Стильтүзім
– тілдік және тілдік емес факторлардың
нәтижесінде нақты сөйлеу кезінде пайда болатын құбылыс.
Стильдік контраст
– жазушы идеясына тәуелдi болып,
көркем әдебиет стилiнiң ерекшелiгiне орай жұмсалатын бөгде
стильдiк элементтердің ерекше эстетикалық мәнге ие болуы.
Кейіпкер тілін даралаудың ұтымды тәсілі, стилистикалық әсері
айрықша құбылыс.
Эклектизм
– функционалды стильдердің өзіндік норма-
белгілерін ескермеуден, бөгде стильдiк элементтердi көркем
шығарма тiлiнде мақсатсыз қолданудан пайда болған құбылыс.
Лингвистикалық факторлар
– тілдік-стилистикалық
белгілер. Яғни интонация, жеке дыбыстардан бастап, лек-
сикалық бірліктер мен грамматикалық тұлғалардың, көріктеуіш
құралдарының қолданыстағы ерекшеліктері, мәтін ішіндегі
көрінісі негізге алынады.
Экстралингвистикалық факторлар
– стильдердің қа-
лыптасуына, сөз сипатына тікелей әсер ететін тілден тыс стиль
құраушы факторлар. Оларға: қарым-қатынас аясы, қоғамдық
қызмет түрлері, қоғамдық сана формасы, сөздің ауызша не
жазбаша көрінісі, сөздің жанрлық ерекшелігі, баяндау түрі,
жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, сөйлеу актісінің
түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады.
Функционалды стиль
– тарихи және әлеуметтік катего-
рия, тілдің әр түрлі қызметімен тікелей байланысты болатын
әдеби тілдің бір түрі. Мәселен, тұрмыстық сөйлеу стилі (қаты-
нас жасау), ғылыми, ресми стиль (хабарлау), публицистикалық,
көркем әдебиет стилі (әсер ету) сияқты түрлері ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: