Мамандығына арналған «Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ»


Мәмлелер 1. Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері



бет11/13
Дата25.12.2016
өлшемі2,9 Mb.
#5261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мәмлелер

1. Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері

2.Мәмленің нысаны және оның маңызы

3. Жарамсыз мәмле және оның салдары.

Дәрістің мақсаты мен міндеті: мұғымы және олардың түрлерін анықтау, сипаттама беру. Біржақты, екіжақты және көпжақты мәмілелер. Шартты мәмілелер. Мәміленің нысаны. Ауызша және жазбаша мәмілелер. Мәмілелерді тіркеу тәртібін қарастыру.

Мәмілелерің жарамды болу шарттары. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамаудың салдары. Жарамсыз мәмілелер. Жарамсыз мәмілелердің негіздері. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктеріне жеке сипаттама беру.



Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

  1. ҚР Азаматтық кодексі, 2007.

  2. «Жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу және олармен жасалатын мәмілелер туралы» ҚР Заңы

  3. Басин Ю.Г. Сделки. А., 1996.

1. Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері

АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмле деп танылады.

Дем,ек, субьектілердің мақсатты әрекеттері мәмле деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу, мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту, ең ақырында оларды тоқтату болып табылады.

Мәмле дегеніміз- бұл заңды, рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын әрекеттерді «мәмле» деп атайды. Мәмле - бұл саналы түрде жасалатын әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәмле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұны және еріктің сыртқы көрінісін айыра білу керек.

Адамның сөзімен мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданадын.

Мәмле дегеніміз- бұл қашан да ерікті білдіру болғандықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Яғни, әрекетке қаблетсіз азаматтар мәмлелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заң рұқсат еткен мәмлерерді ғана жасауға құқылы (АК-ның 22 және 23 баптары) Заң мәмлелердің екі түрін ажыратады: бір жақты мәмлелер және шарттар.

Бір жақты иәиле бір тараптың еркін білдіреді және оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтынына қарамастан қолданыла береді. Бірқатар жағдайларда мәмле жай міндеттемені туғызады, мұнда мәмле жасаған адам борышқор болады, ал оның пайдасына мәмле жасаған адам- несие беруші адам болады. Мысалы, жай вексельді беру. Кейде бір жақты мәмле міндеттемені тоқтатады, мұнда мәмле жасаған адам несие беруші , ал оның пайдасына мәмле жасаған адам борышқор болады. Мысалы, борышты кешіру (АК-ның 378-405)

Кез келген шар кем дегенде екі жақты әрекеттен туындайды: бір тараптың шарт жасасу жөніндегі ұсынысы және екінші тараптың ұсынысты қабылдау жөніндегі келісуінен туады. Бұл жөнінде АК-ның 23 тарауында айтылған.

Басқа негіздер бойынша мәмлелер өзге де түрлерге бөлінеді. Казуальдік және абстрактілік мәмлелер арасындағы айырмашылықтың өте зор практикалық маңызы бар. Казуальдік-немесе себепті мәмленің тағдыыры тұтасымен оның өз жасалған негізге тәуелді болады. Негізінің бұзылуыжасалған бір жақты мәмленің заңдық күшін жояды. Мәмле бұл-тектік ұғым, ал шарт – түрлік ұғым. . кез келген шарт бұл мәмле, ал кез келген мәмле- шарт емес. Күнделікті тұрмыстағы және тіпті ресми тәжірибеде шарт басқа терминдермен де белгіленеді. Келісім-шарт, тараптардың келісімі. АК-ның 150 бабы шарпен жасалған мәмлелерге, яғни шартты мәмлелерге арналған.

2.Мәмленің нысаны және оның маңызы

. Мәмле заңмен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана заңдық маңыз алады, ал ол арқылы мәмлеге қатысушы өзінің еркін білдіреді. Сөз жүзінде жасалатын мәмлелер ауызша мәмлелер деп танылады. Қатысушылардың еркі тікелей, шарт жасауға бағытталған конклюденттік әрекеттер арқылы білінетін мәмлелер де, сондай-ақ қатысушының еркі үндемеу арқылы білінетін мәмлелер де ауызша түрде жасалатын мәмлелер қатарына жатады. Заң мәмленің қандай жағдайларда жазбаша түрде жасалатынын айқындайды. Бірақ мәмле жасаудың ауызша нысанын қолдану мүмкіндіктері үшін заңи нұсқаулар жоқ. Ауызша мәмле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151 бабынан өзгеше, оның 152- бабы жазьаша мәмле қажеттігінің едәуір қатаң шекарасын белгілейді. Аталған бапқа сәйкесмәмлелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:



  • Егер мәмлелердің жекелеген түрлері үшін заңда рда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісініңәдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмлелер жасау кезінің өзінде орындалатындарының басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;

  • Мәмлелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарының басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астам омаға;

  • Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де ретте.

Аталған жағдайлар үшін мәмленің жазбаша түрінің тиімділігі- ол мәмленің болуын да, оның мазмұнын да неғұрлым дұрыс көрсетеді. Бұл мәмлеге қатысушылардың құқықтары барынша сенімді қорғауды және бухгалтерлік есеп жүргізудің барынша дәл жүйесін жасауды қамтамасыз етеді..

Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген ретте жазбаша мәмлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін жасалады деп саналады.

Заң бірқатар жағдайларда жасалған мәмлелерді тіркеуді талап етеді. Мәмлелерді тіркеу мынандай бірқатар проблемаларды шешеді:



  • мәмле толық заңды күшіне енеді;

  • тіркеу туралы құжат субьектінің мәмле бойынша иеленген құқықтарын құжатпен растйды;

  • бірыңғай тіркеу жүйесі оларды жасау жеке емес, жария мүддені білдіретін мәмлені толық есебін жолға қоюға мүмкіндік береді.

Мәмле жасаудың жазбаша түрі тіралы талаптарды сақтамаудың салдары қандай деген сауалға тоқталсақ, Заңнан мынандай екі жауап шығады: біреуі- жалпы ереже ретінде , екінші- жалпы ережеден ерекше жағдай ретінде қолданылады.

Жалпы ереже мынандай: мәмленің жазбаша түрінің бұзылуы оның жарамсыздығын туғызбайды. Егер тараптар оның жасалуы және мазмұны туралы фактінің төңірегінде дауласпаса, мәмле заңдық күшін сақтайды.

3. Жарамсыз мәмле және оның салдары.

АК-ның 157-бабы мәмленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың еркін білдіру бостандығына қойылатын талаптарбұзылатын жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокуратураның талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін деп көрсетеді. Аталған талаптардың біреуінің бұзылатын болса, мәмле жасалған заңдық факт ретінде таныла алмайды және заң күшіне ие болмайды. Заң шығарушылар мәмлені жарамсыз деп танудың нақты негіздерін белгілеуде нақ осы мән-жайларды басшылыққа алады.

Құқық бұзушылық жеке адамдардың мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, онда мәмлені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке тұлғаның талап етумен сот шеше алады. АК-ның 2 бабына сәйкес мемлекеттік органдардың мұндай дауға араласу құқығы жоқ. Керісінше, жария мүдделер бұзылғанда мәмлені жарамсыз деп тану туралы сотқа қойылатын талапты, мәмленің екі қатыушысы оның шартарымен келіскен боса да, оны қоюға жария орган құқылы болады.

Сонымен, егер мәмле мынандай талаптарды бұзатын болса, мәмле жарамсыз деп танылуы мүмкін: а) оның шарттарының заңдылығы туралы, яғни оның мазмұнының заңдылығы туралы; б) мәмлеге қатысушылардың мәмле жасау қабілеттілігі туралы; в) олардың ерік білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы;

Мәмле мазмұнының заңдылық туралы талаптарының бұзылуы АК-ның 158-бабы бұл жөнінде мәмленің аса маңызды талабы- оның заңға толық сәйкестігі деп айқындалады. Мұнда заңның кез келген бұзылуы жөнінде сөз болып отырған жоқ. Құқықбұзушылықтың көп болуы АК-ның 159 бабына және өзге заң ережелеріне сәйкесмәмлелердің жарамсыздығына негіз болады. Ал 158-бап мәмле мазмұнының заң талаптарына сәйкес келмеуіне қарсы, яғни ашық заңға қайшылыққа қарсы бағытталған. Бұл мәмленің қылмыстың жаксалуын, заңның бұйрық ережелерін орындаудан жалтаруды, айналымнан алынған заттарды жеке адамдарға сатуды және т.с.с. көздейтін жағдайлар болуы мүмкін.

Алайда, заңда белгілі бір мәмлені жасауға рұқсат ететін норманың болмауы ғана оны жарамсыз ете алмайды. Мазмұны заңда тыйым салынған қағидаларды бұзаты мәмле жарамсыз деп танылуға тиіс.

АК-ның 158- бабының 2-тармағына заңның ұйғарымдарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын, мәмлені қасақана жасаған адам, егер мұндай талап пайдакүнемддік мақсаттармен немесе жауапкершіліктен жалтару ниетмен жасалатын болса, мәмлен жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы болмайтынын көздейді.

Мәмле жасау кезінде заңды саналы түрде бұзған, одан соң өзінің осы құқықбұзушылығына сүйеніп, мәмлені жарамсыз деп тануды талап ететін жеке және заңды тұлғалардың талаптарын қанағаттандыруға аталған себептер бойынша жол берілмейді.

Мәмленің жарамсыздығының салдарын айқындайтын негізгі ережелер АК-ның 157 бабында белгіленген. Оған сәйкес, екі жақты реституция, яғни мәмле жарамсыз деп танылған тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәмле бойынша алынған бәрін қайтарып беруге, ал заттай заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.

ҚР Азаматтық кодексі жарамсыздық салдарын бұлайша жалпылама бөлуді көздемей, бірақ ерекше жағдай ретінде бір жақты реституцияны қолдануды не реституцияға жол бермеуді жақтайды, бірақ бұл мынадай бір ғана жағдайда мүмкін болады: жасалған мәмле қылмыстық мақсатқа –есірткі заттарды сатып алуға-сатуға, бөтен автомашинаны айдап әкетуге бағытталған жағддайда.

Заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін жасалған мәмле жалған мәмле деп аталады. Жалған мәмле кейде өтірік мәмле деп аталады.

Мәмлелер туралы заңдардың негізгі ережелері осындай, олар мәмлелердің құқықтық маңызын, жасалу тәртібін, мазмұнын және жарамдылық жағдайларын айқындайды. Бұл ережелер мәмлелердің азаматтық, ең алдымен, мүліктік құқықтық қатынастарды туғызатыннегізгі заңдық факті екенін басшылыққа алады.

Әрбір азамат, әрбір заңды тұлға күн сайын, кейде күніне бірнеше рет мәмлемен ұшырасады, оларға қатысады, құқықтық сипатын ұдайы ұғына бермесе де, олардың орындалуына атсалысады. Мәмлелердің заңдық сипаттамасын білу және дұрыс түсіну – экономикалық айналымға қатысушылардың заңды мүдделерін қорғаудың маңызды шарты.
Талқылау сұрақтары:

1. Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері

2.Мәмленің нысаны және оның маңызы

3. Жарамсыз мәмле және оның салдары.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік
1. Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің қасиеттері

2. Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері

3. Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты

4. Жауапкершіліктің мөлшері

Дәрістің мақсаты мен міндеті: азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ұғымына сипаттама беру. Азаматтық жауапкершіліктің бастаулары және оның құқықтық жауапкршілік жүйесінде алатын орны. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Үлесті, ортақтасқан және субсидиарлық жауапкершілік. Араласқан құқықтық жауапкершіліктің шарттары. Заңға қарама-қайшы әрекет, залал, кінә, себепті байланыс азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарттары ретінде. Моральды шығынды өтедің ерекшеліктерін қарастыру.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:


  1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.

  2. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 25 декабря 1995. «О применении судами законодательства о возмещении морального вреда». Вестник Верховного Суда, 1996.-№1.

  3. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 22 июля 1996. «О практике применения судами законодательства о защите прав потребителей». Вестник Верховного суда,1996.-№3.

  4. Алексеев С.С. Общие дозволения и общие запреты в советском праве.-М.,1989.

  5. Грибанов В.П. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанности.-М.,1973.

1. Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің қасиеттері

Жауапкершлік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Жалпы алғанда жауапкершілк дегеніміз, заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынасының субьектісіне қолданылатын мүлікті өндіріп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады.

Жауапкершілкке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық – құқытық жауапкершілік мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың да, осы мақсаттың алдын алудың да тәрбиелік маңызы айырықша. Азаматтық –құқық қатынасының субьектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамдық қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс, әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Осыған сәйкес

Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:

- борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;

- борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;

- борышқордың міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

- белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;

- борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.

Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі.

Азаматтық – құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылад, себебі, жалпы ереже бойынша азаматтық – құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттері кездеседі.

Азаматтық –құқықтың жауапкершілік түсінігі – заң ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы жауапкершілікті бөліп қарайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасымен жүзеге асырылуы деп біледі. Сонымен бірге міндеттемені тиісінше орындауда азаматтық –құқықтың жауапкершілік әрқилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.

Заң жүзінде жауапкершілік әрқашанда мінез – құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол құқық бұзушының мінез – құлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективті жауапкершілік деп атайды.

Жауапкершілік дегенді мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шарасын қолдану деп те түсіндіреді.
2. Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері

Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.

Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-құқытық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі бір жағдайларды айқындап алу қажет. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:

-тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекеті, не әркетсіздігі)

- жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы,

-құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;

- құқық бұзушының кінәсі;

Нақты тұлғаға азаматтық – құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы - азаматтық- құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреу болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетеміз.

Құқыққа қайшы тұлғалардың қылықтары – азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізі. Құққықа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс -әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түскен екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын бұзуға әкеп соғады.

Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудың бірден бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды. Тұлғаның құқыққа қайшы қылығының жағдайы іс-әрекетте не әрекетсіздікте көрінуі мүмкін. Мінез-құлықтың саналы түрде болуы обьективті жағдай, құықтық қатынасқа қатысушылардың құқық бұзушылығы оған қармайды, сондықтан да қылмыстық құқықта ол қылмыс құрамының обьективті жағын құрайды.

Бұл арада мәселенің екі жағына тоқтала кеткен жөн.

Біріншіден, заңдарды білмеу құқық бұзушыны ештеңеден арашалай алмайды.

Екіншіден тәртіптің саналылықпен жүзеге асуы басқаға, яғни құқық бұзушылық құрамының субьективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты.

Кінә - азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізі.

Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін жан – дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезнуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.

Азаматтық заңдарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзндік міндеттемелерді орындамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан көрінеді.

Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жуапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Керсінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да келтірілген зиян үшін жауап бермейді. Азаматтық кодекстің 359 – бабы 1- тармағына сәйкес егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.

Азаматтық кодекстің 359- бабының 1- тармағының жалпы нормасы кәсіпкерлік саласына қолданылмайды. Азаматтық кодестің 2- тармағында кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген: міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа кінәсі болмаса да жауап береді.

Зиян – заңмен қорғалатын игілк атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны зала деп атайды.

Азаматтық кодекстің 9 бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген.

Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:

- құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы

- сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары

Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, оны тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді.

Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдық, адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал және тағы басқалар жатады.

Себепті байланыс - азаматтық -құқықтық жауапкершілктің негізі. Азаматтық құқықтық жауапкершілікті анықтау үшін құқққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Қандай да бір құқыққа қайшы іс- әрекет жасағандығы үшін жауапкершілк жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс-әрекеттің кездейсоқ бола қалған ғана іс емес, сол іс-әрекетке байланысты дағдылы, қалыпты тетігімен туғандығын анықтауы шарт.

3. Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты

Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айыруға болады.

Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс боп бөлінеді, яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр жақтың өзара шартынан, сондай – ақ басқа әректтерінен туындайтын құқықтық қатынастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық пайдалы нәтижелерге қол жеткізуі болып табылады., бірақ заң мен шарт олардың мүмкін болатын құқық бұзушылығына орай міндеттері мен жауапкершілктерін қарастырады. Сондықтан, мұндай қатынсатар бойынша жауапкершілік осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс- әрекеттерін сол нормалармен реттейді.

Шарттан тыс қатынастар құқыққа қайшы келетін екі жақтың бірінің кездейсоқ әрекеттерімен сипатталады. Сол себепті, жуапкершілік қатынастары өзгелерінен бөлек реттеледі, заң шығарушы жәбірленушіге қарағанда құық бұзушыға барынша қатаң қарайтыны табиғи нәрсе.

Егер құық қатынасында жауапкершілік субьектілері бір нешеу болса, онда жауапкершілік үлестік немесе ортақтасқан сипатта немесе субсидиарлы болып есептеледі. Құқықтық қатынастың екі жағының да кінәсі болған жағдайда оны аралас кінә деп атайды. Егер бір жақта бірнеше адамның кінәсі бар болатын болса, оны бірлескен кінә деп атайды.

Міндеттемелерде тұлғалар көп болғанда, сондай- ақ міндеттемені орындау үшінші жақпен жүзеге асырылатын жағдайда, регрестік талаптар бойынша жуапкершілік туындайды.

Заң жауапкершілік шарасы бойынша залалдың толық өтелуін талап етеді. Кейбір міндеттемелерде жауапкершіліктің борышқорлардан белгілі бір затты жеке беру міндеті туралы түрі де кездесуі мүмкін. Мұндай шаралар негізінен алғанда, заңды немесе шартта әдейі көрсетілмей-ақ қолданыла береді. Жауапкершіліқтің басқа шаралары жалпы ережеге сай келеді әрі заңның немесе шарттың арнайы көрсетуімен жекелеген міндеттемелерде қолданылады ( мысалы, есеп айырысу құқық қатынастарында кездеседі). Тағы бір шаралар бас міндеттемеге қосымша ретінде қарастырылады және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету құралы ретінде көрініп, сонымен бір мезгілде жауапкершіліктің шарасы болып табылады.

Сипаты жағынан жауапкершілік заттай және ақшалай болып келеді.

4. Жауапкершіліктің мөлшері

Жауапкершіліктің мөлшері жауапкершіліктің түріне және басқа да жағдайларға байланысты әрқалай болады.

Заладың орнын толтыру кезінде өзгертілетін бағаның қандай деңгейде болу керектігі есепке алынуына байланысты ол мәселені шешуде маңызды орын алады. Егер заңдарда немесе шарттта өзгеше көзделмесе, міндеттеме орындауға тиісті жерде, залады анықтаған кезде борышқор несие берушінің талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнгі бағаға жүгінеді. Ал егер талап ерікті түрде қанағаттандырылмаған жағдайда сол талап арыз берілген күнгі қолданылған баға назарға алынады. Мән-жайларды негізге ала отырып, сот шешімі шығарған күні не нақты төлем төленген күні қолданылған бағаны назарға ала келіп, залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.

Заладың орнын толтыру жәбірленушінің мүліктік жағдайын қалпына келтіруді мақсат етеді. Әдетте, зала толық көлемде қалпына келтірілуге тиіс. Осыған байланысты азаматтық құқықта заладың толықтай орнын толтыру принципі қаралған.

Егер міндеттеменің орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындалмауы екі тараптың да кінәсінен болса, сот соған сәйкес борыщқор жауапкершілігінің мөлшерін де азайтады.

Сот мұндай жағдайда міндеттемені орындамаудағы борышқордың да, несие берушінің де әрекеттерін бағалайды., егер несие берушінің кінәсі жалпы келетін заладың ішіне енетін болса, онда оның үлесін шегеріп тастайды,яғни борышқордың мойнындағы зиянның қалпына келтіру мөлшері азаяды.

Жақтардың кінәсінен мерзімді өткізіп алуды заң қарастырған. Борышқордың мерзімді өткізіп алуы оны жаупкершілікке әкеліп соқтырады, міндеттмеде қарлмаған болса ақшалай міндеттеме мен міндеттілікке орай кездейсоқ орындай алмағаны үшін пайыз төлейді. Егер несие беруші борышқор ұсынған талапты тиісті дәрежедегі орындаудан бас тартса, немесе аяқталғанға дейін борышқор өз міндетін атқара алмаған міндеттің мәніне туындайтын әрекеттерді жасамаған болса, мерзімін өткізп алған болып танылады. Ол борышқорғакелген залалды өтеуі тиіс, ал борышқор мұндай жағдайда ақшалай қарыз бойынша мерзімді өткізіп алғаны жөніндегі міндеттемеде қаралған пайызды төлеуге міндетті емес.

Заң шарттық қатынастар үшін әр жақтың мүліктік жағдайлары негізін есепке ала отырып, залады қалпына келтіру мөлшерін төмендету мүмкінігін қарастырмайды. Шартқа отырған әрбір тұлға өзінің мүмкіндігін шамалап, жауапкершілікті толықтай атқаруы тиіс. Әйтпесе мәселе шарттан тыс міндеттеме ретінде шешіледі.

Келтірілген залалдың көрсетілген бағасынан жоғары деңгейде болатын жауапкершілктің өсірілген мөлшері заңда және шартта белгіленген жағдайларда қолданылады.

Талқылау сұрақтары:

1. Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің қасиеттері

2. Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері

3. Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен
Тақырыбы: Азаматтық құқықтық шарт
Жоспар:


  1. Азаматтық құқықтық шарт ұғымы.

  2. Азаматтық құқықтық шарт белгілері.

  3. Азаматтық құқықтық шартты жасасу, өзгерту және тоқтату.

Мақсаты: Азаматтық құқықтық шарттың азаматтар өмірінде алатын ролін ашу, азаматтық құқықтық шарттарға отырудың құқықтық тәртібін және шартты өзгерту, тоқтату жағдайларын түсіндіру. Шарттардың түрлеріне сипаттама беру.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж. 16 тарау, 378 – 405 баптар.

  2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу орындарына арналған акад.курс.

1.Азаматтық құқықтық шарт ұғымы Азаматтық құқықтық шарттар азаматтардың қоғамдық қатынасқа түсу барысында ерекше рөл атқарады. Шарт жасасу азаматтардың құқықтарын қорғаудың бір жолы болып табылады. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (Азаматтық кодекс 378 бап). Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.

Шартқа отырудың құқықтық қағидаттары бар. Шартқа отыруда тараптар ерікті, сонымен қатар шартқа отырғаннан кейін белгілі бір заңдылықтарды орындау қажеттілігі туындайды, яғни шарттың құқықтық рәсімделуі. Шарттың тараптары болып кез келген тұлға табылады, бірақ бұл жағдайда әрекетқабілеттік есепке алынуы керек. Шартқа отыруда тараптар шарт жағдайларын анықтап алуы қажет. Шарттың ережелерін тараптар өз қалаулары бойынша белгілейді.

Шарттың пәні болып әр түрлі жағдайлар табылады (сату, айырбастау, қызмет көрсету, жұмыс атқару т.с.с).

Кез клген шарт түсіндіруді қажет етеді, яғни шарт мазмұны тараптарға айқын болуы керек.

Шарттардың нысаны жазбаша, ауызша болуы мүмкін.



2. Азаматтық құқықтық шарт белгілері. Шарттардың белгілерін оның тараптарына, қолдануына, жасалу жеріне, бағасына қарап анықтауға болады. Соған байланысты шарттар ақылы, ақысыз, жария, т.с.с болып бөлінеді. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Мысалы: сатып алу сату шарты, айырбас шарты, мердігерлік шарты т.б. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады. Мысалы: сыйға тарту, мұраға қалдыру т.б. Коммерциялық ұйымен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немес қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады. Мысалы: бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, энергиямен қамтамасыз ету, дәрігерлік, байланыс, т.б. қызмет көрсетулер. Аталғандармен қатар азаматтық кодекс (389,390 баптар) шарттардың қосылу, аралас, алдын ала жасалатын түрлерін де қарастырған.

3.Азаматтық құқықтық шартты жасасу, өзгерту және тоқтату. Тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойыншатиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Шарт бойынша қол жеткізілетін ережелер елеулі ережелер болып табылады. Шарт бойынша ұсыныс жасау және ұсынысты қабылдаудың ерекше мәні бар. Олар оферта және акцепт ұғымдарымен түсіндіріледі (ҚР Азаматтық кодекс 395, 396 баптар).

Шарт жасасу тәртібі арнайы заңдылықты сақтауды қажет етеді. Шарттың жасалу орны, мерзімі, оның міндетті түрде орындалуы шарттың негізгі жағдайлары болып табылады.

Шарт бойынша туындайтын дауларды шешу шартта көрсетілмеген жағдайда сот шешіміне сәйкес белгіленеді.

Шартты өзгерту, бұзу тәртібі шартта белгілі заңдылықтарды сақтай отырып көрсетіледі. Ол азаматтық кодекстің 401-404 баптарымен реттелген. Сонымен қатар шартттың қолдану мерзімін ұзарту да қарастырылған.


Талқылау сұрақтары:

  1. Міндеттеменің тар және кең мағынасын түсіндіріп беріңіз.

  2. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес міндеттемеге анықтама беріңіз.

  3. Міндеттеме тараптарына жекелей тоқталыңыз.

  4. Міндеттемеге үшінші тараптың қатысу тәртібі қандай?


Тақырыбы: Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

Жоспар

  1. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің ұғымы мен әдістері

  2. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері

  3. Борышқордың мүлкін алып қалу

  4. Кепіл болушылық, кепілдік және кепілпұл


Мақсаты: Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің түрлерін ашып көрсету, маңыздылығын түсіндіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж

2.Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу орындарына арналған акад. курс. І
Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шыныдық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қаматамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.

Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындауға бағытталатын, жалпы бірдей емес, арнайы шаралар боалып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емесе, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданылады. Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.

Қаматамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қаматамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші топтың несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіріп алуды қамтиды. Төртінші топқа біздің заңымызға бұрын-сонда тән болмаған әдіс-борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол - заң несие берушіге борышқордың өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап, қалу құқығын береді.

Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу, сату шарты негізгі міндеттеме болып табылады, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырады. Айып төлету туралы келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. Азаматтық кодекстің 292-бабының 3-тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал міндеттемені қамтамасыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды. Қамтатамасыз ету міндеттемесі жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы, мәселен, айып төлеу туралы келісмнің жарамсызғына әкеліп соқтырады(АК 294-б).

Айып төлеу - кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістереінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасымалдау мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсу. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған кезде қолданылады яғни өткізіп алған әр бір күн үшін соманың пайызымен ұсталады.

Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі бір мөлшерінде орындалмаған міндеттемеге қолданылады.

Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және шартты деп екіге бөледі.

Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері анықтайды.

Айырықша айып төлеу несие берушіні тек айып төлеуді жүзеге асырумен шектейді. Балама айып төлеу де несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген залалады өндіртеме әлде төлетуді жүзеге асыра ма, оған өзінің тандауын айтуына мүмкіндік береді. Қазаргі қолданып жүрген заңдарда айып төлеудің аталған түрі бекітілмеген, ол тек шарт арқылы қаралуы мүмкін. Айып төлеудің негізгі мақсаты борышқордың өз міндеттемесін орындамағаны және тиісінше орындамағаны салдарынан несие берушінің шеккен зиянының орынын толтыру болып табылыды.

Кепіл құқығы заң немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді. Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға кепіл туралы шарттың нысанымен мазмұны және ерекше талаптар хақында заңда белгіленген (АК 307-б) Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жазылуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл турал шарт нотариалды куәландырылуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді. Кепілдіктің екі түрі болады: а) ипотека ә) кепіл зат

Ипотека - кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіп орындар, жекелеген құрылыстар, ғимараттар, яғни жерге тікелей байланысты басқа да объектілер сондай-ақ айналымдағы тауар және азаматтық айнвалымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады.

Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті пайдалануды азаматтық кодекстің 315-бабына сәйкес жүргізе алады. Кепілге салынған мүлікті пайдалану үшін кепілге беруші кепіл ұстаушының келісімін алуға тиіс. Кепіл ұстаушы кепіл мәнін шартта көрсетілген шекте ғана пайдалануы құқылы.

Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің жаңа әдісі-борышқордың мүлкін (ұстап) қалау (АК 292-б) Оның мәні мынадай: борышқор айтқан тұлғаға берілуге тиісті затты және сол зат бойынша борышқор міндеттемені мерзімінде орындамаған немесе кідіртудің салдарынан оған басқа да залалдар әкелсе міндеттеме қашан орындалғанша несие беруші затты өзінде ұстай тұрады. Қазақстандық азаматтық заңдарда борышқордың мүлкін алып қалуға анықтама берілмеген. Бұл әдістің өзіне тән бір ерекшелегі несие беруші заттық құқыққа ие бола тұрып меншіек иесі бола алмайды.

Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие беруші алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішін ара қосалқы жауап беруге міндеттенеді(АК 330б) Кепіл болушылық арқылы ақшалай міндеттеме қамтамасыз етіледі. Кепіл болушылық кезінде борышқардың несие берушісімен оның кепіл болушысы арасында шарт жасалады. Кепіл болушылық - міндеттеменің қамтамасыз ету әдісінің дербес түрі. Кепіл болушы несие берушінің қайған талаптарын қанағаттандыруға міндетті.

Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе боршқормен ортақтасып ішін ара жауап беруге міндеттенеді. Кепілдік дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас болып табылады (АК 270-б) Кепілдік шарттары жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша нысады сақтамау кепілдік шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады. Кепілдік шарттарының тоқтатылуы кепіл болушының құқығы тоқтатылатындай тәртіпте жүзеге асады (АК 336-б) Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемінің есебінен екінші тарапта және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілген ақшалай сома кепілпұл деп танылады. Кепілпұл туралы келісім оның негізгі міндеттемесінің сомасымен түріне қарамастан жарамсыз болудан сақтану мақсатында жазбаша жасалады. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады. Егер шарт жасалмаса, кепілпұл туралы келісім де болуы мүмкін емес.


Талқылау сұрақтары:

  1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістерге түсініктеме беріңіз.

  2. ҚР Азаматтық кодексіне сілтеме бере отырып міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету түрлеріне тоқталыңыз.

  3. Міндеттемені орындамаудың құқықтық салдары қандай?



Тақырыбы: Міндеттемені орындау

Жоспар

  1. Міндеттемені орындау туралы жалпы түсінік. Ақшалай міндеттеме.

  2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

  1. Айып төлеу;

  2. Кепіл

  3. Кепілдік және кепіл болушылық;

  4. Кепілпұл;

  5. Ұстап қалу.

Мақсаты:

Студенттерге міндеттемені орындау ұғымын, орындалу мерзімі, орындау жөніндегі талаптар, міндеттеме орындалатын жер, ақшалай міндеттеме, міндеттеменің айып төлеу, кепіл туралы мағлұмат беру; міндеттемелік құқықта - міндеттемені орындалуын танылуын негіз ету.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж

2.Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу орындарына арналған акад. курс. І
1. Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Заңдарда немесе шарттарда көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, борышқор міндеттемені орындау кезінде несие берушінің өзі немесе бұған ол уәкілдік берген адам орындауға қабылдайтын нәрсені талап етуге құқылы және мұндай талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етеді. Сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін.Міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуы тиіс.

Міндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:


  • міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде;

  • міндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлікті тасымалдауды пайдалана отырып беру – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жер және т.б.

Ақшалай міндеттемеге байланысты бір адам (борышкер) екінші адамға (кредиторға) ақша төлеу жөніндегі міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы міндеттемелер, сондай – ақ зиян келтіру не негізсіз баю салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша ақша төлеу жөніндегі міндеттерге, егер Азаматтық Кодексте, ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, ақшалай міндеттемелер туралы ереже қолданылады.

2.Міндеттемені орындау, заңдарды немесе шартта көзделген айып төлеу, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамассыз етілуі мүмкін. Бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттейтін заң актілерінде белгіленеді.

а)Айып төлеу – борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиіс.Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.

б) Кепіл - міндеттемеге сәйкес несие берушінің борышқор кепілмен қамтамассыз етілген міндетемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан, осы мүлік тиесілі адамның басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының әдісі.

в) Кепілдік және кепіл болушылық – кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік берген адамдар, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.

с) Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың беруінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге белгіленетін ақшалай сома.Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ережеге негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қоданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп соқтырады.

d) Ұстап қалу – борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін ұстап қалу құқығы. Заттың құнын төлуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсіпкер ретінде әрекет ететін тараптардың міндеттемелерінен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Талқылау сұрақтары:


  1. Міндеттемені орындаудың құқықтық анықтамасын беріңіз?

  2. Мәндеттемені орындамаудың құқықтық салдары қандай?

  3. Мәндеттеменің тиісінше орындалуы дегеніміз не?

  4. Міндеттемені бөлшектеп орындау деп нені айтамыз?

  5. Міндеттемені тиісті адамның орындауы дегенімізді қалай түсінесіз?

  6. Міндеттемені орындау барысында есепке алынатын мән- жайларды атаңыз?


Тақырыбы: Міндеттеменің ұғымы мен тараптары

Жоспар

  1. Міндеттеме ұғымы

  2. Міндеттеме тараптары

Мақсаты: Міндеттеменің кең және тар мағынасын ашу, міндеттеме тараптарына жекелей тоқталу, олардың міндеттемеге қатысудағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

Ұсынылған әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж. 16 тарау, 268 – 271 баптар.

  2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу орындарына арналған акад.курс.

1.Міндеттеме ұғымы

Күнделікті өмірде адамдар бір – бірімен міндеттемелік қатынасқа жиі түседі. Міндеттеме кең мағынасында «уәде» ұғымымен түсіндіріледі, яғни белгілі бір әрекетке түсуде олар уәделесіп жатады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 268 бабына сәйкес міндеттеме ,борышқор мен несие берушінің арасындағы әрекеттен туындайды. Міндеттемеге сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылған әрекет нәтижесін қабылдауға міндетті.

Міндеттеме алған тараптар оны орындауға талпынады, ал орындалмай жатқан жағдайда құқықтық нормаларға жүгіне алады. Бұл жерде міндеттеме тар мағынаға ие болады, яғни міндеттеменің орындалу жағдайлары құқықтық нормаман реттеледі.

Азаматтық құқықта міндеттеме ұғымы ерекше рөл атқарады. Себебі азаматтық құқықтық қатынаста міндеттеме байланысты қатынастар жиі туындайды. Сондықтан да азаматтық құқық жүйесінде міндеттемелік құқық жеке бір институт болып табылады. Оның орындалу, тоқтатылу әдістері азаматтық құқықта толық қарастырылған. Міндеттеме объектісі алуан-түрлі соған байланысты оны реттейтін нормалар да әр түрлі.


2.Міндеттеме тараптары

Міндеттеме субъектілері болып оған қатысушылар табылады. Міндеттеменің негізгі субъектілері оның тараптары. Міндеттеменің тараптары болып кез келген тұлға (жеке,заңды) табылады. Мемлекет оның ерекше субъектісі болып табылады, себебі міндеттемелік қатынасқа түсуде мемлекет артықшылық құқықтарға ие болады. Несие беруші борышқордан міндеттеменің орындалуын талап ете алады, ал борышқор оны орындауға міндетті болады. Мысалы: А деген азамат Б деген азаматқа қарызға ақша берді, А- несие беруші, Б- борышқор. Студент кітапханадан кітап алды, студент – борышқор, кітапхана – несие беруші. Тұлға бір мезгілде несие беруші және борышқор бола алады. Мысалы: Кітапханадан кітап алған студент басқа азаматқа қарызға ақша берді. Бұл жағдайда студент әрі несие беруші, әрі борышқор болып табылады. Осындай жағдайда міндеттеменің ынтымақты немесе ортақтасқан түрлері пайда болады, яғни міндеттеме тараптарына байланысты міндеттеменің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.

Міндеттеме тараптарына азаматтық құқықтар мен міндеттер жүктеледі. Азаматтық құқықтық нормаларға сәйкес міндеттеменің барлық жағдайлары қарастырылған. Міндеттеме тараптары мен үшінші жақтар міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттеме үшінші жақ үшін міндеттер туғызбайды. Үшінші жақтар міндеттеме тараптарына қатысты міндеттемеге араласа алады, мысалы қарызға алған ақшаны өтеп беру.
Талқылау сұрақтары:


  1. Міндеттеменің тар және кең мағынасын түсіндіріп беріңіз.

  2. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес міндеттемеге анықтама беріңіз.

  3. Міндеттеме тараптарына жекелей тоқталыңыз.

  4. Міндеттемеге үшінші тараптың қатысу тәртібі қандай?


Тақырыбы: Міндеттемені тоқтату

Жоспар

  1. Міндеттемені тоқтатудың түсінігі

  2. Міндеттеменің тоқтатылуының жекелеген әдістері

Мақсаты: Міндеттемені тоқтату мен рәсімделуінің мәнін ашып көрсетіп, оның тоқтатылуының жекелеген әдістерінің түрлерін түсіндіру

Ұсынылған әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж . 21 тарау, 367-377 баптар.

  2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу орындарына арналған акад. курс.

Міндеттеме өзінің құрамын кіретін құқықтар менміндеттер толық жүзеге асқан сәттен бастап тоқтатылады. Бұл көбіне көп оны орындаудың нәтижесінде болады. Бірақ та несие беруші боорышты кешіргенде немесе оны орындауға мүмкіндік болмайтындай болса, негізгі мақсатты жүзеге асырумен байланысты емес тоқтатулар да болады. Сөйтіп, міндеттемені тоқтату дегеніміз міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою болып табылады.

Міндеттемені тоқтату Азаматтық кодексте, басқа да заңдар мен өзге құқықтық актілерде немесе шартта қаралған негіздерде жүзеге асады (АК-тің 367-бабы).

Қазіргі қолданылып жүрген Азаматтық кодексте мейлінше жиі кездесетін міндеттемелердің тоқтатылу негіздері қарастырылған, оның ішінде әсіресе жаңа тәсілдері де тәртіптелген, айталық, оған бас тарту төлемі мен борышты кешіру түрлерін жатқызуға болады (АК-тің 369-373 баптары).

Міндеттемені тоқтатудың барлық негіздерін мынадай екі топқа бөлуге болады:


  1. Өзінің қатысушылары еркімен тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, жаңарту, есепке жатқызу, бас тартуды ұсыну, борышты кешіру);

  2. Өзінің қатысушылараның еркінен тыс тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, азаматтың қайтыс болуы міндетеменің тоқтатылуына алып келеді, заңды тұлғаны тарату, борышқор мен несие беруші бір тұлға болса және т.б.).

Міндеттеменің тоқтатылуы тиісті дәрежеде рәсімделуі керек, олар жалпы және арнайы ережемен рәсімделеді. Белгілі бір жағдайларда заң міндеттеменің тоқтатылуының арнайы әдісін қарастырады. Мысалы, заемдық міндеттемені рәсімдеу кезінде қарыз қолхатын тапсыру талап етіледі. Қарыз міндеттемесі тоқтатылған жағдайда несие беруші бұл қарыз құжатын қайтаруы тиіс. Егер қандай да бір себеппен қолхат жоғалып немесе жойылып кетсе, онда несие беруші міндңттеменің тоқтатылғаны туралы соған ұқсас қолхат беру арқылы куәландыруға міндетті.

Міндеттеменің тоқтатылуы оның қатысушылары арасындағы құқықтық байланыстардың күшін жояды. Кейбір жағдайларда құқық қатынастары сақталады, бірақ жаңартылған түрде болуы керек.

Міндеттемені тоқтатудың мейлінше тиімді түрі – оны орындау. Яғни міндеттеме тиісті дәрежеде орындалуы керек, несие берушінің құқықтарын жүзеге асыру міндеттеменің мәніне, әдісіне, орындалатын жеріне және т.б. толық сәйкес жүзеге асуы керек.

Міндеттеме тиісінше орындалмаса да тоқтатылмайды, қайта қосымша міндеттер (айып төлеу, залалды өтеу және т.б.) жамалады.

Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатылуы мүмкін (АК-тің 369-бабы). Бас тарту төлемі міндетттемені тоқтатудың жаңа негізі болып табылады, оның өзі бұрын Азаматтық кодексте болған емес. Бас тарту төлемінің мән-мағынасы міндеттеменің пәнін басқа мүлік беру немесе ақшамен алмастыру болып табылады. Сондай-ақ жұмысты орындау немесе қызме көрсету де ұсынуы мүмкін.

Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлік-бөлігімен тоқтатылады (АК-тің 370-бабы).

Есепке жатқызуға бір талаптың өтініші жеткілікті.

Мысалы, құрылыс фирмасы сауда фирмасынан материалдар сатып алғанда 5 мың теңге төлеуі тиіс. Сауда фирмасы өз кезегінде құрылыс фирмасының жасаған жөндеу жұмысының ақысын төлемейді. Бұл орайда қарсы талаптар бірден байқалады, егер сауда фирмасының қарызы 5 мың теңге болса, онда қарсы есепке жатқызу жолымен талаптар өзара жойылады. Егер қарыз 2 мың теңге болатын болса, сауда фирмасына қатысты міндеттеменің өзара талабы тоқтатылады, ал құрылыс фирмасының міндеттемесі 2 мың теңгеге азаяды.

Есепке жатқызуды қолдану үшін бір мезгілде мынадай шарттар керек:


  1. Есепке жатқызу жөнінде жасалған талаптар қарсы талаптар болуы, яғни несие беруші міндеттеме бойынша екіншісіне борышқор болуы керек. Жақтардың әрқайсысы бір-біріне қатынаста борышқор әрі несие беруші болуы қажет: үшінші жақтың талабын есепке жатқызуға болмайды;

  2. Қарсы талаптар біртекті болуы қажет. Міндеттеменің екеуі бойынша бір текті нәрселерді беру қарастырылады (ақша, зат, тектік белгілері бойынша айқындалған);

  3. Талаптар есепке жатқызу көрсетілген мерзімі келгенде немесе талабы берілген сәтте қабылданады.

Есепке жатқызу үшін бір жақтың еркі болса жетіп жатыр. Ол екі жақтың келісімі бойынша, сот тәртібінде (төрелік) қарсы талаппен, яғни арыз берумен жүргізіледі.

Мына талаптарды:



  1. Егер тараптардың бірінің өтініші бойынша талапқа заңды талап мерзімін қолдануға болса және мерзім өтіп кетсе;

  2. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы;

  3. Алимент өндіріп алу туралы;

  4. Өмір бойы асырау туралы;

  5. Заңдарда немесе шартта көзделген басқа да талаптарды есепке жатқызуға жол берілмейді.

Есепке жатқызудың жағдайы талапты орындау кезінде орын алады. Азаматтық кодекстің 370-бабына сәйкес борышқор жаңа несие берушіге де талап қоя алады. Егер борышқор талап етуді беру туралы хабарды алған кездегі негізден туындаса және талап мерзімі оны алғанға дейін туындаса, не ол мерзім көрсетілмесе немесе талап ету кезімен белгіленбесе, ол есепке жатқызылады.

Жаңғыртылу – міндеттемені тоқтату әдісі ретінде бастапқы міндеттемені жаңа міндеттемен ауыстыру туралы әр жақтың өзара келісімі. Бұл орайда жаңа міндеттеменің жаңа нысанасы мен жаңа әдісі болады.(АК-тің 372-бабы). Тұрғын үйді жалға беру шартындағы пәтерақы жөніндегі қарыз заем шартымен алмастырылуы мүмкін.

Залалды қалпына келтіру құқығы тоқтатуға жатпайды, өйткені залалды өтеуді қосымша міндеттеме деп тануға болмайды, ол кез келген міндеттемеге тән және де жаңғыртылу оны тоқтата алмайды.

Азаматтық кодекс міндеттемені тоқтатудың басқа да негіздерін қарастырады. Оған борышқор мен несие беруішінінің бір тұлға болып келуін жатқызуға болады (371-бап). Бұл кәсіпорын қайта құрған кезде орын алады, мәселен, кәсіпорынға оның борышқоры келіп қосылады. Мұндай жағдайда жаңадан құрылған заңды тұлға әрі борышқор әрі несие беруші болады. Мұндай нұсқада міндеттеме болуы мүмкін емес, сондықтан ол тоқтатылады.
Талқылау сұрақтары:


  1. Міндеттемені тоқтатудың құқықтық негіздері қандай?

  2. Міндеттемені орындалу арқылы тоқтату дегенді қалай түсінесіз?

  3. Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтату дегеніміз не?

  4. Орындауға мүмкіндік болмағанда міндеттемені тоқтатуға бола ма?

  5. Азаматтың қайтыс болуы міндеттемені тоқтатуға негіз бола ала ма?

  6. Заңды тұлға міндеттемесінің тоқтатылуының құқықтық тәртібі қандай?



Семинар сабақтарына дайындалу және қатысудың әдістемелік нұсқауы
Семестрдің барысында семинар (практикалық) сабақтыра өткізіледі. Семинар ол оқу жұмысының белсенді формасы болып келеді, онда студенттердің өздік жұмыстарының нәтежиесі мен алған білмідері бекітіліп, бір – бірін жетілдіріп отырады.

Семинар сабағының мақсаты: студенттердің теориялық дәрежелерін жетілдіру, зерттеген тақырыпты терең түсіну, сонымен қоса теорияда алған білімдерін іс – жүзінде қолдана білу икемдерін арттыру. Семинар барысында студенттер өз ойларын тұйіңдеп, өз ойларын аудиторияға жеткізе білуіне үйренеді.

Семинар сабақтарының сапасы негізінен студенттің дайындық дәрежесіне негізделеді, сол себептен семинар сабақтарына дайындалуда ең алдымен арнайы және негізгі әдбиеттермен танысып алу қажетті. Семинар барысында студенттер әр сұрақты жан – жақты қарастырып, талдап, қорытындылайды. Студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін, семинар сабағының жоспары бойынша құқықтық мәселерді шешіп, қарастырады.

Практикалық сабақтарының түрлерінің бірі, ол студенттерді тесттер арқылы тексеру (сұрақтары төменде келтірілген)


АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
СОӨЖ №1,2,3,4,5 тапсырмасы: кестені жалғастыр
Азаматтық құқықтың пәні



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет