ІІІ бөлім. «Мақал-мәтел сайысы»
Мақал-мәтелдердің бірінші жолы оқылады жалғасын табуларыңыз керек.
Ердің екі сөйлегені өлгені,
(Еменнің иілгені сынғаны)
Бір күндік жолға шықсаң,
( Үш күндік азық ал)
Алты жыл аш болсаңда,
(Ата салтыңды сақта)
Алпыстағы атаңды жыққанша,
(Алтыдағы атанды жық)
Біреу жаныңа жолдас,
(Біреу малыңа жолдас)
Біреу тойып секіреді,
(Біреу тоңып секіреді)
Алты жастан жинасам асырам,
(Жеті жастан жинасам жеткізем)
Егістікті бір рет сыйламасаң,
Ол сені тоғыз рет қинайды
IV бөлім: «Жұмбақ сайыс»
Математикалық атаулар ен ұғымдар,
Есте болар, құрбылар, бәріңнен де,
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек,
Артық болмас, бастайық, кезек сізге- деп ағайындыларға үш жұмбақ шешуге беріледі. Шешімін тапқандарға бір ұпайдан.
№1 сайыскерлерге:
Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтындаршы,
Оң, теріс сан бәрі сонда (рационал сан )
Үлкен, кіші сандарды сен
Ажыратқың келсе егер,
Қандай таңба қояр едің
Қане ойлан сайыскер (теңсіздік)
Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісі қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұстас, сәйкес)
№2 сайыскерлерге:
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтындаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай (натурал сан)
Оң сандарға қолшатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны (квадрат түбір белгі)
Параллель түзулер қос-қостан
Оңды-солды жүріп өткен
Пайда болған фигура сонда
Бар ма іштеріңде бұрын білген (параллелограмм)
№3 сайыскерлерге:
Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? ( ондық бөлшек)
Санасаң сан жетпейтін нүктелерден
Құралған фигура бар қарапайым
Салу үшін сен оны сызғыш ізде
Бұл не өзі, бар ма сірә, дара пайым (түзу)
Өзара перпендикуляр түзулерден
Бағыты бар нүктелермен бөлінген
Құралған жазықтықта бұл не өзі (координаталық жазықтық)
№4 сайыскерлерге:
Доп емес, дөңгелек емес
Ұқсас бірақ достарым
Фигура ол ең негізгі
Дәл жауапты қостадым (шеңбер)
Нүктеден екі сәуледен
Құралған айтшы бұл не екен? (бұрыш)
Дүниеде бүтін сан бола бермейді
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәре бөлігін көрсететің
Қандай сан достарым кім біледі (бөлшек сан)
№5 сайыскерлерге:
Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? (дәреже)
Екі бұрыш ежелден
Көрші болған ең тату
Бірін-бірі толықтырған
Жазыңқыға бар қаңқу (сыбайлас бұрыш)
Түзудің бір бөлігі, екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар, айтшы сыйлық сенікі (кесінді)
Достарыңызбен бөлісу: |