Жаңаны ашу (Топтық жұмыс жүргізіледі).
Мұғалім практикалық жұмыс ретінде оқулықтағы 1тапсырманы орындауды ұсынады.
Мұғалім оқушыларға жүзге дейін бірліктермен (оқушылар кезек бойынша бірін-бірі ауыстырып жəне санауды жалғастырып қарындаштарды санайды), ондықтармен (оқушылар қарындаштары бар қораптарды санайды) санауды ұсынады. Əрбір топқа өздерінің санау материалдары (ермексаз немесе таяқшалар, конструктор, 10 магнит қыстырғышпен, 10 ыдыс жəне шарлар жəне т.б.) беріледі. Оқушылар санау материалдарынан ондықтарды жинақтайды. Оқушылар жүздікте 100 бірлік, 10 ондық бар деген қорытындыға келеді. Одан кейін мұғалім жүздіктермен санауды ұсынады. Оқушылар қандай жағдайда ондықтармен санау қажеттілігі туындайтынын түсіндіреді. Мұғалім оқушылардан жаңа разрядтың қалай аталатынын, кімнің білетінін сұрайды (жүз, жүздік,...)
Оқушылар 100 санын қалай жазу керектігін анықтауы тиіс.Сандағы цифрлардың əрқайсысы разрядты белгілейтінін еске түсіріп, оқушылар 100 – үш таңбалы сан болып табылады деген қорытындыға келеді.
Мұғалім оқушылардан жүздік туралы білгенінің барлығын айтуды сұрайды. (Жүздік – ірі санау бірлігі, 10
ондық немесе 100 бірліктен тұрады.)
|