Теңсіздік ұғымы жазылу тәсіліне байланысты анықталатыны белгілі. Сонымен, ≠ (тең емес), < ( кіші), > (үлкен), ≤ (кіші немесе тең) немесе ≥ (үлкен немесе тең) таңбалары арқылы құрылған алгебралық өрнектер теңсіздіктер деп аталады. Сандық теңсіздіктер анықтамасын берейік:
Анықтама. Сандық теңсіздік деп теңсіздік белгісінің екі жағында да сандар немесе сандық өрнектер болатын теңсіздіктерді айтады.
Сандық теңсіздіктердің анықтамасынан мынадай қасиеттері шығады:
a саны b санынан үлкен, егер a−b айырмасы оң сан болса ғана;
a саны b санынан кіші, егер а−b айырмасы теріс сан болса ғана;
a саны b санына тең, егер a−b айырмасы нөлге тең болса ғана.