Мақсаты: Білімділігі



бет1/6
Дата13.05.2022
өлшемі22,67 Kb.
#143022
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Желбіре, Жеңіс жалауы!» ашық тәрбие сағаты
База 9 казакша 9, Қазақ хандығы, Документ (6)

Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы!»


Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру.
Дамытушылығы:  Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Патриотизм сезімін тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі №21 орта мектептің 7 сыныптардың ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Желбіре,Жеңіс жалауы!» атты ардагерлермен кездесу кешіне қош келдіңіздер.
(ҚР гимн орындалады)


2-жүргізуші: - Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем.Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Енді бүгін ұлы Жеңістің 77 жыл болған тойын көре алмай кеткен ардагерлерімізді еске алайық.


1-жүргзуші:Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(1 минут үнсіздік)


2- жүргізуші: Иә, содан бері 69 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын - соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығымен ат салысқан майдангерлер арамызда болмаса да, соғысқа азда болса өз үлестерін қосқан қарияларымыз салтанатты кешіміздің құрметті қонағы . Осы кісілер біздің арамызда отыр. Олай болса бүгінгі біздің мектебімізде қонақта отырған ардагер аталарымызбен таныс болайық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет