2 – оқушы: Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
3 – оқушы: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
4 – оқушы: 69 жыл көктем таңы атқалы,
69 жыл шуақты күн таратты әні
Есімде содан бері қаншама рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
5 – оқушы: Тыныштық тулары
Биікке самғасын.
Тыныштық ұраны
Қиырды шарласын
Жеңіс,жеңіс естіледі жалынды!
Жеңіс,жеңіс қоңыраулар қағылды,
Күн парақтар кып-қызыл боп ашылды
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
2-жүргізуші: Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді туған күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.