға әкеп соқтыратынын көреміз.

Талап қою мерзімі институты өзгеше әрекет етеді. Бұл мерзімнің атауының өзі талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың сотта қаралуы барысыңда ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою мерзімі институты негізгі үш міндетті атқарады:

азаматтық айналымның түрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық қатынастарға айқыңдық және жүйелілік енгізеді);

соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дүрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;

— шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың белсенділігін ынталаңдырады және міндеттемелердің орындалуына өзара бақылауды күшейтеді.

Талап қою мерзімі институты — азаматтық құқықтын көне институттарының бірі. Ол Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінде де бар болатын. Қазақ КСР-і АК-ның 75-бабы талап қою мерзімін "құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойышпа құқық қорғау мерзімі" ретінде анықтады. Бұл анықтамада талап қою субъектісіне тікелей нүсқау бар. Ол құқығы бұзылған адам ғана бола алады. РФ Азаматтық кодексінің 195-бабыңда талап қою мерзімі ұғымы "бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім" ретінде түсіндіріледі. АК-ның 177-бабы өзгеше анықтама береді: "Талап қою — адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бүзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі". Бұл анықтамадан талап ету мерзімінің адамның субъективтік құқығының ғана емес, сонымен бірге қолданыстағы заңдар үйғарымының бүзылуымен де байланысты екені көрінеді. Талап қою мерзімінің анықтамасында адам күқығының бүзылуынан басқа, заңның қорғауындағы мүдде де көрсетілген. Талап қою мерзімінің өтуі талапты қою емес, қанағаттандыру құқығын жояды.

АК-ның 177-бабындағы "талап қою мерзімі" ұғымында РФ Азаматтық кодексінің 195-бабында берілген ұғымнан өзгеше, бұзылған құқықты қорғау мерзімі ретінде талап қою мерзімінің функциясы атап көрсетілмейді. Егер талаптың негізділігі жеткіліксіз болса, онда талап қою мерзімінің аяқталмағанына қарамастан, талапты қанағаттандырудан бас тартуға болады.

Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу заңдарына сөйкес басқа адамдар да құқылы болады. Сондықтан "талап қою мерзімі" ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нүсқау болмайды. АК-ньтң 179-бабына сәйкес, сот талап қою мерзімін соттың шешімі шыққанға дейін жасалған талапкердің өтініші бойынша ғана қолданады.

Талап қою мерзімі және оны есептеу тәртібі заңда көзделеді және оны тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды (АК-ның 177-бабының 2-тармағы). Осыдан келіп, тараптардың келісуімен талап қою мерзімін үзартуға немесе қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі — бұл осы уақыт шегінде қойылган талапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезеңі.

ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады: жалпы мерзім және арнаулы мерзім.

АК-ның 178-бабының негізінде "талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғүрлым үзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін". Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілеріңде тікелей көзделген жағдайларда гана қодданылады. Мәселен, Жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысгы даулар бойынша 6 айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдардан жалпы мерзіммен

салыстырғаңда арнаулы мерзімдердің үзартылған немесе қысқартылған болуы мұмкін екені көрінеді.

Арнаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережеден өзгеше болатындықтан, олар заң актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана қолданылуы тиіс. Бұл мерзімдер туралы нормаларды кеңейте түсіңдіруге болмайды. Заң актілері жеке, заңда ерекше бөлініп көрсетілген талаптар үшін арнайы мерзім белгілейді. Сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты талап қою мерзімінің өтуіне қарамастан қабылдайды. Басты талап бойынша талап қою мерзімі өткенде қосымша талап бойынша (түрақсыздық айыбын өңціру туралы, кепіл болушының жауапкершілігі туралы және т.с.с.) талап қою мерзімі де аяқталады. АК-ның 180-бабы талап қою мерзімінің өтуі адам қүқьгқ бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады деп белгілейді. Егер уәкілетті адам өз құқығының бүзылганы туралы білмейтін болса, оңда ол, әрине, қорғану құқығын пайдалана алмайды, сондықтан мұндай құқық адам өз құқықтарының бұзылғаны туралы білген кезден бастап пайда болады. Егер талапкердің салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында анықталатын болса, талап қою мерзімі талапкер істің мән-жайы бойынша құқық бұзушылық туралы білуге тиіс болған кезден басталады. Кері талап қою міндеттемелері бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орывдалатын сөттен басталады. Бұл ережеден өзгешелікті АК немесе өзге заң актілері белгілейді.

Кейбір мысалдар келтірейік:

кепіл болушылық немесе кепілдік шартын жасаған куннен бастап кепіл болушыға немесе кепілге талап бойынша екі жылдық талап қою мерзімі белгіленген (АК-ның 336-бабы);

АК-ның 159-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі зорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады (АК-ның 162-бабының 2-тармагы);

жекешелендіру процесі барысында жасалған сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі шартқа қол қойылтан күннен басталады.

Міндеттемедегі адамдардың өзгеруі (талапты беру және борышты аудару) талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп соқтырмайды (ҚР АК-ның 181-бабы).

Талап қою мерзімі кептеген жағдайларда басталысымен үздіксіз өтеді. Алайда өмірде уәкілетті адамның белгіленген мерзім шегінде талап қоюға кедергі жасайтын мән-жайлар тууы да мүмкін. Мұндай мән-жайлар түрлі сипатта болады және талап қою мерзімін тоқтата түру, үзу немесе қалпына келтіру үшін негіз болады.

Талап қою мерзімінің өтуін токтата түрудың мәні бұзылған құқықты қорғауға кедергі жасайтын мән-жай күшінде болатын уақыт заңда белгіленген талап қою мерзіміне есептелмейді. АК-ның 182-бабына сәйкес талап қою мерзімінің өтуін тоқтата түратыннегіздердің қатарына мыналар жатады:

— бой бермейтін (тежеусіз) күш — бұл осы жағдайларда ойда болмаған және болмай қоймайтын, төтенше мән-жайлар. Бой бермейтін (тежеусіз) күш немесе кездейсоқ мән-жайлар (су басу, жер сілкіну ғана емес, сондай-ақ тәртіпсіздіктер, азамат соғыстары, ереуілдер) —
бұлар көліктің, байланыстың және т.с.с. қалыпты жұмысын бұзатын мән-жайлар;

— ҚР Президенті жариялаған міндеттемелердің осы турін орындауды кейінге қаддыру (мораторий). Мораторийдің бой бермейтін (тежеусіз) күштен айырмашылығы — ол талап қоюға заңдық (нақты емес) кедергілер жасайды. Бұл жағдайда Президент өзінің шешімімен міндеттемелердің орындалу мерзімін кейінге жылжытады, осы арқылы қодданыстағы талап ету құқығын борышқорға мөжбүрлеп орындатуды белгілі бір кезеңге догара түрады;

Жалпы мораторийдің барлық іс-әрекеттерге қатысы бар. Жеке мораторий жекелеген іс-әрекеттерге ғана қатысты жарияланады;

талапкердің немесе жауапкердің соғыс жағдайына кешірілген Қарулы Күштер құрамында болуы. Талапкерді немесе жауапкерді қамтшын соғыс жағдайлары талап қоюды қиындата түседі. Алайда Қарулы Күштерге өскер қатарына немесе әскери жиындарға жай


шақырумен талап қою мерзімі тоқтатылмайды;

әрекетке қабілетсіз адамның заңдыөкілінің болмауы. 14 жасқа дейінгі әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілі — ата-аналары, ал қалған жағдайларда — қамқоршылары болады;

тиісті қатынастарды реттейтін заңдардың немесе өзге де құқықтық актілердің қолданылуын тоқтату. Заңның қолданылуын тоқтата түру туралы шешімді қүзіретті мемлекет органы қабылдауы мүмкін, ол іс жүзінде нормативтік актінің күшін жоймастан, белгілі бір төтенше жағдайлар орын алған кезенде оның қолданылуын тежейді.

Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы телемдерін тағайындау және/немесе жүзеге асыру туралы немесе жөрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты, зейнетақы төлемдері тағайындалғанға және/ немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан және/немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла түрады.

Талап қою мерзімінің өтуі, егер көрсетілген мән-жайлар талап мерзімінің сонгы алты айы ішіңце пайда болса немесе бүрынғысынша қала берсе тоқтатыла түрады, ал егер бұл мерзім алты айдан аспаса — талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла түрады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса — талап мерзіміне дейін үзартылады (АК-ның 182-бабы).

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс оның үзілуіне негіз болған мән-жайлар басталғанға дейінгі уақыттың талап қою мерзіміне есептелмейтінін және оның жаңадан басталатынын білдіреді.

Заң талап қою мерзімінщ өтуіндегі үзілісті талапкердің немесе жауапкердің ерікті іс-әрекеттерімен байланыстырады. АК-ның 183-бабына сәйкес, талап қою мерзімінің өтуі мынадай екі негіз бойынша үзіледі:

- белгіленген тәртіппен талап қою;

— міндеткер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойын-
дағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы.

Бұл мән-жайлардың біріншісі заңның талаптарына толық сәйкестікте сотқа шағымдануды, яғни ведомствоға қарастылықты, сотқа дейінгі реттеуді, әрекетке қабілетті адамның талап қоюын және т.с.с. сақтай отырып шағымдануды ғана қамтиды. Бұл тәртіптің бүзылуы талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті жоққа шығарады.

Талал қою, әдетте, дауды мәніне қарай шешуге және соттың шешімін шығаруға мәжбүр етедІ. Мұндай жағдайларда талап қою мерзімі өзінен-өзі қажет болмай қалады.

Ал егер дау шешілмей, өндірістегі іс тоқтатылмаса, талап қою мерзімі бүдан былай да өзінің маңызын сақтап қала береді. Сонымен қатар, сотқа талап қою мерзімінің ең соңгы кезеңінде талап қойылатын жағдайлар да болуы мүмкін, және егер үзіліс қолданылмаса, онда талап қою мерзімі істі тындауға дайындау барысында-ақ өтіп кеткен болар еді.

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілістің екінші негізі — бұл адамның борышты мойындауъш білдіретін іс-әрекеттерді жасауы, ол қысқаша түрде борышты мойындау деп аталады. Ол ауызша немесе жазбаша түрде жасалған борышты мойындау жолымен және әдетте борышты ішінара төлеуден түратын борышқордың іс-әрекеттерімен жасалуы мүмкін. Борышты мойындаудың, алайда, етіп жатқан талап қою мерзімі шегшде ғана мерзімді үзетін маңызы болады. Талап қою мерзімі өткен соң борышты ішінара төлеу талап қою мерзімінің өтуінде үзіліс туғыза алмайды.

Азаматтық кодексте талап қою мерзімін қалпына келтіру мөселесі ерекше реттелген. Егер талап қою мерзімінің тоқтатылу және үзілу негіздері заңда дәлме-дәл көрсетілген болса, онда өткізіп алған талап қою мерзімін қалпына келтіру үшін мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерінің болуын анықтау қажет. АК-ның 185-бабы былай деп көрсетеді: "Ерекше жағдайларда, талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімі өші кетуінщ себебін сот орыңцы деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуга тиіс. Қалпьгаа келгіру тек азаматтарға қатысты жүзеге асырылады. Оның үстіне, талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды болып, егер ол талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айта тең немесе алты айдан аз болса, — талап мерзімінің өтуі кезінде танылады".

АК-ның 186-бабындағы ереже бойынша, талап қою мерзімі біткеннен кейін міндетін атқарған борышкердің немесе өзге міндетті адамның тіпті сол міндетті атқарған кезінде талап мерзімінің өтіп кеткенін білмесе де, аталған адамның өзі атқарған нәрсесін қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

АК-ның 187-бабының негізіңде талап қою мерзімі мыналарға қолданылмайды:

— заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға. Бұл құқықтарды қорғаудан бас тарту жеке адамның қоғамдағы маңызын кемітуге әкеп соққан болар еді;

салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына. Банктер салымшылардың үйғарымын орындаудан бас тартатын жағдайда салымдарды беруге мәжбүрлеу туралы талаптар тууы мүмкін. Мүның кез келген салымшыларға және банктердің кез келген


түрлеріне қатысы бар ;

азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға. Алайда талап қою мерзім: өткеннен кейін қойылған талаптар талап қоярдың алдындағы үш жылдан аспайтын мерзім үшін қанағаттандырылады. Зиянның орнын толтыру


міндеті жәбірленушінің бүкіл өмірі бойыңца сақталады;

егер меншік иесінің немесе өзге заңды иенің өз құқығының кез келген бүзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (теріске шығаратын талап жағдайында), кез келген құқық бұзушылықты жою туралы талабына;

заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа да тараптарға қолданылмайды.
Талқылау сұрақтары:

1.Азаматтық құқықтағы мерзім.

2.Талап қою мерзімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет