Массив түсінігі



бет1/4
Дата05.12.2023
өлшемі19,47 Kb.
#195129
  1   2   3   4
Байланысты:
Массив түсінігі


Массив түсінігі
Массив түсінігі және мәні. Элементтер типтері, өлшемі, индекстер. Массив түрлері. Массивті сипаттау. Массивті енгізу және шығару. Бір және екі өлшемді масивтерді өңдеу.

Элементтерінің саны алдын-ала белгілі бір типті индексті айнымалылардың жиынтығын массив деп атайды. Массивтің типі күрделі болып табылады. Массивтерді бағдарламада қолдану үшін, оларға белгілі бір ат беріледі. Содан соң бағдарламаның VAR немесе TYPE бөлімінде ARRAY қызметші сөзімен сипаттап, компьютердің жадынан массив элементтеріне орын бөледі. Жалпы жазылу түрі төмендегідей:


TYPE "массив aтауы"=ARRAY[X1] OFX2;
VAR "массив атауы":ARRAY[X1] OFX2;
мұндағы:
"массив атауы" - массивті белгілеген идентификатор, X, A, MAS т..б.
ARRAY - массив үғымын білдіретін қызметші сөз.
OF - қызметші сөз(бұл жерде жалғауларын білдіреді, мысалы бүтін шамалардан)
Х1 - массив индексінің типі, нақтыдан басқа барлық типтер қолданылады.
Х2 - массив элементінің негіздік типі.
Бағдарламада массивтерді сипаттаудың бірнеше жолдары бар. Алдымен типтер бөлімінде массивті бір идентификатор арқылы сипаттап алып, кейін айнымалылар бөлімінде массив атауын сол идентификатор арқылы сипаттауға болады. Сондай-ақ бірден айнымалылар бөлімінде де массивті толық сипаттап кетуге де болады.
Егер бағдарламада бірнеше массивтің индекстері мен негіздік типтері бірдей болса, онда оларды бір тізімге біріктіріп жазып сипаттауға болады, төмендегі мысалдарда элементтері нақты сан болатын А,В,С массивтерінің бәріне де компьютердің жадынан элемент бөлінген, сондықтан олар бір тізімге біріктіріліп сипатталған.


Массивтердің типтер бөлімінде сипатталуы:


CONST N=100; {N-элементтер саны}
TYPE Mas=Array[1..N] Of Real;
Element=(Ge,C,O,N,Na,K,Li,Cu,Zn);
Gaz=Array[Ge.. N] Of Integer;
VAR A,B,C:Mas; X:Gaz;


Массивтердің айнымалылар бөлімінде сипаттапуы:


CONST N=100;
VAR A,B,C:Array[1..N]Of Real;
D, E: Array [1.. 5] Of Char;
Mezgil:Array[ 1.. 10] Of String;
Y,Z: Array[1..20] Of Byte;
R:Arrayl'A'.-'Z'lOfChar;
P:Array[1.. 101] Of String;
Жоғарыда сипатталған массивтердің барлығының да элементтерінің бір индексі бар. Бұндай массивтерді бір өлшемді массивтер дейді.
Есептеулерде бір өлшемді массивтермен қатар көп индексті массивтер де кездеседі. Оларды индексінің санына қарай n - өлшемді массивтер деп атайды. Солардың ішінде Паскаль бағдарламаларында екі индексті массивтер кеңінен қолданылады. Оларды көбінесе матрицалар деп атайды. Матрица элементтерінің бірінші - индексі қатардың, екіншісі -бағанның нөмірін білдіреді.


Екі өлшемді массивтердің типтер бөлімінде сипатталуы:


CONST N=100; М=100;
TYPE Mas=Array[1..N) 1..M]Of Real;
VAR A: Mas;


Екі өлшемді массивтердің айнымалылар бөлімінде сипатталуы:


CONST N=100; М=50;
VAR A:Array[1..N, 1..M]Of Real;
B: Array[1 ..3,1 ..7] Of Integer;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет