Машықтау жұмысы №2. Windows ож стандартты қосымшалары. Тапсырма №1. Бағыттауыш программасындағы объектілермен және файл құрылымымен жұмыс


Тапсырма № 4. Калькулятор бағдарламасымен жұмыс істеу



бет11/11
Дата15.05.2020
өлшемі383.5 Kb.
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тапсырма № 4. Калькулятор бағдарламасымен жұмыс істеу.



Жұмыстың мақсаты: Калькулятор бағдарламасымен жұмус істеуді оқып – үйрену және онымен қарапайым арифметикалық есептерді орындау.


Теоретикалық жағдайлар және жұмысқа нұсқаулар.

К
алькулятор бағдарламасы Windows стандарттық бағдарламаларға қарайды және күнделікті жұмыстарда қарапайым есептерді орындағанда ыңғайлы болады. Калькулятор бағдарламасын іске қосу үшін келесі қадамдарды орындау керек: Пуск > Программы > Стандартные > Калькулятор. Экранда бейнеленген батырмаларды тышқанның көмегімен басу керек.

Көк белгілермен берілген батырмалар 0 ден 9-ға дейінгі сандарды енгізу, ондық сандарды енгізудегі үтір (немесе нүкте) және сандардың таңбашасын өзгертуге қажетті перне қызметін атқарады.



Қызыл белгілермен берілген батырмалар негізгі арифметикалық амалдарды орындау үшін қызмет етеді: қосу(+), алу (—), көбейту (*) және бөлу /. Теңдік белгісімен (=) берілген батырма өрнектің мәнін есептеуге арналған.

М
ысалы, егер сіз 2*3+5 өрнегін есептегіңіз келсе, онда «2», «*», «3», «+», «5», «=» батырмаларды жүйелі шерту қажет. Калкулятордың жоғарғы бөлімінде «11» саны деген жауап шығады. Назар аударыңыз, біз «3» санын енгізгеннен кейін «=» батырманы басқан жоқпыз. Калькулятор жүйелі математикалық әрекеттерді тізбек бойынша орындауға рұқсат етеді. Мысалы: 2+3*5+7/2.

Назар аударыңыздар! Осы режимде калькулятордың арифметикалық логикасы болады. Күрделі арифметикалық өрнектерді есептегенде матема-тикада қабылданған әрекеттердің қатары сақталмайды. өрнектер жазылғандай солдан оңға қарай есептеледі. Біздің мысалда былай есептейміз: {[(2+3)*5]+7}/2=16 орнына 2+(3*5)+(7/2). Егер бұл өрнекті ереже бойынша есептеу керек болса, онда біздің калькулятордың «жады» көмекке келеді.



Панельдің сол жағындағы қызыл белгілері бар батырмаларға назар аударыңыз. Бұлар жадпен амалдар орындауға арналған:

  • [МC] - Memory Clear— жадты тазалау.

  • [MR] - Memory Recall — жадтан сандарды шақыру.

  • [MS] - Memory Store — жадқа сандарды жазу.

  • [M+] - Memory + —жадтағы сандарға индикатордың сандарын қосу.

Енді керек операцияны орындау қиын емес. «2», «MS» батырмаларда шерту жасаңдар (бірінші санды жадқа енгіздік), «3», «*», «5», «=», «М+» батырмаларында шерту жасаймыз (3*5 көбейтіндісін есептеп, оны жадта сақталып тұрған санға қостық), «7», «/», «2», «=», «М+» (соңғы нәтижесін алдық), «MR» (оны индикаторға шығардық). Нәтижесі - 20,5. Назар аударыңыз, жадта сақтаған кезде, жадпен жұмыс істеуге арналған батырмалардың үстіндегі терезеде «М» әрпі көрінді.

Қою-көк белгілермен берілген батырмалар панельдің оң жақ бөліміндегі кейбір арнайы операцияларды орындауға араналған:



  • [sqrt] - SQuare RooT— бұл батырма индикатордың панелінде орнатылған сандардан квадрат түбірді шығаруға қызмет етеді.

  • % батырмасы пайызбен есеп шығаруға қызмет етеді. Мысалы, «6 санынан 20% пайызы қанша болады?» деген сұрауға жауап беру үшін, «6», «*» (міндетті түрде көбейту қажет), «2», «0», «%» деген батырмаларды шерту қажет. Индикаторда 1,2 деген жауап көрінеді.

Қою-қоңыр батырмалар, индикатордың астында тікелей орналасқан бұл батырмалар енгізілген сандарды редакциялау үшін қызмет етеді:

  • [Back] - Baskspace – соңғы енгізілген цифрды болдырмау. Мысалы, «2», «3», «Back», «4» батырмаларында шерту жасаңыздар. Индикаторда 24 деген сан көрінеді.

  • [CE] - Clear Entry — соңғы енгізілген санды толығымен жою. Мысалы, «2», «4», «+», «1», «6», «СЕ», «2», «4», «=» амалдарын орындаңыздар. Индикаторда 48 (24+24) сандары көрінеді.

  • [C] - Clear — калькуляторды толық тазалайды(жадтан басқа) және оны жаңа есептеулерге дайындайды.

1. Калькулятор бағдарламасының көмегімен есептерді шығарыңыз:



  1. ;

  2. ;

  3. .



a

b

c

d

f

g

h

k









1

3





10









2

4





9









1

3





8









2

4





7









1

3





6









2

4





5









1

3





4









2

4





3









1

3





2









2

4





1









1

3





10









2

4





9









1

3





8









2

4





7









1

3





6









2

4





5









1

3





4









2

4





3









1

3





2









2

4





1


Тапсырма № 5. «Графикалық редактор Paint» бағдарламасымен жұмыс істеу.



Жұмыс мақсаты: Paint бағдарламасымен жұмыс істеуді оқып-үйрену және оның көмегімен суреттерді салу.

Теоретикалық жағдайлар және жұмысқа нұсқаулар.


Графикалық редактор Paint. Графикалық редактор деп бейнелерді (суреттерді) редакциялау және оны құру үшін арналған редакторды айтады. Paint бағдарламасы – қарапайым графикалық редактор. Ол өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен операциялық жүйенің қажетті компоненті болып есептеледі.

Бағдарлама Пуск > Программы > Стандартные > Paint командасының көмегімен іске қосылады.



Негізгі ұғымдар. Paint растрлық графикалық редактор болып есептеледі. Растрлық графикада ұсақ элементтерді бейнелеу нүктемен есептеледі. Экранда ол нүктеге экрандық нүкте (пиксел) сәйкес келеді.

Paint бағдарламасының жұмыс терезесі. Оның басқару элементінің құрамына меню жолынан басқа құрал – саймандар панелі, құрал – саймандарды баптау палитрасы, және түрлі – түсті палитра жатады. Құрал – саймандар панелінің батырмалары сызба-графикалық құрал – саймандарды ашу үшін қолданылады. Баптау палитрасында құрал – саймандардың палитрасын таңдап алуға болады (сызықтың қалыңдығын, бейнені толтыру әдісін және т.б.). Түрлі-түсті палитраның элементтері бейненің негізгі түрін (сол жақтағы батырманы шерту арқылы) және түстік фонды (оң жақтағы батырманы шерту арқылы) таңдау үшін қызмет етеді.

Жұмыс аймағының өлшемін беру. Жұмысты бастамас бұрын салынатын суреттің өлшемін шамалап беру қажет. Өлшемдерді Атрибуты (Рисунок > Атрибуты) сұхбат терезесінің Ширина және Высота өрістерінде береді. Өлшемдерді енгізуден бұрын ауыстыру қосқыштардың: Дюймалар, См (сантиметрлер), Нүктелер (пикселдер), біреуінің көмегімен қабылданған бірліктің өлшемін таңдап алу қажет. Сантиметрмен берілетін өлшемдер жұмысты принтерге немесе бейнені мәтіндік құжаттың бетіне шығарудың алдында ғана беріледі. Сурет экранға шығару үшін арналғанда бірлік өлшемі ретінде нүктелер (пикселдер) таңдап алынады. Мысалы, суретті жұмыс үстелінің фоны ретінде пайдалану үшін әзірлейік, онда оның өлшемін монитордың экранының шамасына тең етіп қабылдау қажет (640х460; 800х600; 1024х768 нүкте және т.б.).

«Айқын» суреттерді құру үшін дайындық. Windows 98 операциялық жүйесіндегі Paint редакторының ерекшеліктерінің бірі – «айқын» суреттерді шығару мүмкіндігі. Paint редакторының Windows 95 – де осындай мүмкіндігі жоқ. Атрибуттар сұхбат терезесінде «айқын» ретінде бір түсті (мысалы, ақ түсті) бекітуге болады. Түстің айқындылығы дегеніміз – берілген сурет басқа суреттің үстінен көрінсе, төменгі сурет жоғары суреттен айқын түспен берілген нүктелерде көрінуін білдіреді. Бірақ айқындылықтың қасиеті суреттің файлында графикалық .GIF форматы таңдап алынған жағдайда ғана сақталады. Басқа форматтардың графикалық файлдары «айқын» түс туралы ақпаратты сақтамайды. .GIF форматты суретті салу үшін Файл>Сохранить командасымен файлды сақтап алу қажет. .GIF форматты Сохранить сұхбат терезесіндегі Тип файла тізімінен таңдап алу керек. Электрондық құжаттарды құру кезінде, мысалы, мультимедиалық басылымдарда және Интернетте түрлі-түсті Web – беттерді құру үшін айқын фонмен берілген суреттер кеңінен қолданылады.

Негізгі сызба-графиктік құрал – саймандар. Ластиктан басқа барлық құрал – саймандар суретті негізгі түспен (бояу палитрасындағы сол жақтағы батырманы шерту қажет) орындайды. Ластик бейнені өшіріп, оны фондық түспен ауыстырады (бояу палитрасындағы оң жақтағы батырманы шерту қажет). Линия құрал – сайманы түзу сызықтарды сызуға арналған. Сызықтың қалыңдығын палитра баптауынан таңдап алады. Сызықты тышқанды созу әдісімен сызады. Тігінен, көлденеңінен түзу сызық шығуы үшін SHIFT пернесін басып отыру қажет. Карандаш құрал - сайманы еркін түзулерді сызуға арналған. Түзудің қалыңдығын баптау палитрасынан таңдап алады. Кривая құрал – сайманы жатық қисық сызықты құру үшін қызметтеледі. Қалыңдығын алдын-ала баптау палитрасынан таңдап алады. Қисық сызықты сызу үшін үш түрлі әдісті қолданады. Біріншіден, түзу сызықты созу әдісі арқылы, одан кейін шерту арқылы және сызықтың қасында созу әдісі арқылы 1-ші және 2-ші кривизнаның радиусы беріледі. Математикада берілген қисық сызық кривизнаның екі радиусы бар және иілудің бір нүктесі (кривой Безье) болып табылады. Кисть құрал – сайманын Карандаш сияқты кез-келген қисық сызықты еркін сызуға қолдануға болады, бірақ оны набивка әдісі арқылы созу үшін жиі қолданылады. Алдымен, баптау палитрасынан Кисть құралының формасын таңдап алады, содан кейін тышқанды созбай оның оң жақ батырмасын созып суретке бедерлеме жасайды. Распылитель құрал - сайманы тек қана еркін сурет салу үшін ғана емес, набивка әдісімен сурет салу үшін де қолданылады. Дақ (пятна) формасын баптау палитрасынан таңдайды. Прямоугольник құрал - сайманы тікбұрышты фигураларды сызу үшін қолданылады. Сурет тышқанды созу арқылы орындалады. Баптау палитрасынан тікбұрышты толтыру әдісін таңдап алуға болады. Үш вариант болуы мүмкін: Толтырусыз (тек қана жақтау салынады), Фондық түспен толтыру және Негізгі түспен толтыру. Егер тікбұрышты салу кезінде SHIFT пернесін басып отырып салсақ, онда дұрыс фигура пайда болады. Тікбұрышқа квадрат дұрыс фигура болып табылады. Осыған ұқсас Скругленный құрал - сайманы дәл осылай әсер етеді, бірақ тікбұрыштың бұрыштары дөңгелек (скругленный) болады. Многоугольник құрал – сайманы еркін көпбұрыштарды сызуға арналған. Егер көпбұрыштың соңғы нүктесі алғашқысымен сәйкес келсе, онда оны тұйық деп есептейді. Тұйық фигураларды баптау палитрасындағы толтыру вариантын таңдап автоматты түрде толтыруға болады. Эллипс құрал - сайманы эллипстер мен шеңберлерді бейнелеу үшін қызмет атқарады. Окружность(Шеңбер) — бұл «дұрыс» эллипстің дербес жағдайы. Ол SHIFT пернесін басып отыру арқылы салынады. Заливка құрал - сайманы тұйық контурларды негізгі фондық түспен толтыру үшін қолданылады. Негізгі түспен бояу тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы орындалады, ал фондық түспен бояу – оң жақ батырманы шерту арқылы орындалады. Егер контур тұйық болмаса, онда құрал – сайман дұрыс жұмыс істемейді. Осындай жағдайда қате әрекетті Правка>Отменить командасы немесе CTRL+Z пернелер комбанациясы арқылы тез алып тастау керек.

Түстерді таңдау құрал - сайманы негізгі немесе қосымша түстерді бояу палитрасынан емес, тікелей суреттен алуға мүмкіндік береді. Бұл бейненің әртүрлі аймақтарында түстің тепе – теңдігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды болып табылады. Құрал – сайманды таңдап алғаннан кейін суреттегі керек түске нұсқағышты қойып, тышқанның батырмасын шертеді. Егер тышқанның сол жақ батырмасы шертілсе, ағымдағысы негізгі болады, ао оң жақтағы шертілсе фондық болады. Аймақтарды ерекшелеу құрал – сайманы. Бұл екі құрал – сайман көрсетілген аймақтармен жұмыс істеуге арналған. Олар: Выделение и Выделение произвольной области (Ерекшелеу және Еркін аймақтарды ерекшелеу). Олар бірдей қызмет атқарады, тек айырмашылығы Ерекшелеу құрал – сайманы тік бұрышты аймақты атап көрсетеді. Windowsтың барлық қолданбаларында қабылданғандай ерекшеленген аймақпен былай жұмыс істеуге болады: DELETE пернесімен оны жоюға болады, (CTRL+C) арқылы алмастыру буферына көшіруге, (CTRL+X) - алмастыру буферына қиып алуға және (CTRL+V) - алмастыру буферынан енгізуге болады.

Кескінді масштабтау (Масштабирование изображений). Суреттің масштабын кейде ұлғайту қажет болады. Ең көп рет ұлғайту – сегіз рет ұлғайту. Вид>Масштаб командасы масштабты өзгерту үшін қызмет етеді. Масштаб құрал – сайманының да көмегімен ұлғайтуға болады, ол үшін масштабтың шамасын баптау палитрасынан таңдап алу қажет. Сегіз рет ұлғайтылған суретке көмекші торды салуға болады (Вид>Масштаб>Показать сетку). Осы тордың әрбір ұяшығы кескіннің бір ұлғайтылған нүктесін көрсетеді. Осы режимде кескінді әрбір нүкте бойынша редакциялау қолайлы.

Кескіннің трансформациясы (Трансформация изображений). Пішіннің автоматты түрде өзгеруі, графикалық объектілердің өлшемі немесе орналасуы трансформация деп аталады. Paint бағдарламасында трансформация құрал – саймандары өте көп емес, бірақ олар бар. Оларды Рисунок менюінде табуға болады. Рисунок>Отразить>Повернуть командасы Отражение сұхбат терезесін шақырады. Ол суретті симметрияның тік және көлденең осьтеріне қатысты симметриялық бейнелеу үшін қажетті басқару элементтерінен құралған бұрылыстардан тұрады. Рисунок>Растянуть>Наклонить командасы Растяжение и наклон сұхбат терезесін шақырады. Оның басқару элементтері суретті тігінен және көлденеңінен созуға немесе осьтерді иілтуге мүмкіндік береді. Созу параметрі процентке, ал иілту параметрі бұрыш градусы бойынша беріледі. Рисунок>Обратить цвета командасы ауыстырып қосқыш ретінде қызмет етеді. Бұл команданы қолданғанда кескіннің әрбір нүктесінің түсі «қарама-қарсы» түске өзгереді. Біздің айтып отырған «қарама-қарсы» түс берілген түсті ақ түске дейін толтыратын түс болып табылады.

Мәтінді енгізу. Paint бағдарламасы - графикалық редактор болғандықтан мәтінмен жұмыс істеуге арналмаған. Сондықтан мәтінді бұл программаға енгізу ереже болмайды. Редактор растрлық болғандықтан, ол кескінді нүктелер бойынша құрады, демек мәтін енгізгеннен кейін «сурет» болады және растрдың жеткілікті үлкен нүктелерінен құрылады. Сондықтан ұсақ символдарды қолданбаңыз, себебі олар суретте айқын көрінбейді. Paint бағдарламасында мәтінмен жұмыс істеу режимін тек қысқа және ірі тақырыптарды құруға арналған құрал ретінде қарастырыңыз. Мәтінді енгізу үшін Надпись құрал – сайманын пайдаланады. Құрал – сайманды таңдап, жазу басталатын жердегі суретте шерту жасаңыз, суретте енгізу өрісі ашылады. Осы өріске пернеден мәтін енгізіледі. Алдымен мәтінді қатесіз теру қажет, шрифтің түрін, оның өлшемін кейін өзгертуге болады. Енгізу өрісінің өлшемін енгізу аймағындағы маркерлерді, яғни енгізу аймағында орналасқан тік бұрышты тораптарды жылжыту арқылы өзгертеді. Енгізуді аяқтағаннан кейін мәтіннің атрибуттар панелін (Вид > Панель атрибутов текста) шақырады. Осы панельдің басқару элементтері арқылы шрифтің пішінін, оның жазуын және өлшемін таңдап алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет