Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ. Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері



бет165/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   327
Байланысты:
docx1559971764
sabaq-kz attachment matem-546b5f6d8bfd8, Электромагниттік толқындар Бжб

52-сабақ. Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері




Тақырыбы: Жылдың əр мезгіліндегі туған өлкемнің табиғаты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.3.4.Уақыт өлшем бірліктерін (сағат, минут, ай, жыл) олардың арақатынасы негізінде ауыстыру.

Сабақтың

мақсаттары



Барлық оқушылар:

• уақыт өлшем бірліктерін (сағат, минут, ай, жыл) олардың арақатынасы негізінде ауыстырады, күнтізбе бойынша датаны есептеу, берілген күндер саны жəне берілген даталар арасындағы күндер саны арқылы күнтізбе құрабіледі.



Көпшілік оқушылар:

• сағаттағы уақыт көрсеткішін оқиды жəне өздігінен секундқа дейін дəлдікпен сағатта уақытты белгілей алады.



Кейбір оқушылар:

• күнтізбелер мен сағаттардың сан алуан түрлерін біледі, əртүрлі сағат түрлері жұмысының қағидатын түсіндіреді.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Орындалатын амалдарды, ауызша есептеулерді түсіндіреді.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

  • Күнтізбе жасау үшін қандай білім қажет?

  • Əр айда неше күн бар?

  • Аптада неше күн бар?

  • Ағымдағы ай аптаның қай күнінен басталды?

Жазу.

Апта күндері, ай күндері, екі таңбалы сандар, шамалар.

Тірек білім

Апта күндерінің атаулары, айлардың атаулары, əр айдағы күндер саны.

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

«Дəлме-дəл» ойыны. Оқушыларға 0-ден 24-ке дейін сандар жазылған қиықшалар таратылады. Мұғалімде сағат үлгісі жəне екі сурет: тəуліктің жарық мезгілінде (күндіз) жəне қараңғы мезгілінде (түн) бейнеленген бірдей көрініс. Мұғалім циферблатта уақытты (толық сағат саны) белгілеп, суреттердің бірін көрсетеді. Оқушылар осы уақытқа сəйкес келетін санды көтеруі тиіс. Бұл ретте циферблаттағы тілдер күйінің дұрыс аталуын білумен шектелмей, тəуліктің 24 сағаттан тұратынын білу қажет. Кейбір оқушылар түнгі сағат 12-де электрондық сағаттардың уақытты 00.00 сандармен көрсететінін біледі. Сондықтан мұғалім сағаттың екі тілін де 12 санына орнатып, «түн» суретін көрсеткен кезде 24 санын көрсету де, 0 санын көрсету де дұрыс болып табылады. 0 санын көрсеткен оқушылар өздерінің хабардар екенін көрсетеді.



Сағат макеті, суреттер

(күн, түн).


4–6



Өзектендіру.

Оқулықтағы 5-тапсырмада оқушыларға сағаттың 5 минутқа «алда» екенін ескере отырып, комбайншының сағаты көрсетіп тұрған уақытты жазу ұсынылады. Мұғалім «сағат алда» деген сөз тіркесінің нені білдіретінін сұрайды (шын мəнінде бар уақыттан артық көрсетеді). Осы жағдайда дұрыс уақытты қалай білуге болады? (Сағат көрсетіп тұрған уақыттан 5 минутты азайту қажет).



Оқулық.


Сабақтың тұсаукесері қолданылады.

7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау ұсынылады. Тапсырма топпен орындалады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен ай күнтізбесін жасайды. Оқушылар ол үшін аптадағы күндер санын, айдағы күндер санын, осы айдың аптаның қай күнінен басталғанын білу керек екенін түсіндіреді. Күнтізбе құрылғаннан кейін онда демалыс күндерін белгілеп, əртүрлі күндері мектепке бару үшін үйден шығу, мектептен үйге келу уақытын жазады.



Оқулық.

12–29



Өзіндік жұмыс.

Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындайды, астында көрсетілген уақытқа сəйкес сағаттардың«тілдерінің» суретін салады.

2-тапсырманы орындайды, күндерді көрсетеді (бұл ретте айдың нөмірін рим цифрымен жазады), осы кестеде жетіспейтін деректерді жазып, күнтізбе құрады. Ол үшін айдың басын оған сəйкес келетін апта күнімен сəйкестендіру қажет. Толтырып болғаннан кейін оқушылар отбасымен бірге бір жаққа барған күндерін белгілейді.

Критерииі бойынша өзіндік бағалау:

Күнтізбені қалай құруға болатынын білемін.

Ай мен күнді атай аламын.

Күнтізбе бойынша, аталған дата бойынша апта күнін атай



Дəптер.




аламын.

Қиындықтарды түзету.

Кейбір оқушылар дəптердегі 2-тапсырмада күнтізбеге сандарды толтыру кезектілігін бұзуы мүмкін. 3 түрлі қате болуы мүмкін:



  • апталық мерзімділікті сақтамай, көлденең, толассыз санау («жыланша», «ирек»);

  • тігінен толассыз санау («жыланша», «ирек»);

  • бағандағы жолдардың саны бойынша жасанды мерзімділікпен, тігінен толтыру.

Қиындықтарды түзету үшін ай күндері апта күндерінің ретімен жүретінін, апта соңына жексенбі сəйкес келетінін, содан кейін келесі күн «дүйсенбі» бағанына жазылатынын білуі тиіс. Осылайша аптаның бірдей күніне сəйкес келетін ай күндері бір бағанда жазылады, олардың айырмасы 7-ге тең, яғни аптадағы күндер санына сəйкес келеді.




30–40




Өтілген материалмен жұмыс.

Дəптердегі 4-тапсырма. Тапсырманы уақытқа орындау санау жылдамдығын дамытады.

Оқулықтағы 3-тапсырма.


Оқулық.

41–45



Рефлексия.

Мұғалім оқушылардың əрқайсысына сауалнама таратады, оқушылар оны толтырады.Сауалнама:



  1. Бүгін немен жұмыс істедік?

  2. Жұмысты дұрыс жоспарладыңдар ма?

  3. Берілген уақыт шегінен шыққан жоқсыңдар ма?

  4. Жұмыста қандай стиль басым болды?

  5. Ақпарат алмасу жəне команданың барлық мүшелері арасында өзара əрекеттестік болды ма?

  6. Топ жұмысында кім немесе не шешуші рөл атқарды?

Сауалнамалар.

53-сабақ. 2В бөлімі бойынша жиынтық жұмыс

Оқушыларды 2В тақырыбы бойынша жиынтық жұмыс жүргізуге дайындайды.

Оларға жұмыс мақсаттары мен оны орындау ережелерін түсіндіріледі. Жиынтық жұмысты жүргізген кезде достық қарым-қатынас пен тыныштық жағдайы сақталады.

Осы сабақтың мақсаты: сен мақсатыңа жеткенінді тексер:

Мен:


  • 12-ге дейін рим цифрларын оқуды, жазуды, қолдануды;

  • уақыт,масса, ұзындық шамаларының мəнін түрлендіруді, салыстыруды;

  • шамалармен амалдар орындауды;

  • рим цифрларымен берілген сағат циферблаты бойынша уақытты: сағат пен минутты анықтауды үйрендім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет