Сабақ:
|
Мектеп: 5
|
Күні:
|
Машықтанушы: Мұзапбар Меруерт
|
Сынып: 9 «А»
|
Қатысқандар саны:
|
Тақырыбы: Математикалық индукция әдісі
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
1.Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлемнің негізгі бөлігі шарты,қорытындысы туралы түсінік қалыптастыру
2.Математикалық сөйлемді дәлелдеу, натурал сандар қатары, арифметикалық және геометриялық прогрессияның n- мүшесінің формулаларын математикалық индукция әдісі арқылы дәлелдеуге үйрету.
3.Математикалық индукция әдісімен танысып,осы әдісті қолдану арқылы есептер шығара білуге қалыптастыру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Математикалық индукция әдісінің алгоритмін біледі
|
Оқушылардың көпшілігі:
Сөйлемдерді дәлелдеуде алгоритмдерін қолдана алады
|
Кейбір оқушылар:
Алгоритмдерді дұрыс қолданып, бұрынғы өткен қысқаша көбейту формулалары мен сандардың бөлінгіштік белгілерін есеп шығаруда қолдана алады
|
Оқыту нәтижелері:
|
Математикалық индукция әдісінің қай жерде қолданылатынын біледі;
Оның алгоритмдерін біледі;
Сөйлемдерді дәлелдеп үйренеді;
Оқушылар өз ойларын еркін айтуға дағдыланады;
Пікір алмасуға, топта көшбасшылық жасауға үйренеді;
Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін дамытуға жол ашу;
Сыни ойлауға дағдыланады.
|
Сабақтың түрі :
|
Жаңа сабақ
|
Табыс критерийі:
|
Критериалды бағалау парағы, смайликпен бағалау, бағдаршаммен бағалау, бармақпен бағалау, кері байланыс арқылы бағалау, ауызша бағалау.
|
Түйінді ой:
|
Оқушыларға жеті модулді ықпалдастырып сабақ өткізсек, онда математикалық индукция әдісін меңгере отырып, есептерді дәлелде алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Анықтаманы тұжырымдай алады
|
|