Машықтанушы: Мұзапбар Меруерт



бет6/7
Дата01.08.2020
өлшемі1,04 Mb.
#75979
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КМЖ 9

Сабақ:

Мектеп: 5

Күні:

Машықтанушы: Мұзапбар Меруерт

Сынып: 9 «А»

Қатысқандар саны:

Тақырыбы: Математикалық индукция әдісі

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты


Оқушыларды математикалық индукция әдісін есеп шығаруға қолдану дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Математикалық индукция әдісінің алгоритмін біледі

Оқушылардың көпшілігі:

  • Сөйлемдерді дәлелдеуде алгоритмдерін қолдана алады

Кейбір оқушылар:

  • Алгоритмдерді дұрыс қолданып, бұрынғы өткен қысқаша көбейту формулалары мен сандардың бөлінгіштік белгілерін есеп шығаруда қолдана алады

Оқыту нәтижелері:

  • Математикалық индукция әдісінің қай жерде қолданылатынын біледі;

  • Оның алгоритмдерін біледі;

  • Сөйлемдерді дәлелдеп үйренеді;

  • Оқушылар өз ойларын еркін айтуға дағдыланады;

  • Пікір алмасуға, топта көшбасшылық жасауға үйренеді;

  • Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін дамытуға жол ашу;

  • Сыни ойлауға дағдыланады.

Сабақтың түрі :

Есеп шығару

Табыс критерийі:

Критериалды бағалау парағы, смайликпен бағалау, бағдаршаммен бағалау, бармақпен бағалау, кері байланыс арқылы бағалау, ауызша бағалау.

Түйінді ой:

Оқушыларға жеті модулді ықпалдастырып сабақ өткізсек, онда математикалық индукция әдісін меңгере отырып, есептерді дәлелде алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Анықтаманы тұжырымдай алады



Түйінді сөздер мен сөз тіркестер:

Математикалық индукция,гипотеза, толымсыз индукция, толық индукция, А(n) сөйлемі, k саны, k+1 саны,т.с.с



Сыныптағы диалог үшін тілдік бірліктер:

Егер А(n) сөйлемі n=1 үшін ақиқат болса және оның n=k үшін де ақиқат болатындығынан бұл тұжырымның келесі n=k+1 саны үшін ақиқаттығы шығатын болса, онда А(n) сөйлемі кез келген натурал сан үшін ақиқат болады.



Құндылықтарға дарыту

Белсенді қарым-қатынас, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет