«манаштану» ПӘні бойынша дәрістер курсы


Тақырып. «Кіші Қазан» саясаты. Ұжымдастыру саясатының нәтижелеріне анализ беруі



бет8/15
Дата28.09.2022
өлшемі93,46 Kb.
#151022
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Манаштану оек

Тақырып. «Кіші Қазан» саясаты. Ұжымдастыру саясатының нәтижелеріне анализ беруі
1980 жылдарда жарық көрген отандық тарихшылардың мақалалары ұжымдастыру жылдары орын алған демографиялық апаттық жағдайлар көрініс табуымен, қуғын—сүргін мен босқынға ұшырау, 1932–1933 жылдардағы аштықтың нәтижесінде Қазақстандағы адами шығындар туралы мәліметтердің көрсетілуімен құнды. Берілген мақалалардан шығатын қорытынды, авторлардың көрсетуінше, сол кезеңде орын алған қайғылы оқиғалардың себебі «кездейсоқтықтан» (қателіктер мен бұрмалаушылықтар) емес, болып жатқанның бәрі «заңды құбылыс», тіпті «фатальді» деп көрсетеді, жалпы алғанда әкімшілік—жұмылдырушылық және бұйрықтық—күштеу әдістері табиғаты жағынан апатты болып табылады. Сол себепті жіберілген қателіктер мен бұрмалаулар шын мәнінде қоғамды ұйымдастырудың сталиндік моделінің шынайы қисынын көрсетіп береді. Шаруалардың қарулы көтерілістері тарихын зерттеу жағдайы тек 1991 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының күштеп ұжымдастыру жағдайларын зерттеу үшін Комиссия құрғаннан кейін өзгере бастады. «Қазақстан Кеңестері» газеті редакциясының 1992 жылы мамырдың соңында өткізген дөңгелек үстелдің кезінде бұрын құпия ұсталған мұрағат құжаттарын зерттеудің алдын ала қорытындыларын жасау барысында, алғаш рет баскөтерулердің саны, оларға қатысқандардың саны туралы мәліметтер беріліп, шаруалардың қарсылығын туғызған себептер атап өтілді. М.Қ. Қозыбаев «әсіресе қызықты мәлімет ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалардың 372 баскөтерулері бойынша анықталды» деп атап көрсетті. «Шаруалардың тарапынан қарсылық көрсетілді ме?» деген сұраққа жауап ретінде Қ.С. Алдажұманов баскөтерулердің себебі болып «ауылдар мен деревняларда жүргізілген саясатқа ашық қарсылық», «күштеп қысым көрсету мен қатаң үкім» болғандығын көрсетті. Баскөтерулерге итермелеген тікелей жағдайдың бірі ретінде Қ.С.Алдажұманов «ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау саясаты, сонымен қатар КСРО ХКК мен ОАК 1930 жылғы 1 ақпандағы тап ретінде кулактар мен байларды жою туралы қаулыларының негізінде тап күресін жасанды түрде шиеленістіру» екендігін атап өтті. Жағдайды сипаттай келе, ол наразылардың бір бөлігі қарсылық көрсету жолына түскендігін, бұл «бандитизм» ретінде жіктелгенін атап өтті және республика шын мәнінде азамат соғысы жағдайында болғандығын көрсетті. 1929 жылдың күзінен 1932 жылға дейін Қазақстанда «шамамен 380 көтерілістер, шаруалар толқыны» болып өткен. Комиссиямен алынған алдын ала мәліметтер «30 жылдардағы көтерілістер 80 мыңдай тұрғындарды қамтығанын», «ірі көтерілістерге қатысқаны үшін ғана ОГПУ үштігінің шешімімен ОГПУ 5551 адамның сотталғанын, оның 883 атылғанын» көрсетті. Бұл Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері туралы тарихи білімдердегі қарқынды жетістіктің бастамасы болды. Қазақстандағы ұжымдастырудың сипаты, мазмұны және зардаптары туралы ғылыми білім 1992 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Комиссиясының Қорытындысының жарық көруімен біршама кеңейді. Мұнда шаруалар қарулы көтерілістерінің масштабы мен географиясы, адами шығындар, шаруаларға қарсы қуғындаулар, малды етке өткізудің сипаты мен салдары, бай шаруашылықтарды тәркілеудің мазмұны мен нәтижелері сияқты сұрақтар кеңейтілген және тереңнен зерттеуге мүмкіндік берген жаңа фактілік және статиститкалық материалдармен біршама толықтырылды. 1992 жылы жарық көрген «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства» деген кішігірім жинақтамада «Шаруалар толқулары» деген арнайы бөлім бөліп қарастырылды. Бұл бөлімнің құндылығы сонда, 1989 және 1991 жылдардағы жоғарыда көрсетілген басылымдармен салыстырғанда, бұнда күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы қазақ шаруаларының қарулы баскөтерулерінің барынша толық және көлемді, сыйымды сипаттамасы берілді. Ғылыми айналымға 1929–1931 жылдардағы Қазақстанның бірқатар аудандарында болған қарулы көтерілістердің мақсаттары мен қозғаушы күштері, сипаты туралы құнды фактілік материалдар енгізілді. Мысал ретінде ерекше бөліп көрсетілгені 1930 жылғы Созақ көтерілісі, басқа көтерілістер бойынша —Ырғыз, Қарақұм, Қарқаралы округтеріндегі көтерілістері туралы берілгендер келтірілді. Авторлар барынша жалпы сипатта Ортаазиаттық және Еділ бойы әскер округтерінің тұрақты әскери бөлімдерінің қызметінің сипаты мен масштабын көрсетіп берді. Бөлімде қарулы көтерілістердің саны туралы мәліметтер берілген. Сонымен бірге, ОГПУ есептеріне сүйене отырып, олардың саны «үш жүзден астам» және оларға «80 мыңдай адам қатысқандығы» атап көрсетілген. Егер «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства» жинақтамасында қарулы баскөтерулер көрінісінің сызбалары тек жалпы сипатта ғана берілсе, Т.Омарбековтың көптеген басылымдарында алғаш рет 1929–1931 жылдардағы антикеңестік қарулы көтерілістердің тарихы мәселелері қойылды және біршама бөліктері шешілді. Қазақстандағы ОГПУ ПП жергілікті және орталық органдарының қызметінің нәтижесінде қарулы көтерілістерді басуға қатысқан әскери бөлім басшыларының қалдырған құжаттар мен материалдарға сүйене отырып, сонымен қатар Ф.И.Голощекиннің И.В.Сталинмен жазысқан хаттары арқылы автор көшпелі халықты отырықшыландыру және күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы халық бұқарасы баскөтерулерінің барынша кең бейнесін берді. 1929–1932 жылдардағы Қазақстандағы шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихын зерттеудің ағымдық нәтижелері автормен арнайы зерттеуде жалпыланды, онда хронологиялық бірізділікпен он бірдей барынша ірі қарулы көтерілістердің себептері, сипаты мен мазмұны берілді. Олар: Тақтайкөпір, Бостандық, Батпаққара (1929 ж.), Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Өскемен және Зырян, Шұбартау, Балқаш, Шоқпар (1930 ж.) және Адай (1931 ж.) көтерілістері. Әрбір көтеріліс бойынша қорытындыларда, сонымен қатар жалпы қорытындыда автормен көтерілістердің мәндік сипаттамасы берілген, олардың «өздерінің тәуелсіздігі, ұлттық дәстүрлері , салттары мен діни нанымдарын қорғауда әміршіл—әкімшіл сталиндік жүйенің заңсыздығы мен күштеуіне қарсы халықтың әділетті ұлт азаттық күресі» болғандығы бөліп көрсетілді. Зерттеудің басты және негізгі дерегі болып автормен Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты мен ҚР ҰҚК Мұрағатының қорларынан алынған құжаттар мен материалдар табылды. Қ.С. Алдажұманов жалпылаушы сипаттағы «Крестьянское движение сопротивления» атты мақаласында жоғарыда көрсетілген көтерілістер туралы материалдар берді. Мақалада 1929 жылдан 1931 жылға дейінгі Қазақстандағы қарулы көтерілістер мен наразылық қозғалыстарының бірқатарынынң себептері, сипаты мен мазмұны барынша сығымдалған, бірақ фактілік материалдармен барынша толыққанды берілді. Мақаланың деректік негізі болып Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Мұрағатының құжаттары мен материалдары табылды. Басылымның ерекшелігі сол, автор мұнда қарулы көтерілістер мен наразылық қозғалыстарының сипаты мен бағытталуына қатысты қандай да бір бағамдық ойталқыларын білдірмейді, оларды ұлтазаттық қозғалыс контекстінде қарастырмайды, мақаланың атауында көрсетілген мәндік жалпылаушы бағамдаумен шектеледі. Сонымен қатар Орталық Қазақстан өңіріндегі шаруалар көтерілістеріне қатысты автор барынша толыққанды және қысқа мазмұнда мәліметтер береді. Шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихы жалпылаушы сипаттағы еңбектерде де көрініс тапты, онда ол 20–30 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік—экономикалық және саяси тарихымен кең контексте қарастырылады. Бұл шаруа бұқарасының қарсылығын туғызған себептердің барлық жиынтығын толық көруге, көшпелі қоғамды күштеп жаңғырту саясатының мәнін тереңнен ашуға, мемлекеттік саясатқа шаруа бұқарасының қарсылық көрсету сипаты мен тәсілдерін нақты анықтауға мүмкіндік берді. Ж. Абылхожиннің монографиясында Қазақстандағы ұжымдастыру тарихының мәселелерінің кең шеңбері бойынша алдыңғы жылдардағы жетістіктер жалпыланды және теориялық жағынан ой елегінен өткізілді. Ұжымдастырудың генезисі, барысы мен салдарын талдау үрдісінде мемлекеттік шектеу саясатының әрекет ету механизмі мен табиғаты барынша айқын көрсетілді, сонымен қатар қазақ көшпелі шаруашылығын өмірлік қамтамасыз ету элементтерінің бөліктері де назардан тыс қалмады. Нақтылы фактілермен шаруа қожалықтарына қатысты салық саясатының тәжірибесі мен идеологиясы тізбектелді, сонымен бірге күштеу және төтенше сипатқа ие болған түрлі тектегі ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу де қарастырылды. Жартылай көшпелілер мен малшы—көшпелілерді отырықшылыққа көшіру бойынша науқандардың мазмұны ашылып, сонымен қатар сипаты мен бағыты нақты белгілеп берілді. Колхоз құрылысының формалары мен әдістері, ұжымдастыру үрдісінің барысымен мазмұны сыни тұрғыдан ой елегінен қайра өткізілді. Күштеп ұжымдастыруды жүзеге асыру барысындағы адами және материалдық шығындар бойынша берілгендер шығарылды. Көшпелі қоғам жүйесіне шабуылдаудан туындаған антикеңестік қарулы көтерілістерді басудың сипаты мен тәсілдері көрсетілді. Жинақтап алғанда, ұжымдастыру тарихына арналған кітаптың тараулары оның негізгі сюжеттерін құраудың мазмұны бойынша толықтай және фактілік жағынан сыйымды қылып береді. Ғылыми айналымға енгізілген материал, Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындарын тоталитарлық социализм сатыларына күштеп көшіру сияқты күрделі және динамикалық құбылыстың мәні мен сипатын ашу тұрғысынан ой елегінен өткізілді және жалпыланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет