Мамандығына арналған «Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ»


АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫНЫҢ СТУДЕНТПЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СОӨЖ)



бет3/13
Дата25.12.2016
өлшемі2,9 Mb.
#5261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫНЫҢ СТУДЕНТПЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СОӨЖ)


Тапсырма мазмұны

Тапсырма нысаны

Бағалау саясаты

Азаматтық кодекстің баптарын талдау.

Ауызша

өте жақсы – 1 балл

жақсы – 0,8 балл

қанағатттанарлық – 0,6 балл



Бақылау түрі.

Ағымды бақылау:

  • бағдарламадағы тақырып бойынша өз көзқарасын блдіру;

  • ситуациялық жағдайларды шешу;

  • жазба жұмыстарын, тестер, бақылау жұмыстарын орындау;

  • пән бойынша сөзжұмбақ құрастыру;

  • іскерлік ойын;

  • шептік бақылау.


Қорытынды бақылау:

  • аттестация;

  • есеп.


Пәннің саясаты:

  • Сабақтарға уақытында келу;

  • Сабақ үстінде басқа істермен шұғылданбау;

  • Себепсіз сабақтан қалмау;

  • Босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру;

  • Тапсырма орындалмаған жағдайда, қорытынды баға төмендейді;

Бағалау саясаты

Дәріске қатысу – 0,5 б.

Семинарда жауап беру – 0,25 – 0,5 б.

СӨЖ, СОӨЖ – 16 б.


Студентке қойылатын талаптар:

  • сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысу үшін, студенттің пәнге деген қызығушылығының болуы;

  • барлық тапсырмаларды уақытында орындау;

  • сабақта материалды талдау үшін, сұрақтар қойып, сын көзқарас білдіру;

  • ұялы телефонды сабақ барысында өшіріп қою;

  • сабақ барысында мәселе көтеру үшін алдын - ала дайындалып келу.



Сабақты талдаудың шамалық мөлшері:

  1. Орындалған жұмыстың жоғарғы сапалы үлгіде болуы. Жазбаша жұмыстарда қолданылған әдебиеттер тізімі, дерек көздері көрсетілуі міндетті түрде болу керек.

  2. Жұмыста толық мәлімет беру үшін, студент жоғары ойлау қабілеті арқылы тақырыпты жан – жақты ашуы қажет. Жауаптар ғылыми – теориялық, әдіснамалық сипат алуы қажет.

  3. Өздік жұмыс орындаған кезде оқулықтармен бірге ғылыми монографияларды және дәрістен алынған бағыттарды қолдану шарт.

  4. Нормативті құжаттарды талқылауға ерекше мән берілу қажет.


Дәріс пен практикалық сабақтарға дайындық:

  • Берілген материалды оқып, талдау;

  • Дәріс пен семинар сабақтарының конспектісінің міндетті түрде болуы;

  • Ұсынылған тақырыптар бойынша тапсырмаларды (кестелер, ситуациялар т.б.) дайындау;

  • Іскерлік ойындарға қатысу;

  • Оқытушы көтерген мәселені немесе ситуациялық жағдайды шешу және жазбаша орындау;

- Пән бойынша көтерілген мәселеге жан – жақты сипатама беру;

- Өз көзқарасын білдіру;

- Глоссарии құрастыру(терминдер сөздігі);

Студент өздік жұмыс берілген тақырыпқа шолу жасап, қосымша әдебиеттер мен деректер қолданып, глоссарий мен түсініктерге қысқаша сипаттама беруге міндетті. Одан кейін оның презентациясын ұйымдастырып, студент 10-15 минутта өз көзқарасы мен пікірін білдіруі қажет.



ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК


  1. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде алатын орны.

  2. Азаматтық құқық пәні.

  3. Мүліктік және мүліктік емес қатынастар.


Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасы құқық жүйесінде алатын орнын анықтау. Азаматтық құқығының пәні туралы түсінік қалыптастыру. Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастардың мазмұнын ашу.

Мүліктік қатынастар, мүліктік емес өзіндік қатынастар. Олардың түсінігі мен жіктелуі. Азаматтық қатынастарды реттеудің тәсілдеріне сипаттама беру.



Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

  1. ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.

  2. ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.

  3. ҚР-ның Азаматтық кодексі/негізгі бөлім/ 2007ж.

  4. Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.

  5. Гражданское право. Практикум, под ред. Егорова Н.Д.-СПб.,1996.

  6. Калмыков Ю.Х. Вопросы применения гражданско-правовых норм-Саратов. 1976.

  7. Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.


«Азаматтық құқық» атауы ежелші уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған.

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды.

Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттін өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік әмес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.

Мүліктік емес жеке қатынастар Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді.

Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:

а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар – ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады;

ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды тандауына мол мүмкіндік жасалады;

б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігінтаңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады;

в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.

Азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Талқылау сұрақтары:


        1. Азаматтық құқық – құқық саласы ретінде.

        2. Азаматтық құқықтық қатынастар ерекшелігі

        3. Қоғамда азаматтық құқықпен реттелетін қатынастар



АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ


  1. Құқық жүйесі туралы түсінік.

  2. Құқық жүйесінің салалары.


Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқық жұйесі туралы жалпы сипттама беру. Құқық жұйесіндегі салаларына анықтама беру, талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

1.ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.

2.ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.


  1. Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.

  2. Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.

  3. Коментарий к ГК РК /общая часть/ Жеті жарғы 1998 .1,2 том.

  4. Конвенция о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам. 22.01.93. Минская конвенция.


Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитін ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйк тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуындығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелегінен деп түсінген жөн.

Ішкі салалардың «жалпы бөлімі» мен «жалпы ережелерін» бір-бірінен бөліп қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле қойған жоқ. Аталған саланың «жалпы бөлімі» жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың «жалпы ережелерінде» мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.

«Жалпы ереженің» нормалары азаматтық құқық бөлімдерінен тәуелсіз негізде барлық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға қолданылады. «Жалпы бөлімге» жататын «Меншік және өзге де заттық құқықтар» мен «Міндеттемелік құқық» тәрізді ішкі саланың екі түрінің нормалары да жалпы сипатқа ие екіндігі дәлелденеді. Мысалы, меншіктің түрлері мен сипатына қарай меншік құқығы туралы, меншік қатынастарын қорғау мен оның пайда болуы тәсілдері туралы норма басқа институттарды, атап айтқанда, сатып алу-сату, авторлық және мұрагерлік құқықтарға кеңінен қолданылады. «Жалпы бөлім» құзіретті органдардың, азаматтар мен ұйымдардың құқық қолдану қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, сондай-ақ ол қайталау мен олқы тұстарды жоюға мүмкіндік береді.

Азаматтық құқық жүйесі төмендегідей ішкі салаларға бөлінеді: «Міндеттемелік құқық», «Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар», «Интеллектуалдық меншік құқығы, «Мұрагерлік құқығы», «Халықаралық жеке құқық», осындай әрбір ішкі саланың өз нормаларына сай келетін «Жалпы ережесі» болады. Оның әрқайсысы өз кезегінде іштей құрылымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты және шарттан тыс міндеттемелік институты деп бөлінеді.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.


  1. Жалпы бөлім:

I–бөлім. «Жалпы ережелер» (тараулары: азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу; азаматтық құқықтардың субъектілері; азаматтық құқықтар объектілері; мәмілелер; өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу; талап қою мерзімі).

II-бөлім. «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» (тараулары: меншік құқығы. Жалпы ережелер; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; ортақ меншік; бірлескен қызмет туралы шарт; меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу; меншік құқық және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы; меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау).

III-бөлім. «Міндеттемелік құқық» (1-бөлімше: «Міндеттеме туралы жалпы ережелер», оған мына тараулар енеді: міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болуы негіздері; міндеттемені орындау; міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету; міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы; міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық; міндеттемені тоқтату. II-бөлімше: «Шарт туралы жалпы ережелер», оған мына тараулар енеді: шарт ұғымы және оның ережелері; шарт жасасу; шартты өзгерту және бұзу).

Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының Ерекше бөлімі мыналарды қамтиды:

IV-бөлім. Міндеттемелердің жекелеген түрлері: сатып алу-сату, айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау; мүлік жалдау (аренда); тұрғын үйді жалдау; мүлікті тегін пайдалану; мердігерлік; өтелмелі қызмет көрсету; тасымалдау; көлік экспедициясы; заем; ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг); банктік қызмет көрсету; сақтау; сақтандыру; тапсырма; басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау; комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару; кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг); конкурстық міндеттемелер; зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер; негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

V-бөлім. «Интеллектуалдық меншік құқығы» (тараулары: жалпы ережелер; авторлық құқық; сабақтас құқықтар; өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық; селекциялық жетістіктерге құқық; интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар; ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы; азаматтық айналымға тауарларға және қызмет көрсетуге қатысушылардың дараландыру құралдары).

VI-бөлім. «Мұрагерлік құқық» (тараулары: мұрагерлік туралы жалпы ережелер; өсиет бойынша мұрагерлік; заңды мұрагерлік; мұра алу).

VII-бөлім. «Халықаралық жеке құқық» (тараулары: жалпы ережелер; коллизиялық нормалар).

Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі бір жүйе бойынша реттеледі. Әлемдік азаматтық-құқықтық жүйе ғылымында қалыптасқан институционалдық және пандектілік тәрізді екі жүйе бар.

Оның біріншісі бүкіл құқықтық нормаларды: а) тұлға; ә) меншік және оның түрлерінің өзгеруі; б) меншікке ие болу тәсілдері деп бөледі. Франция Азаматтық кодексі мен оның тұжырымдарын қолдаушылар осы жолды таңдады. Екінші, пандектілік жүйе жалпы бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді, соның нәтижесінде кодекстің арнайы бөлімдер қайталанудан, басы артық сілтемелерден және т.б. арылады. Жалпы бөлімнен соң заттық, міндеттемелік, отбасылық және мұрагерлік құқықтар тәртіптеледі. Мұндай жүйені Германияның азаматтық заңдары қолданады және де осындай тәсіл бразилиялықтардың, гректердің және басқалардың азаматтық заңдарына бар.



Талқылау сұрақтары:

1. Азаматтық құқық жұйесіне сипаттама беру.

2. Құқық жұйесіндегі салалары.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
1. Қағидат (принцип) терминіне түсініктеме.

2.Азаматтық құқықтың принциптері.

3.Моральдық зиян туралы түсінік.
Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқықтың қағидаттарына сипаттама беру, жан –жақты қарастыру. Азаматтық құқықтың принциптеріне талдау жасау. Моральдық зиян туралы түсінік қалыптастыру.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

1.ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.

2.ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.

3.Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.

4.Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.

5.Коментарий к ГК РК /общая часть/ Жеті жарғы 1998 .1,2 том.

6.Конвенция о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам. 22.01.93. Минская конвенция.
«Қағидат» (Принцип) термині латынның сөзі – бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) – ол нормтаивтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасының заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек, азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылымүмкін болады.

Принциптер (қағидаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алады.

Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:


  1. азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;

  2. меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

  3. шарт еркіндігі;

  4. жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;

  5. азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

  6. нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;

  7. азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.

Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталатын 2 бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнгың азаматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы принциптерді талдасақ.

Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдіг. Азаматтық құқықтың басты қағидаттарының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни, бұдан азаматтық құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.



Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті , әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан да ол бұл орайда қызмет көрсету құралын бәрінен де жоғары қояды.

Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтың дамуына және бәсекеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие.

Шарт дегенімііз – шаруашылық қызметінің негізгі құралы. Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды, сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез-келген шарт жасасуына мүмкіндігі бар.



Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған және де ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады.

Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік пен басқару органдарының, ата-аналардың, қызмет орны жетекшілерінің және басқа адамдардың әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым салынады.



Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық кодекстің бұл принципі конституциялық ережеде де жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты.

Нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету принципі. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің көбі мүліктік қатынастармен байланысты. Демек, олар белгілі бір дәрежеде материалдық мазмұнға ие. Азаматтық заңға бұл принципті енгізу азаматтық құқықтың өзекті мәселелерінің бірі – құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіруді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.

Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау принципі.Соттың қорғауын қамтамасыз ету принципі. Бұл конституциялық принцип: әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғану ролі төмен болып келді, яғни тек заңда көрсетілген жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкін.

Моральдық зиян Азаматтық кодекстің 951-бабына сәйкес адамның және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардың айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан), уайымға салған) жан азабы немесе тәне азабы (қорлау, ызыландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қинауы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) деп есптеледі. Моральдық зиян оны келтірушінің кінәсіне орайластырылып өтеледі. Сонымен қатар, моральдық зиян оны келтірушінің кінәсін есепке алмай-ақ, егер ол төмендегідей жағдайларға байланысты орын алса:

1) зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;

2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды қолданудан, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе;

3) зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;

4) заң құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.

Заңда көзделген реттен басқа жағдайда азаматтың мүліктік құқығын бұзатын әрекеттер арқылы жасалған зиян өндіртіп алуға жатпайды.

Моральдық зиян ақшалай түрде өндіріледі. Моральдық зиянның көлемін анықтау кезінде жәбірленушінің шеккен рухани зардабын субъективті баға ретінде ескереді. Сондай-ақ жәбірленушінің рухани және денсаулығына байланысты зардап шегуінің дәрежесін анықтайтын объективті мәліметтер де ескеріледі: өмірлік маңызы бар жағдайларға қастандық жасау объектісі (өмірі, денсаулығы, абыройы, ар-намысы, еркіндігі, үйіне ешкімнің тиіспейтіндігі т.б.); құқық бұзушылықтың ауыр зардаптары (жақын туысқанын өлтіру, денеге жарақат салу, сол арқылы мүгедек ету, еркінен айыру, жұмыссыз қалдыру немесе баспанасыздыққа душар ету және т.б.); адамды мазақ қылатын жалған мәліметтер тарату сипаты мен жүйесі; жәбірленішінің өмірлік хал-ахуалы (тұрмыстық, отбасылық, қызметтік, материалдық, денсаулық жағдайлары, жасы және басқалары); басқа да назар аударуға тұратын жайттар.



Талқылау сұрақтары:

1. Азаматтық құқық принциптерінің ерекшеліктері

2. Нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету принципі.

3. Моральдық зиян.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет