Мақсаты: Білімділігі



бет5/6
Дата13.05.2022
өлшемі22,67 Kb.
#143022
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Желбіре, Жеңіс жалауы!» ашық тәрбие сағаты
База 9 казакша 9, Қазақ хандығы, Документ (6)
1- жүргізуші: Сен құрметте оны! 
Түсіндің бе қарағым? 
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын. 
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ, 
Қолындағы ұзын таяғын.


Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік – осы үш сөзде сұрапыл қанды соғыстың адам айтқысыз азабы, Совет халықтарының қаһармандығының, достығының үлгісі, бейбітшілік жолындағы халықтар күресінің тарихи жеңістері бір - бірімен ұштасып жатады.
Міне, бүкіл Кеңестер Одағында өмір сүрген халықтың есінде мәңгі қалған алапат соғыстың аяқталғанына 68 жыл толып отыр. Миллиондаған боздағынан айрған осы соғысты Ұлы Отан соғысы деп жайдан жай атаған жоқ. 
Өздеріңізге белгілі 1941 жылдың 22-маусымы күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашисттік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Шығыста таң шапағы жаңа ғана білініп жатқан кез. Еңбек адамдары еш алаңсыз ұйыда болатын, себебі, келесі күн жексенбі еді. Кенет батыстан қызылды - жасылды оттар шекараға таяп, жер дүние астан - кестең болды да кетті. 
Фашисттік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып, басып кірген еді. Олар күшті армия жинақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру үшін соғыс ашты. Фашисттер күзге дейін Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты. Гитлершілер соғыстың бас кезінде бізге 190 дивизияны, 5000 ұшақты, 3700-дей танкті, 50 мыңнан астам зеңбірек пен минометті шабуылға шығарды.
Суық хабар сол күні - ақ радио арқылы әйгілі диктор – Левитанның қуатты үнімен байтақ жерімізге түгел тарады. 
Ер азамат өздері сұранып асығыс майданға аттанды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 870 мың қазақстандық қатысты. Брестті қорғауға 3000 қазақстандық жауынгер атсалысты. Неміс фашист армиясының түпкі мақсаты – Москваны басып алу еді. Арыстандай атылған 28 панфиловшы батырлар 50 танкке төтеп беріп, Москваны асқан қаһармандықпен қорғап, ерліктері Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылды.
Осы ел қорғаған соғыста тек қазақ ұлтынан 96 адам Кеңес Одағының батыры атағын алды. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп көз көрмеген апатқа ұшырады. Фашисттер 1710 қаламызды 70 мың селомызды, 32 мың өндіріс орындарымызды қиратып, өртеп бүлдірді. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ, жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Осы соғыста 30 млн адам құрбан болды. Ал миллиондаған адам жарақат алып, мәңгілікке мүгедек болып қалды. Масқара соғысты бастаған фашисттер 1945 жылы 9 - мамырда Берлинде тізе бүкті. Әрқашан әділдік жеңеді ғой. Біздің жауынгерлер елімізді, жерімізді, ақ сүт береген ана, бауыр еті баласын қорғады, Отанымыздың бостандығын, тәуелсіздігін қорғады. Барлық аға – апаларымыз қасықтай қандары, шыбындай жандары қалғанша жаумен шайқасып, туған жерге, туған елге аман қалғандары ғана ғана жеңіспен оралды. Осы алапат сұм соғыста қаза болған, хабарсыз кеткен аға – апаларымыз қаншама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет