Математика əдістемелік нұсқау



бет164/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   327
Байланысты:
docx1559971764
sabaq-kz attachment matem-546b5f6d8bfd8, Электромагниттік толқындар Бжб

51-сабақ. Шамалар




Тақырыбы: Менің өлкемнің табиғаты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.3.3. Шамалар мəндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық): (л) /уақыт: сағат, минут, тəулік, ай, жыл өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау.

Сабақтың

мақсаттары



Барлық оқушылар:

• сағат бойынша уақытты анықтайды жəне берілген уақыт бойынша сағат тілдерінің көмегімен оны циферблатта белгілейді.



Көпшілік оқушылар:

• тəуліктік диапазондағы жазбасы бойынша сағатта уақытты белгілейді.



Кейбір оқушылар:

• дұрыс терминологияны сақтай отырып, тəуліктік диапазондағы уақытты 12 сағаттық циферблаттағы уақытпен қиналмай салыстырады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• орындалатын амалдар мен ауызша санауды түсіндіреді.



Пəндік лексика жəне терминология.

12 сағаттық циферблат, таң, күн, кеш, түн.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Бұл тəуліктің қай мезгілінде болады?

Сағат көрсетіп тұрған уақытты айқында.

Жазу.

Тəулік мезгілдеріне бөлуді сақтай отырып, уақыт, циферблатта сағат тілдерін салу.

Тірек білім

Жыл мезгілдерінің саны, жыл ішіндегі айлар саны, ай ішіндегі күндер саны, тəуліктегі сағат саны.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Мұғалімнің басшылығымен оқушылар өз өлкесінің табиғаты, жылдың əр мезгілінде табиғаттың қалай өзгеретіні туралы сұхбат жүргізеді. Мұғалім оқушылардан жыл мезгілдерінің теориялық түрде жəне нақты қандай айларда ауысатыны туралы не білетіндерін сұрайды.





4–6




Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырма жұптасып орындалады.Мұғалім табиғат суреттерін қарап, циферблатта тəулік уақытын көрсетуді сұрайды.



Оқулық.



Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқулықтағы 2-тапсырманы оқушылар топпен



Оқулық.

Сабақтың






7-11




орындайды. Егер минут тілі жарты сағат шегінен (30 минутқа сəйкес келетін 6 саны) асып кетсе, толық сағатқа неше минут қалғанын айту қолайлы ма? Жазбада көрсетілген деректерді тілдердің циферблатта орналасуымен салыстырып, бос орындарды толтырады. Бұл тапсырма уақытты өмірде қолданылатын терминология арқылы анықтау, 12 сағаттық циферблаты бар сағатты пайдаланған кезде тəулік мезгілін нақтылау дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.

тұсаукесері қолданылады.

12–29



Өзіндік жұмыс

Дəптердегі 1-тапсырмада сағаттың тілдерін толықтырып салу қажет.

Дəптердегі 2-тапсырмада оқушылар бос орындарды толтырады.

Өз қабілеттеріңді мынадай өлшемдер бойынша бағала: 1 сағат = 60 минут жəне 1 тəулік = 24 сағат деген уақыт бірліктері қатынасын білемін.

Рим цифрларын білемін жəне циферблатта оларды оқи аламын.

24 сағаттық есептеуде уақытты минутқа дейін дəлдікпен атай аламын.

Уақытты əртүрліше тұжырымдай аламын.

Қиындықтарды түзету.

Бұл тапсырмалар оқушылардың тəуліктік диапазонда уақыт жазбасын 12 сағаттық циферблатта көрсетілгенімен салыстыру білігінің қалыптасуын тексеру үшін қолданылды. Тапсырманы орындай алмаған оқушылардың білігін түзету үшін мұғалім тапсырманы дұрыс орындаған оқушылардан тапсырманы орындаған кезде олардың қандай білімді басшылыққа алғанын түсіндіруді сұрай алады (күндізгі сағат 12-ден кейін əрбір сағатқа 12 қосылады, демек, ретімен санауға болады: 12 сағат – талтүс, күндізгі 13.00 сағат – 1 сағат , 14.00 сағат – күндізгі 2 сағат жəне т.с.с.. 12 сағаттық циферблат бойынша тəулік уақытын айту үшін бірден 12 санын қосуға болады немесе циферблатта қандай уақытты көрсету керектігін білу үшін берілген тəулік уақытынан 12-ні азайтуға болады).

2-тапсырмада кейбір оқушылар «16 сағатқа 15 минут қалды» деп айта алады.


Дəптер.

30–40




Өтілген материалмен жұмыс. Дəптердегі 3тапсырманы оқушылар уақыт өлшем бірліктері қатынасын (1 тəулік = 24 сағат), (1 сағат = 60 минут) ескере отырып орындайды. Əдетте осы оқыту кезеңінде толық ондықтарды қосу (60мин + 20мин) қиындық туғызбайды.

Оқулықтағы 4-тапсырмада қысқаша жазба бойынша есеп құрастыру жəне оларды əртүрлі тəсілмен шығару талап етіледі. Оқушылар қосындыдан санды азайту ережесін еске түсіреді.

Болды – 25 көгершін жəне 32торғай

Ұшып кетті – 15құс



Дəптер,

Оқулық.





Қалды – ? құс

5-тапсырма бойынша «20 кг артық» сөз тіркесін пайдалана отырып, есеп сұрағын ұсынылған екінші сызбада жаңа есепке сəйкес келетіндей өзгерт.

6-тапсырма топпен орындалады, оқушылар топ ішіндегі жұмысты өздері бөледі.





41–45



Рефлексия. «Синквейн».

1-жол – тақырып немесе зат (уақыт);

2-жол – заттың сипаттамасы (екі сын есім);

3-жол – іс-қимыл сипаттамасы (үш етістік);

4-жол – затқа көзқарасты білдіретін төрт сөзден тұратын сөйлем (сөз тіркесі);

5-жол – тақырып немесе зат мағынасын қорытатын немесе кеңейтетін синоним.



Синквейн шаблоны жазылған қиықша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет