Мамандығына арналған «Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ»



бет8/13
Дата25.12.2016
өлшемі2,9 Mb.
#5261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1. Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері

2. Ортақ үлесті меншік құқығы

3. Ортақ бірлескен меншік

Дәрістің мақсаты мен міндеті: Ортақ меншік ұғымына сипаттама беру. Ортақ меншіктің мінездемесі. Үлестік меншік. Үлестік меншікті иелену, пайдалану, билеу. Үлестік меншік құқығындағы үлесті анықтау тәртібі. Сатып алудың басым құқығы. Үлестік меншіктің тоқтатылуы.

Ортақ бірлескен меншік. Бірлескен меншіктің түрлері. Ортақ бірлескен меншікті жүзеге асыру ерекшеліктері. Ортақ бірлескен меншіктің тоқтатылуы. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі. Шаруа /фермер/ қожалығының меншігі. Жекешелендірілген тұрғын үйге меншік. Бірлескен қызмет туралы шарт. Кондаминиум-ортақ меншіктің ерекше түріне анықтама беру.



Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

  1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.

  2. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы.

  3. ҚР «Шаруа /фермер/ қожалығы» туралы Заңы.

  4. ҚР «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңы.

1.Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері. Мүлік меншік қүқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады, -делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен, заңдык мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да ортақ меншікке қатысу-шылар, ал құқық ғылымьщда және окулық өдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.

Көпсубъектілік ортақ меншіктін субъективтік құқығының ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік

АК-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп алуға әкелді (АК-ның 11-тарауы).

АК-ның ортақ нормалар ретінде көрініс табатын бірсубъектілік құқық нормалары ортақ мешиік құқығын да реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттенеді.

Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (209-башың 2-тармағы). Үлесті меншікке мүлік меншік иелерінің әрқайсының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікге болады, ал бірлескен меншіктегі ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, мүлікке ортақ меншік үлесті болын табылады.

Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едәуір бөлек болып келеді, Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиытықта болуы мүмкін. Мысалы, үлесті меншіктің қатысушылары азаматтар, азаматтар мен заңды тұлғалар, заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана болады, олар кебіне бірімен бірі туыстық қатынаста болады.

Бірлескен меншік заң құжаттарында тікелей көзделген жағдайда ғана белгіленеді.

Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен, ал оңдай келісімге олар өзара қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен меншіктегі ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ үлесті меншікті оған қатысушылардың келісімі бойынша немесе сот шешімі бойынша бірлескен меншікке айналдыру заңда көзделмеген.

Түріне қарамастан ортақ меншік барлық оның қатысушыларының меншігі болып саналады, сондықтан ол көпсубъектілік меншік. Ортақ меншік құқығындағы меншік иелері арасында белгілі бір заттың жеке басы, мұндай заттардың жиынтығы немесе түтас мүліктік кешен (мысалы, құқық объектісі ретіндегі кәсіпорын) түріндегі бөлінбеген объект болады. Сонымен, ортақ меншіктің қатысушылары әрқайсы өзінше, басқаларынан бөлек, ортақ меншіктегі мүлікке түгелдей де, оның бөлек заттарына, бөліктері мен үлестеріне де меншік иесі бола алмайды.

Затқа ортақ меншікті заттын өз меншік иесі бар әрбір бөлшегіне меншік құқығынан ажырата алу керек. Мысалы, көппәтерлі үйде пәтерлердің әрқайсының және тұрғын емес жайлардың өз меншік иелері болуы мүмкін, ал ортақ меншік туындамайды. Бірак, пәтерлердің барлық меншік иелерінің ортақ меншігі - пәтерлерді бір бүтінге -тұрғын үйге біріктіретін үйдің бөлшекгері (мысалы, шатыры, баспалдақтар, т.б.) Жылжымайтын мүлікке мұндай меншік, яғни жылжымайтын мүліктің жекелеген бөлігі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың дара меншігінде, ал қалган бөліктері олардың үлестік меншік құқығында болса, ол кондоминиум деп аталады (АК-ның 209-бабының 6-тармағы).

Ортақ меншік ұғымы — кең ауқымды ортақ мүлік ұғымының негізгі түрі. Соңғы ұғым тек ортак, меншікті ғана емес, сонынен қатар ортақ заттық және міндеттемелік мүліктік құқықтарды да қамтиды. Сондықтан, ортақ меншік құқығын, ортақ мүлікке құқықтың түрі ретінде, басқа ортақ заттық және міндеттемелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық құқықтың неғүрлым көп таралган және негүрлым заң жүзінде реттелген түрі - ортак жер паддалану құқығы. Бұл құқық, егер заңды түрде азаматтық айналымда жүрген болса, өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын. Ортақ жер пайдалану құқығы, ортақ меншік құқығы сияқты үлестік және бірлескен болуы мүмкін (Жер кодексінің 53-бабы). Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы, ортақ шаруашылық жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару құқығы, заң түрғысынан онша реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң жокқа шығармайды. Мысалы, екі немесе бірнеше мемлекеттік кәсіпорыңдардың ортақ шаруашылық жүргізу қүкығында осы кәсіпорындардың қаражатына түрғызынған үй болуы мүмкін. Ортақ заттық құқықтар туралы заңнамада олқылықтар болса ортақ меншік туралы азаматтық заңнаманың үқсас қалыптарына жүгінуге болады.

АК бөлінбейтін (нақты немесе заң жүзідце) және бөлінетін мүлікке ортақ меншік күқығы туындайтын жағдайларды бөліп қарайды (209-баптың 4-тармағы). Екі немесе одан көп адам бөлінбейтін мүлікті меншігіңе иемденгенде, оларда, мүлікті иемдену негізіне қарамастан (мысалы, сатып алу-сату келісімі, мүрагерлікпен), осы мүлікке ортақ меншік құқығы туындайды. Ал, бөлінетін мүлікке ортақ меншік құқығы туындағанда мәселе басқаша болады. Мұндай қүкық тек заң актілерінде немесе шарттарда көзделген реттерде ғана туындайды. Мысалы, жүбайлардың бірге тұрған кезде иемденген бөлінетін мүлкі заң бойынша олардың ортақ мүлкіне айналады (223-баптын 1-тармагы). Дегенмен, заңның бұл нормасы үзілді-кесілді емес, ол жүбайлардың келісімімен басқадай да болуы мүмкін. Егер бірнеше адам заң бойынша өздерінің ортақ меншігі бола алмайтын бөлінетін мүлікті иемденсе, онда мұндай мүлікке ортақ меншік олардың арасында шарт бойынша ғана туындайды.

Ортақ меншік құқығында, көпсубъектіліктегі сияқты, қатынастардың екі тобы бөлініп алынады: ортақ мүліктің қатысушыларының үшінші жақпен қатынастары және олардың өзара қатынастары. Меншік иелерінің құқығы үшінші жақпен қатынастарда абсолюттік де, салыстырмалы да сипатта бола алады. Меншік иелерінің құқығы басқа меншік иелерімен салыстырмалы қатынаста болады.

Ғылыми заң әдебиетінде меншік құқығы әр уақытта да абсолюттік құқық, яғни міндетті адамдар шеңбері анықталмаған құқық деген пікір басым. Оны ортақ меншік құқығына байланыстырып алатын болсақ, ол тек меншік иелерінің үшінші жақпен қатынастарыңда ғана дүрыс. Мысалы, ортақ меншік құқығындағы мүлікіі ортақтас меншік иесі кез келген үшінші жақтың бөтен заңсыз иелігінен талап етіп ала алады. Бірақ, бүрын аталып өткендей, ортақ меншіктің қатысушыларының бір біріне қатысты құқықтары бөлініп алынады, олар абсолюттік емес, салыстырмалы құқықтар. Бұл меншік иелерінің салыстырмалы құіу»іқтарынын айрықша шеңбері. Мұндай құқықтардьщ бар екендігі әдебиетте айтылмаган.Мұндай құқықтардың мысалы ретінде әрбір ортақтас меншік иесінің ортақ меншікті иелену және пайдалану жөніндегі құқығын, ортақ үлесті меншік құқығыңдағы үлесті сатқанда оны сатып алудағы артықшылық құқықты алуға болады. Бұл құқықтар, ездерінің салыстырмалы сипатына қарамастан, міндет темелік болып табылмайды. Олар міндеттемелік құқық нормаларымен емес, ортак меншік құқығы туралы нормалармен реттемеленеді.
2. Ортақ үлесті меншік құқығы

Ортақ үлесті меншік құқығында оның әрбір қатысушысының белгілі бір үлесі болады. Бұл ортақ мүліктегі немесе оның қүнындағы үлес емес, деп ортақ меншік құқығындағы үлес. Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа қатысушыларының үлестеріне қатысты бөлшекпен өлшенеді, мысалы, үлесті менпгіктің барлық ортақ құқығына қатысты 1/4, 1/2, 3/5, т.с.с. Сонымен, ортақ мүлік үлесті меншіктің қатысушылары арасында бөлінбейді, ортақ мүліклің қүнындағы үлес бөлініп алынбайды.

Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлестері тең де, тең емес те болуы мүмкін. АК үлестердің теңдік презумпциясына сүйенеді. Егер заң құжаттарында немесе үлесті меншіктің барлық қатысушыларының келісімдерінде озгеше көзделмеген болса, олар тең (АК-ның 210~бабының 1-тармағы).

Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлесін үлесті меншіктегі қатысушылардың өздері емес, заң актілері немесе осы құжаттарда белгіленген төртіпте үшінші жақ аныктайтын жағдайлар көп емес. Мысалы, әрбір ортақтас меншік иесінің кондоминиумдағы ортақ мүлікке құқығындағы үлесі бөлек (жеке) меншіктегі тұрғын жайдың пайдалы алаңының немесе тұрғын емес жайдағы алаңның түтастай үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады (Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 31-бабының 3-тармағы). Өсиет бойынша мүраға қалдырғанда өсиет қалдырушы өсиетке қалдыратын жылжымайтын мүлікке мүрагерді анықтауға құқылы.

Үлесті меншік құқығындағы үлестердің мөлшері, көбіне, оның қатысушыларының өзара келісімімен анықталады. Бұл ретте үлесті меншіктін; қатысушылары ортақ мүлікті қүру мен көбейтуге қосқан сальщдарына қарай қатысушылардың үлестерін анықтаудың және езгертудің тәртібін белгілеуі мүмкін (АК-ның 2ІО-бабының 2-тармағы). Сонымен, кейбір жағдайлардан басқа реттерде, үлесті меншік құқығындағы үлестер мөлшері меншік иелерінің ортақ мүлікті қүруға және көбейтуге қосқан салымдарының көлеміне тікелей байланысты. Үлесті меншік жақсарғанда да оның қатысушыларының құқығы тиісішпе анықталады.

АК бөлінбейтін және бөлінетін жақсар гуды үлесті меншіктен бөліп алады. Үлесті меншіктщ; өз есебінен мүліктің бөлінбейтін жақсаруын жүзеге асырған, мысалы, үйге қосымша қүрылыс жүргізген қатысу-шысы, ортақ мүлікке құқығыңдағы өз үлесін тиісінше көбейтуге қүқы-лы. Ондай құқық, егер ол жақсартуды ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, атап айтқанда үлесті меншікті меншіктің басқа қатысушыларының келісімімен жүзеге асырса, туындайды (АК-нын211-бабының 1-тармағы).

Ортақ мүліктің бөлінетін жақсартуының заңдық тағдыры басқаша. Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушы-лардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі (АК-ның 211-бабының 2-тармағы).

Меншік қүқыгындағы үлес дегеніміз — заңдық конструкция, оның көмегімен үлесті меншіктің қатысушыларының әрқайсысының ортақ мүлікті иемдену, пайдалану және билік ету екілеттіктерін жүзеге асыру мүмкіндіктері анықталады, осы мүліктен табыстағы және оны үстау шығынындағы үлес, сондай-ак ортақ мүліісгі бөлу және одан үлесті бөліп алу тәртібі анықталады. Шындығына келгеңде, үлесіі меншіктің қатысушыларына меншік құқығындағы абстрактылы үлес емес, сол үлестер өкелетін накты мүліктік игілік керек.

Ортақ үлесті меншік құқығы өзіне АК-да меншік құқығы үшін көзделген барлық құқық өкілеттіктерін, яғни иемдену, пайдалану және билік ету кұқықтарын қамтиды. Бірақ, үлесті меншік құқығындағы бұл құқық өкілеттіктерін жүзеге асырудың өз ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерді АК-да қалай берілсе, сол ретімен қарастырайық, ал ол мүлікке билік етуден басталады. Бұл жерде АК ортақ үлесті меншіктегі мүлікке билік етуді үлесті меншік құқығындағы үлеске билік етуден бөліп қарайды.

Үлесгі меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларыньщ келісуімен жүзеге асырылады (АК-ның 212-бабының 1-тармағы).

Ортақ үлесті меншікке билік ету оның қатысушыларының бірауыздылық принципіне негізделген. Үлесті меншіктегі мүлікті оның қатысушылары сатуы, сыйға тартуы немесе оған басқадай билік жасауы үшін, меншік құқығыңдағы әрбір адамның үлесінің мөлшеріне қарамай, олардың барлығының келісімін алуы тиіс.

Үлесті меншіктің қатысушыларының оған билік етуге келісімі, бірлескен меншіктің қатысушыларының осындай келісіміне қарағанда, алдын ала болжамданбайды, ол иақты көрініс табады. Мысалы, үлесті меншікке билік жасау жөніндегі жазбаша мәміледе оның барлық қатысушыларының немесе олардың өкілдершің қолы болуы тиіс. Үлесті меншіктің тым болмаса бір қатысушысының келісімінің жоқтығын басқа тәсілдермен, оның ішінде сот шешімімен толықтыруға болмайды.

Үлесті меншіктегі мүлікке оның қатысушыларының барлығының келісімінсіз билік етуге оның қатысушысы тек үлестік меншік құрамынан мүлікті бөліп алғаннан, яғни мүлікке ортақ меншік тоқтағаннан кейін мүмкіндік алады (АК-ның 218-бабы).

Менигік құқығындағы үлестерге билік ету үшін өзге тәртіп белгіленген. Үлесті меншікке әрбір қатысушы өзінің үлесін өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға, өсиет етуге, кепілге беруге құқылы (АК-ның 212-бабының 2-тармағы).

Үлестік меншік құқықтың қатысушысымен оның үлесіне қатысты мәміле жасағанда басқа қатысушылардың келісімі қажет емес. Бірақ, өз үлесін меншік иесі емес үшінші адамға сатқан (айырбастаған) жағдайда, АК, басқа меншік иелерінің мүдделерін қорғай отырып, олар үшін сатылатынүлесті тең жағдайларда және сол сатылатын бағаға сатып алудың артықшылык құқығын көздеген (216-баптың 1-тармағы).

АК қабылданғанша Қазақстанда қолданылған заңнама бойынша меншік иелерінің артықшылығы, олардың біреуі үлесті меншіктегі үлесін сатқанда оның сату бағасына ғана қатысты болды, ал сатып алу-сату шартына қатысы болмады. Егер ортақтас меншік иесі үшінші жақ төлеуге келіскен бағаны үсынса, онда сатып алу артықшылығы ортақтас меншік иесі жағында болды. Қазіргі кезде АК бойынша үлестік меншіктің қатысушыларының артыкдпылығы тек сату бағасына ғана емес, сатып алу-сату шартының басқа да жағдайларына қатысты болыл отыр. Мысалы, меншік құқығындага үлесін сатушы үшінші жақтың төлеуді кейінге қалдыруына келіссе, онда мұндай шартты ортақтас меншік иесі де талал етуге күкылы, бірақ ол үшінші жақпен келісілген бағаны төлеуі тиіс.

Үлесті бөгде (үшінші) адамға емес, ортақтас меншік иелерінің біреуіне сатқанда басқа ортақтас меншік иелерінің сатып алуда артықшылыгы жоқ, ал сатушы үлесін өз қалауы бойынша үлесті алғысы келген кез келген ортақтас меншік иесіне сатуға құқылы.

Сатып алудың артықшылык құқығы меншік құқығындағы үлесті жария саудада сатудан басқа барлық жағдайларға тарайды. Үлесті жария саудада сату, не сатушының қалауы бойынша, не заң құжатының міндеттеуі бойыкша жүргізілуі мүмкін. Егер сатушы үлесін жария саудада сатқысы келсе, оны үлесті меншіктің басқа қатысушыларының келісімен жасайды. Үлесті тек жария саудада сату заң құжаттарында көзделген реттерде ғана жүргізіледі (АК-ның 216-бабының 1-тармағы).

Меншік қүкығындағы үлесті сатып алудың артықшылық құқығы деп, заң, үлестік меншіктің қатысушыларының иеліктен алынбайтын құқығын таниды. Сондыктан да бұл құқықты беру немесе одан бас тарту жөніндегі мәмілелер заңсыз деп танылады.

Сатып алудағы артықшылық құқықты қамтамасыз ету үшін оны іске асырудың нақты құқықтык, тетігі керек. Ондай тетік АК-да көзделген. Сатушы, міндетті түрде жазбаша формада ортақтас меншік иелерінің әрқайсысын үлесгі меншік құқығыңдағы үлесті сататыңдығы және сатудың шарттары, бағасы жайында ескертуі тиіс. Сататыңдығы жайында сатушы үшінші жаққа хабарлап қойған үлесті сатып алуға үлесті меншікке қатысушынардың артықшылық құқығы болатынмерзім белгіленген. Бұл мерзімдер жылжитын және жылжымайтын мүлікке үлесті меншік құқығындағы үлестерді сатқанда әртүрлі. Егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік бойынша — хабар алған күннен бастап он күн ішшде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген адамға сатуға құқылы (АК-ның 216-бабьгның 2-тармағы). Егер сатып алушыға хабарламада көрсетіпгеннен жақсы жағдай үсынылса, онда үлесті жаңа жағдайлар көрсетілген жаңа хабарлама жіберілтенде және артықшылықпен сатып алудыңжаңа мерзімдері сақталғанда ғана сатуға болады. Ортақтас меншік иелерінің үлесті иемденуге артықшылыты болатын мерзімдердің өртүрлі болуының, егер барлық ортақ меншік жылжымайтын немесе жылжитын мүлік болса, практикалық маңызы бар. Ал ортақтас меншік иелерінің ортақ мешпікте емес, үлесті меншікке құқықта үлесі бар. Сондықтан да үлесті меншікке құқықтағы үлесті мүлік түрінде көрсетуге болмайды. Егер ортақ үлесті меншік құрамына жылжитын да, жылжымайтын да мүлік кіретін болса, меншік иесінің жылжымайтын мүлікке құқығындағы үлесті иемденуден бас тартуы үшін белгіленген мерзімді сақтауы керек.

Үлес, сатып алудың артықшылық құқығы бүзыла отырып сатылған жағдайда, үлесті меншіктің кез келген басқа қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы (АК-ның 216-бабының 3-тармағы).

Ортақтас меншік иелерінің үлесті меншік құқығындағы үлесті иемденудегі артықшылық құқығы бұл үлесті үшінші жаққа сатқаңда ғана емес, сондай-ақ осыңдай үлеске үиіінші жақпен айырбас шартын жасасқанда да туындайтындығы АК-да белгіленген (216-баптың 5-тармағы). Бұл ереженің іс жүзінде көп қолданылмауы мүмкін, себебі шартта үлесгі иемденуге артықшылық құқықты айырбастау, егер меншік иесі үлесті иеліктен алушыға үшінші жақпен айырбастау шартында көзделген затқа тендей зат бере алатын болса ғана мүмкін болады. Бұл, әдетте, егер үлес дара белгілі бір затқа, әсіресе жылжымайтын мүлікке емес, белгілі бір тектік нышаны бар заттарға ауыстырғанда болады. Соңғы жағдайда, ортақ меншіктің қатысушысының үлесті иеліктен айырушыға үшінші жақтың үлесті меншіктегі үлеске айырбастайтын затына тендей зат үсынуы мүмкін емес немесе өте киын.

Үлесті меншік құқығындағы үлесті сату жөнінде сөз еткенде бұл улестің иемденушіге шарт жасалған мезеттен бастап өтетінцігін айта кеткен жөн (АК-ның 217-бабы). Үлеске меншік құқығының оны иемденуішге ауысуы туралы заң нормалары диспозитивті. Тараптардың келісуімен меншік құқығының ауысуының басқа мезеттері көзделуі мүмкін. Мысалы, үлеске меншік құқығының ауысу мезеті, егер үлесті меншікте жылжымайтын немесе жылжшын мүлік болса, ал иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәлендіруге жатса, меншік құқығының АК-ның 238-бабының 2-тармағында көзделген шарт бойынша иеленушіде туындау мезеті туралы ортақ ережеге бағынса. Бұл - меншік құқығы иемденушіге тіркелген немесе нотариалдық куәлендірілген мезеттен бастап туындайды дегенді білдіреді. Нотариаддық куәлендіру де, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда үлесті меншік құқығындағы үлеске меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен туындайды.

Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену және пайдалану. Иемдену және пайдалану құқық өкілеттікгерін үлесті меншікте іске асыру тәртібі билік ету құқық өкілеттігін іске асырудан біршама өзгеше. Үлесті меншік қатысушыларының иелігшде және пайдалануында құқықтағы үлес емес, барлық уақытта белгілі бір мүлік болады.

Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену және пайдалану, оларға билік еткендегі сияқты, барлық ортақтас меншік иелерінің келісімі бойынша жүзеге асырынады. Олардың арасында келісім болмаған жағдайда, сот, үлесті меншіктің бір немесе бірнеше қатысушысының басқа қатысушысына (қатысушыларына) талап арызы бойынша мұндай мүлікті иемдену және пайдалану тәртібін белгілеуге құқылы (АК-ның 213-бабының 1-тармағы).

Жоғарьща аталып өткендей, үлесті меншікке қатысушыға тиесілі үлес - мүліктегі емес, құқықтағы үлес. Сондықтан да мұндай үлес ортақ мүлікгің қандай да бір бөлігінде іске аспайды. Ал, үлесті меншікгің қатысушысы өз үлесіне билік етуге немесе ортақ мүліктен табыс алуға ғана емес, мүліктің бір бөлігін пайдалануға да мүдделі болуы мүмкін. Соңдықтан да, АК-да, үлесті меншікгің әрбір қатысушысы ортақ мүліктің өз үлесі мөлшеріне тең бөлігінің өзінің иеленуіне және пайдалануына берілуіне құқылы, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда — өз үлесіне тиесілі мүлікті иеленетін және пайдаланатын басқа қатысушылардан тиісті ақша сомасын немесе өзге де өтем төлеуді талап етуге құқылы делінген (213-баптын 2-тармағы).

Ортақ мүліктің бір бөлігін иемденуге және пайдалануға алу басқа меншік иелерімен шарт бойынша рәсімделеді. Бұл шарт дүрыс рәсімделуі тиіс, атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке қатысты ол жылжымайтың мүлікті және онымен мәмілені мемлекеттік тіркеу үшін белгіленгең тәртіпте тіркелуі керек. Үлесті меншік қатысушылары арасында мүлікті иемдену және пайдалану туралы келісімге қол жетпесе, бұл төртіп сот шешімі бойынша белгіленуі мүмкін.

Үлесті меншіктегі мүліктің бір бөлігін иелену және пайдалану туралы дүрыс рәсімделген шарт, немесе тиісті сот шешімі ортақ меншікке құқықтағы үлеске құқық басқа адамдарға ауысқанда да күшін сақтайды.

Үлесті меншіктегі мүлікгі иемдену және пайдалану құқығы өзінің заңдық тегі жағынан заттық құқық болып табылады, себебі иемдену құқығын келген құқық, егер заң құжаттарында басқадай көзделмеген болса, заттық құқық деп есептеледі, тым болмағаңда ол өзіңде заттық құқықтың элементтерін сақтайды.

Үлесті меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті еншілеу. Үлесті меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті еншілеу дегеніміз үлесті меншік құқығын толықтай немесе ішінара тоқтатудың айрықща формасы. Үлесті меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасындағы келісім бойынша олардың өздерінің арасында бөлінеді, ал үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін бөліп шығаруды талап етуге қүқыяы. (АК-ның 218-бабының 1-және 2-тармақтары). Бөлгенде ортақ үлесті меншік құқығы үлестік меншіктегі барлық мүлікке қатысты тоқтайды. Енші бөлгенде үлесгі меншік қүқыгы, егер бөлінген енші заттай берілсе, сол бөлінген бөлікке немесе бөліктерге тоқтайды.

Егер үлесті бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейішііе мүмкің болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесінің қүнын төлетуге құқылы (АК-ның 218-бабының 3-тармағы). Үлесті меншіктегі мүлікті бөлу тек ортақтас меншік иелерінің келісімімен ғана болады. Үлестік меншіктің қатысушылары ортақ мүлікті бөлу шарттары жайында келісімге қол жеткізе алмаса үлесті меншіктің қатысушысы немесе қатысушылары үлесті (үлестерді) еншілеп беруді талап етуге құқылы. Еншілеп беру барлық ортақтас меншік иелері арасындағы келісім негізінде де, олар арасында келісімге қол жетпесе, сот тәртібінде де жүргізілуі мүмкін.

Үлесті еншілеу үлесті меншіктің қатысушыларының талаптары бойынша ғана емес, сонымен қатар, өндіртіп алуды ортақ мүлікке аудару жөніндегі несие берушілердің талаптары бойынша да жүргізіледі

Үлесті меншіктегі мүлікті бөлгенде және еншілегенде бөлінген немесе енщі алған ортақтас меншік иелерінің әрқайсы меншік күқығындағы үлесінің орнына ортақ мүлік құрамындағы нақты мүлікке немесе осы үлестің қүнын төлетіп алуға меншік құқығын иеленеді. Ортақ меншіктегі үлестерді бөлгенде және еншілегевде мүліктегі үлестердің қүндық көрсеткіштегі мөлшері, егер ортақтас меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмеген болса, меншік құқығындағы үлестердің шамасына бара-бар.

Жалпы ереже бойынша үлесті меншікке қатысушы ортақ мүлікген ез үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы (АК-ның 218-бабының 3-тармағы). Бірақ кейбір жағдайларда мүлікті заттай еншілеуге заң жол бермейді немесе ол мүлікке шамадан тыс залал келетіндіктен мүмкіндік болмайды. Ортақ меншіктегі үлесті заттай еншілеуге заңда тыйым салудың мысалы ретінде Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 31-бабының 3-тармағын атауға болады, ол бойынша кондоминиумның ортақ мүлкіндегі әрбір ортақтас меншік иесінің үлесін оның бөлек (дара) меншігінен бөлуге болмайды. Мүлікке шамадан тыс залал келтірмей үлесті заттай ешііілеу, әдетте, бөлінбейтін заттарда мүмкін емес.

Ортақ мүлікке шамадан тыс зиян келтірмей үлесті заттай еншілеу мүмкін болмаған жағдайларда бұл еншіні ақшалай немесе өзге өтеммен алмастыру, әдетте, үлесін еншілеуді талап еткен меншік иесінің келісімімен жасалады. Оның келісімінсіз, сот шешімімен өтем төлеу бірден мынадай үш жағдай болғанда мүмкін болады: енші талап еткен меншік иесінің үлесінің шамалы болуы; нақты бөліп шығарудың мүмкін болмауы; бөлініп шығушының үлесті заттай алуға онша мүдделі болмауы (АК-ның 218-бабының4-тармағы).

Мүліктегі үлесті енші талап еткен қатысушының үлесті меншік құқығындағы үлесіне бара-бар заттай бөліп шығару мүмкін болмаған жағдайда, бұл мөлшер алшақтығынтөлеу жолымен немесе тиісті ақша сомасымен не бөлінген заттай үлеске басқалай қосымша төлем арқылы жоюға болады.

Егер жоғарыда айтылған тәртіпте енші бөлу сөзсіз тиімсіз болса, мысалы, ортақ меншік заттай бөлінбесе және меншік иелерінің үлестің бөлініп берілуін талап етеіін ортақтас меншік иесіне бұл үлестің қүнын төлегісі келмесе немесе нақты мүмкіндіктер болмаса, сот барлық ортақ мүлікті жария саудада сату туралы шешім қабылдауға құқылы. Одан түскен сома ортақ меншікке қатысушылар арасында олардың үлестеріне сәйкес бөлініп беріледі (АК-ның 218-бабының 6-тармағы)

Коңдоминиум. Ортақ үлесті меншіктің коңдоминиумдағы құқықтық режимі тіптен белекше, оңда заттың жекелеген бөліктеріне бөлектелген (дара) меншіктік құқық бөлек меншіктегі сол заттың сол белігіне ортақ үлесті меншік құқығымен өрқашанда үйлеседі. Бұл жерде кондоминиумдағы үлесті меншік құқығы бөлек меншік құқығының туындысы, оны толықтырады, ол құқықтан бөлінбейді, соған ілесіп отырады.

Кондоминиум институты - Қазақстанның азаматтық заңнамасы үшін жаңалық. АК-да кондоминиум ұғымы ғана берілген, ал ол туралы нормалар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңда және Жер кодексіңце берілген. Кондоминиум туралы нормалар 26-тарауда толығырақ талданған. Айта кететін бір жағдай, кондоминиумдағы ортақ меншік туралы нормалардың өзіндік ерекшеліктері соншалық, АК-ның үлесті меншік туралы жалпы нормаларын, мысалы, үлесті меншіктегі мүлікке билік ету туралы, бұл мүлікгі иемдену және пайдалану туралы, үлесті меншіктегі мүлікті сату, бөлу және еншілеудегі артықшылық құқық туралы нормаларды коңцоминиумда қолдану мүмкін емес.

3. Ортақ бірлескен меншік. Ортақ үлесті меншікке қарағанда ортақ бірлескен меншік құқығындагы үлестер бөлінбеді. Үлесті еншілеу бірлескен меншікті бөлгенде немесе еншілегенде оның тоқтаған немесе өзгерген сатысы ретінде бола алады.

Ортақ бірлескен меншік, үш түрде болады: ерлі-зайыптылардың меншігі, шаруа (фермер) қожалығының меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге меншік (АК-ның 219-бабының 1-тармағы). Заң құжаттарыңда бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бірлескен меншіктің жоғарыда керсетілгендерден басқа түрлері қарастырылмаған.

Ортақ бірлескен меншік, ол заң құжаттарында көзделген кезде және бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмеген кезде және ол кез келген уақытта үлесті меншікке айнала алатын болса, белгіленеді.

Бірлескен меншіктің қатысушыларының шеңбері заңмен анықталатын және олардың отбасылық қатынастарымен байланысты божандықтан бірлескен меншік қүқыгы құқық мирасқорлығы ретінде басқа адамдарға өте алмайды. Ортақтас меншік иелері бірлескен меншік құқығын емес, бірлескен меншіктегі мүлікті иеліктен шығара алады.

Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мулікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады (АК-ның 220-бабының 1-тармағы). Бұл ортақтас меншік иелерінің әрқайсы және олардың барлығы бірге бірлескен меншікті бүтін нәрсе ретінде тендей негізде иемденуге және пайдалануға құқылы екендігін білдіреді, мысалы, жекешелендірілген пәтерді бірлесіп иемдену және пайдалану. Өзінің ортақ мүлікгі пайдалану және иемдену құқығын бірлескен меншіктің әрбір қатысушысы кез келген уақытта және бірлескен мүліктщ бар кезінің өне бойында іске асыруға құқылы. Бірлескен меншікгің қатысушыларының келісімімен бірлескен меншікгі иеленудің және пайдаланудың өзге тәртібі белгіленуі мүмкін. Мысалы, жекешелендірілген пәтер бірлескен меншіктщ қатысушыларының біреуінід немесе бірнешеуінің пайдалануына берілуі мүмкін. Бірақ, бірлескен меншжтің қатысушылары, үлесті меншіктің қатысушыларына қарағанда, өздерінің ортақ мүліктің қандай да бір бөлігін иемденуін немесе пайдалануын бекітіп беруді немесе өздеріне тиісті өтем төленуін, тіптен, сот арқылы да, талап ете алмайды.

Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (АК-ның 220-бабының 2-тармағы). Бірақ бұл келісім тек болжамданады және ол әрбір жағдай сайын бірлескен меншікгін басқа қатысушылары тарапынан көрініс табуы қажет емес. Тек, ортақ мүлікке билік ету жөніндегі мәміле нотариалдық куәлаңдыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет еткен жағдайда үлестік меншіктің басқа қатысушыларының оған келісімі нотариалдық тәртіпте расталынуы тиіс. Бірлескен меншікке билік ету бірлескен меншіктің барлық қатысушыларының келісімімен жүзеге асырылатындықтан, олардың кез келгені, басқа қатысушының ортақ мүлікпен байланысты мәміле жасауға ниетін біліп, оған қарсы сөз айтуға құқылы. Мұндай жағдайда мәміле жасалынбайды, ал жасалған болса, ол сот арқылы заңсыз деп танылады. Бірлескен меншікгің қатысушысы басқа қатысушы жасаған мәмілеге қарсы дау айтуға құқылы. Бірақ, мәміле жасаған қатысушыда қажетті өкілеттіктер болмаған себеітті, мәміле онътң басқа тарабының бұл жайында білгеңдігі немесе қалайда білуге тиіс екендігі далелденгенде ғана заңсыз деп танылады.

Бірлескен меншіктің қатысушыларының мүлікте алдын ала белгіленген үлестерінің болмауы бұл мүлікті бөлу және одан енші алу тәртібінен байқалады. Мұндай бөлу немесе еншілеу қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлестері алдын ала анықталған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте, егер заң құжаттарында немесе бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмесе, олардың үлестері теңдей деп танылады. Үлестерді анықтау процесі, әдетте, уақыты жағынан мүлікті белумен немесе одан енші шығарумен сай келеді. Бірақ, үлестерді анықтау сатысының өзінде қосалқы маңыз бар. Егер мүлікті бөлу немесе еншілеу қандай да бір себептермен болмай қалса, онда бірлескен меншіктегі үлесті анықтау да өз мәнін жоғалтады, ал бірлескен меншіктің өзі, егер меншік иелері қаламаса, үлесті меншікке айналмайды.

Бірлескен мүлікті бөлу немесе одан үлесті шығару жоғарыда қаралған үлесті меншікті бөлу немесе одан енші шығару үшін белгіленген заң тәртібінде жүргізіледі. Әрине, егер заң құжаттарында бірлескен меншіктің кейбір түрлері үшін өзгедей белгіленбеген болса және бірлескен меншіктің қатысушыларының қатынастарының сипатынан туындамаса.

Ортақ мүліктегі үлесті бірлескен мулікке қатысушының несие берушісінің талабы бойынша еншіге бөлудің бірқатар ерекшеліктері бар, ол ортақ мүліктің бірлескен немесе үлесті екеңдігіне байланысты емес. Несие беруші өз талабын қанағаттандыруға борышқордың басқа мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, өндіртіп алуға аудару үшін үлестің еншіленуін талап етуге құқылы. Бұл ретте ортақ меншікке қатысушының үлесіне өндіртіп алуды аудару оны сот шешімі негізінде жария саудада тікелей сату арқылы жүреді, егер ортақ меншікгің қалган қатысушылары несие берушінің талабы бойынша бұл үлесті сатып алудан бас тартса немесе оны борышты жаба алмайтындай бағамен алуға келіссе.

Ерлі-зайыптылардын ортақ меншігі. Мүлік ерлі-зайыптыларға бөлектелген, ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті меншік құқығында тиесілі болуы мүмкін. Заңның жалпы ережесі бойынша ерлі-зайыптылардың некеде түрған кезде жинаган мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптыларға некеге түрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде түрған кезінде сыйға тартылған немесе мүрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың өрқайсысының меншігі болып табылады (АК-ның 223-бабыньщ 1 және 2-тармақтары).

Ерлі-зайыптылардың некеде түрған кезде жинаған бірлескен меншікке құқығы туралы норма диспозитивті. Ерлі-зайыптылар арасыңдағы шарттарда, оның ішіңце некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесгі меншігі болып табылады, не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөлістеріңде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көрсетілуі тиіс. Бірлескен меншік шарт бойынша емес, тек заңға сәйкес белгіленетін болғандықтан, ерлі-зайыптылардың бірге түрмаған кезде жинаған мүлікті немесе олардың біреуінің бөлектелген меншікке алған мүлікті бірлескен меншік деп тану туралы келісім жасауына жол берілмейді. Мұндай мәмілелер заңсыз. Бірақ, ерлі-зайыптылардың өздерінің некеде түрған кезде жинаған мүлкіне бірлескен меншік режимін емес, басқа құқықтық режим белгілеу туралы шарттарын тоқтату жөніндегі келісімдері заңды деп танылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ортақ меншік туралы АК нормаларымен, сондай-ақ отбасы заңнамасымен реттелінеді. Бұл ретте ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігіне бірлескен меншік туралы жалпы нормаларды қолдануға болады, егер ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі туралы арнаулы нормалар өзгедей ереже белгілемесе.

Ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі туралы нормалар неке заңда белгіленген тәртіпте жасалса ғана қолданылады, себебі 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Неке және отбасы туралы Заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес еркек пен әйел арасында заңға сай жасалған одақ неке деп танылады. Сондықтан іс жүзіндегі неке (бірге түрушылық) кезіңде тапқан мүлік бірлескен меншік бола алмайды, бірақ ортақ меншік деп айтуға негіз болса, оңда бұл адамдардың сондай меншіктерде улестері болуы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың неке кезінде жинақтаған мүлкінің ортақтығы туралы жалпы ережеден заң бірқатар баптарды алып тастаған. Бұл алып тастағандарға неке кезінде жинаған мүлікті ерлі-зайыптының бірлескен емес, бөлекгелген меншігі деп тану да, ерлі-зайыптылардың бөлектелген мүлкін олардың бірлескен меншігі деп тану да жатады. Қымбат бағалы және басқа әсемдік заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киім-кешек, аяқ киім және т.б.) некеде түрған кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жүбайдың бөлектелген меншігі болып танылады. (АК-ның 223-бабының 2-тармағы). Бұл ережеге кеңінен түсінікгеме беруге болмайды. Ол ерлі-зайынтылардың біреуі гана пайдаланылатын заттар емес, өзінің сипаты бойынша дара қолданылатын заттарға ғана қатысты. Мысалы, егер отбасында автомобиль немесе мотоцикл болса, ол ерлі-зайыптылардын бөлектелген емес, ортақ меншігі болып табылады, ал оның ерлі-зайыптылардың біреуінің атына тіркелгені ешқандай рөл атқармайды. Неке және отбасы туралы Заңның 34-бабының 2-тармағына сәйкес ерлі-зайышылардың неке кезінде, бірақ некенің іс жүзінде тоқтауына байланысты олардың бөлек түрған кезінде жинаған мүлкін сот олардың әрқайсысының өз мүлкі деп тануына құқылы.

Отбасы заңнамасы неке кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі өзіне некеге дейін тиесілі болған қаражатқа немесе бөлектелген мүлікті сатқанда түскен ақшаға сатып алған мүлікті де бөлектелген деп таниды. Әрине, ерлі-зайыптылардың біреуінің неке кезіңде бөлектелген мүлікті сатудан түсірген ақшасы да оның бөлектелген мүлкі болып қалады.

Керісінше, егер ерлі-зайыптылардың біреуінің бөлектелген меншігіндегі мүлікке неке кезінде ортақ мүлік есебінен қүнын едәуір арттыратыңдай толықтыру болса, бөлектелген мүлік олардың бірлескен меншігі деп танылуы мүмкін. Бірлескен мүлікті иеленудегі, пайдаланудағы және оған билік етудегі ерлі-зайыптылар құқығы теңдей. Ол ерлі-зайыптылардың әрқайсысының ортақ мүлікгі қүрудағы нақты салымына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың біреуі үй шаруашылығымен, бала бағумен айналысып өзінше табыс таппаса да олар мүлікке теңдей құқықпен пайдаланады. Сондықтан да, ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті бөлгенде олардың үлестері теңцей болады. Мүлікті бөлгенде, кейбір реттерде, кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ескере отырып немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің орынды іілегін ескеріп тендік принципінен ауытқу болуы мүмкін (Неке және отбасы туралы Заңның 37-бабының 2-тармағы).

Шаруа (фермер) қожалығының бірлескен мешшгі. АК шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ меншігінің құқықтық режимін анықтағанда шаруа және фермер шаруашылығының арасын сараламайды. Ол шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады деп белгілейді (АК-ның 224-бабының 1-тармағы).

Кейінгі арнаулы заңнама біртүтас шаруа (фермер) қожалығы ұғымында оның үш негізгі формаларын бөліп алды. Жеке кәсіпкерлік туралы заң шаруа (фермер) қожалығының негізгі формалары деп, біріншіден, кәсіпкерлік қызмет бірлескен мешпік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік формасында жүзеге асырылатын шаруа қожалығын; екіншіден, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер шаруашылығын; үшіншіден, бірлескен қызмет туралы шартқа негізделген жай серіктестік формасында ұйымдасқан фермер шаруашылығын тандцы. (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 8-бабы). Шаруа (фермер) қожалығының формаларын осылай бөлу 1998 жылғы 31 наурыздағы "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңда да бар (Заңның 1-бабының 3-тармагы). Сонымен, шаруа (фермер) қожалығы шаруа қожалығының бір түріне, фермер қожалығының екі түріне бөлінген.

АК-ның шаруа (фермер) қожалығына қатысты нормаларын (224-226-баптар) шаруа қожалығына толықтай қолдануға болатындығы сөзсіз.

Шаруа қожалыгы мүшелерінің бірлескен меншігінде оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылық және өзге де қора-қопсы құрылыстары, мелиорациялық және басқа да қүрылыстар, өнім беретін мал мен күш көлігі, қүс, ауылшаруашылығы және өзге техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайман және басқа мүлік болады (АК-ның 224-бабының 2-тармағы). Шаруа қожалығы жүргізілетін жер учаскесі, шаруашылық мүшелері мүлкінің маңызды қүрамдас бөлігі болғанмен, олардың меншігінің құрамына кірмейді.

Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі бір мақсат үшін — кәсіпкерлік қызмет түрінде шаруашылық жүргізу үшін қүрылады. Бірақ, шаруа ауласыңдағы бірлескен меншіктің құрамына кірген мүлік, өз мақсатында пайдаланылмаса, бірлескен меншік болып қала береді. Тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге немесе ауылшаруашылық өнімдерін өндеуге арналмаған мүліктер, шаруа қожалығының мүшелері болып табылатын адамдардың қаражатына алынса да, ондай қожалық мүшелерінің бірлескен меншігіне жатпайды. Мысалы, бұл адамдарда жеке немесе ортақ меншігі құқығында жиһаз, радиоаппаратура, тұрғын үй болуы мүмкін. Бірақ бұл заттар бұларға шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі құқығында емес, меншік құқығының өзге түрлерінін; субъектілеріне тиесілі сияқты. Мысалы, ерлі-зайыптылар шаруа қожалығының мүшелерінде ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі ретінде тұрғын үй немесе өзге мүлік болуы мүмкін, бірақ олар ерлі-зайыпты болса да бұл мүліктер шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі бола алмайды. Сондықтан да ортақ меншіюгің сипатын оның құқықтық режимін анықтағанда ескеру қажет. Және де, шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі туралы норманың диспозитивті екендігін ескерсек, мүшелердің келісімімен бұл меншіктің өзге құқықтық режимі белгіленуі мүмкін.

Шаруа қожалығыңда бірлескен меншіктің құқық субъектілері әрқашанда сол қожалықтың мүшелері - жеке тұлғалар болады. Шаруа (фермер) қожалығы, ҚР заңнамасына сәйкес, заңды тұлға болуы мүмкін емес.

Шаруа қожалығы мүшелерінің шеңбері "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңда анықталған. Бұлар - ерлі-зайыптылар, олардың балалары, оның ішінде асырап алғандары, ата-анасы және ортақ шаруашылықты бірге жүргізуші жақын туыстары.

Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігін иелену, пайдалану және оған билік ету, негізінен, бірлескен меншіктегі мүлікгі иелену, пайдалану және оған билік ету туралы жалпы ережеге бағынады. Бірақ мұнда шаруа қожалығының басшысын заңның бөліп қарауына байланысты бірқатар ерекшелік бар. Шаруа қожалығының басшысы жасы 18-ге толған ҚР азаматы болуға тиіс. Шаруа қожалығының басшысы басқа тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қатынастарда оның мүддесін қорғайды, қожалық мүшелері атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайды ("Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңның 1-бабының 4-тармағы).

Егер шаруа қожалығының мүшелері ортақ мүлік үшін бірлескен емес, үлесті меншік режимін белгілесе, онда ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік жасау үлесті меншікті иелену, пайдалану және оған билік етудің АК-да белгіленген ережелері бойынша болады.

Шаруа қожалығы үшін маңызды бір мәселе - жемістердің, өнімдердің және шаруа қожалығы қызметінің нөтижесінде алынған өзге табыстардың құқықтық тағдыры, себебі қожалықтың өзі кәсіпкерлік қүрылым болып табыс алу үшін қүрылады. Бұл табыстар шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі деп танылады, олар мүшелердің өзара келісімі бойынша пайдаланылады (АК-ның 229-бабының 3-тармағы).

Фермер қожалығыңдағы мүлікті меншіктеу мәселесі күрделірек. Біріншіден, бұл қожалықтың заң бөліл алған екі формасында мүліктің құқықтық режимі әртүрлі, және ол шаруа қожалығындағы мүліктің құқықтық режиміне сәйкес келмейді. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделғен фермер қожалығыцца, әдетте, бірсубъектік меншіктің құқықтық режимі белгіленеді. Жай серіктестік формасында ұйымдасшрылған фермер кожалыгында ортақ үлесті түршдегі көпсубъектік меншіктің құқықтық режимі белгіленеді.

Екіншіден, фермер қожалығыңдағы меншіктің құқықтық режимін анықтауды "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңның кейбір нормаларындағы қайшылықтар қиындатып отыр, ол бір жағынан "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңға ілесе шаруа (фермер) қожалығының формалары ретінде аталған үш форманы бөліп алады. Екінші жағынан, ол, шаруа (фермер) қожалығын, ауыл шаруашылығына арналған жерді пайдапала отырып жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырушы адамдардың отбасы-еңбек бірлестігі деп санайды, бірақ бұл анықтамада ол шаруа және фермер қожалықтары арасына саралау жасамайды және қожалық мүшелерінің шеңберін тек ерлі-зайыптылармен және жақын туыстармен шектейді. (Заңның 1-бабының 1 және 2-баптары).

Ал, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы, мүлде, тіптен отбасы-еңбек бірлестігі емес. Сондықтан да ол отбасы-еңбек бірлестігі ретінде фермер қожалығы мүшелерінің ортақ меншігіне ие болмайды және бола алмайды да, "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңға сәйкес жеке кәсіпкерлікті, бірлескенге қарағанда, бір азаматтың өзі, өзіне меншік құқығында тиесілі мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге құқық негізінде жүзеге асырады (Заңның 3-бабының 2-тармағы).

Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде серіктестік формасында ұйымдастырылған фермер қожалығын да отбасы-еңбек бірлестігі деп қарастыруға болмайды. Жай серіктестік АК-ның 12 тарауында реттелмеленген, ол бұл серіктестіктің қатысушыларын бір отбасы мүшелерінің шеңберімен шектемейді. Олар туыстық қатынаста түрмайтын адамдар да болуы мүмкін. Жай серіктестік оның мүшелерінің ортақ үлесті меншігі базасында жұмыс істейді, ол меншікті мүшелер бірлескен меншікке өзгерте алмайды, себебі бұл меншік заң құжаттарыңца тікелей көзделген реттерде ғана туындайды. Фермер қожалығының үлесті меншігін иемдену, пайдалану және оған билік ету АК-ның үлесті меншік туралы жалпы ережесіне бағынады.

Бұл айтылғандарды ескерсек, АК-ның шаруа (фермер) қожалығының меншігі туралы нормалары түзетуді қажет етеді, себебі олар осындай формадағы фермер қожалығына емес, шаруа қожалығына есептелген. Түзетуді, жоғарыда аталғаңцай, "Шаруа (фермер) қожалығы хуралы" Заң нормалары да қажет етеді.

АК шаруа (фермер) қожалығындағы мүлікті ол тоқтаған жағдайда бөлуді ерекше реттемелейді. Бөлу тәртібі, негізінен АК-ның мүлікті ортақ меншік құрамынан бөлу және еншілеу туралы жалпы ережелеріне сәйкес келеді. Бірақ өңдіріс қүраддары шаруа қожалығы мүшелерінің біреуі шыққанда еншілеуге жатпайды, ол шыққан соған шамалас ақшалай етем алуға құқылы.

АК шаруа (фермер) қожалығын шаруашылық серіктестііше немесе кооператавке қайта ұйымдастырғандағы мүліктің құқықтық режимін де анықтайды (226-бап). Заңда көзделген кез келген формадағы шаруашылық серіктесгігі мен кооператив шаруа (фермер) қожалығының базасында, өңдірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктерін ұйымдастыру үшін көзделген жалпы тәртіпте қүрылуы мүмкін. Мүндай шаруашылық серіктестікті немесе кооператив заңды тұлға ретіңде өзіне салымдар және шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің басқа жарналары түрінде берілген мүліктің меншік иесіне айналады.

Жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен меншік.АК-ның бір бабы (227-бап) жекешелендірілген тұрғын ұйге бірлескен меншікке арналған. Бұл тұрғын үйге ортақ меншіктің түрлерінің бірі — бірлескен меншікті реттемелейді. Тұрғын үйге құқық, оның ішінде жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен меншік құқығы. Тұрғын үй қатынастары туралы заңда толығырақ реттемеленген.

Жалдаушының мемлекеттік қордың үйлерінен жекешелендіру туралы заңнамаға сәйкес сатъш алған немесе төлемсіз иеленген тұрғынүйі жалдаушының және онымен бірге түратын отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың және уақытша жоқ адамдардың, егер олардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе, бірлескен меншігіне өтеді.

АК-ның 227-бабы кез келген бірлескен меншік құқығын емес, тек жекешелеңдіршген тұрғын үйге, яғни жалдаушы мен оның отбасы мүшелеріне жекешелендіру тәртібінде өткен тұрғын үйге бірлескен меніиік құқығынреттейді.

Соңдықтан да азаматтардың меншігіне өзге негіздер бойынша өткен, оның ішінде бүрын жекешелендірілген (мысалы, сатыналынған, сыйға тарту шарты бойынша алған) тұрғын үйлерге меншіктің басқа түрлері, оның ішінде бірлескен түрі белгіленеді, бірақ ол жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен меншік емес.



Талқылау сұрақтары:

1. Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері

2. Ортақ үлесті меншік құқығы

3. Ортақ бірлескен меншік

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет