Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ. «Үш-үштен» комбинациялар нұсқасы



бет172/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

59-сабақ. «Үш-үштен» комбинациялар нұсқасы




Тақырыбы: Менің өлкемніңтабиғаты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатыспағандардың саны:

Қатысқандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.4.4.1.Қоршаған орта заттарынан «үш-үштен» комбинациялар нұсқаларын құру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• қоршаған орта заттарынан «үш-үштен» топтар нұсқаларын құрады.



Көпшілік оқушылар:

• реттелген топтарды қайталанбайтындай етіп бояйды, алынған топтарды санайды.



Кейбір оқушылар:

• барлық ықтимал топтарды салыстырады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• тапсырмаларды орындау барысында өз пікірін дəлелдеуді жəне түсіндіруді.



Пəндік лексика жəне терминология.

Элементтерді үш-үштен топтастыру.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Қандай түстер үйлесімі пайда болды?

Неше əртүрлі топтама болады?

Жазу.

Əртүрлі түстер үйлесімі топтамаларындағы заттарды бояу.

Тірек білім

Топтастыру есептерін шығарудың қарапайым тəсілдерін білу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Мұғалім оқушылармен бірге туған өлке табиғатын талқылап, əңгімені жалпы сипаттаудан нақты жергілікті жердің өсімдік, жануарлар əлеміне əкеліп тірейді. Мұғалім оқушылар қала сыртына серуенге шыққан кезде көрген дала гүлдерінің атауларын тізбектеп беруді сұрайды. Оқушылар бірнеше гүлдердің атауларын атай алды: аютабан, кекіре, қоңыраугүл, қызғалдақ, бақбақ.



Туған өлке табиғатының фотосуреттері.

4–6



Өзектендіру.

«Мұнаралар» ойыны.

Мұғалім қорапқа үш – қызыл, көк жəне сары түсті текше салады. Қарамастан, текшелерді алып, мынадай тəртіппен мұнаралар құрады: бірінші текше – төменгі қатар, екінші текше – ортаңғы


Қорап, үш текше.







қатар, үшінші текше – жоғарғы қатар. Оқушылар пайда болуы мүмкін мұнара нұсқасын ойластырып, текшелерді тиісті түстегі шаршылар түрінде бейнелеп, мұнараның суретін салады. Одан кейін тəжірибе жүргізіледі (текшелер қораптан шығарылады). Тəжірибе нəтиже тапқан оқушылар жеңімпаз атанады.




7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқушылар мұғалімнің басшылығымен оқулықтағы 1-тапсырманы талқылайды. Оқулықтағы суреттерге қарап, тапсырма шарттарына сəйкес дəптердегі алманы бояу (2 қызыл жəне 4 жасыл) ұсынылады. Бастауыш мектептегі осындай тапсырмалардың негізгі міндеті – еркін, зейін мен бейнелі ойлауды дамыту жəне бағдарлама мазмұнына кіретін мəселелерді меңгеру үшін оқушыларда ойлау əрекеті тəсілдерінің (талдау жəне синтез, абстрактілеу) қалыптасуы үшін жағдай туғызу.



Оқулық.

12–29



Жаңаны ашу.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту. 3 алманы берген кезде берілген алма түстері үйлесімінің нұсқаларын қарайды.

Тапсырма барлық ықтимал нұсқалардан іріктеу арқылы орындалады. Жасыл алма – 4 тал болғандықтан, барлық үш алманың да жасыл болуы мүмкін. Тағы басқа нұсқалар болуы мүмкін: 2 жасыл жəне 2 қызыл, 2 қызыл жəне 1 жасыл. Оқушылар дəптерде алмаларды бояйды. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар ықтимал нұсқалардан ретсіз іріктеу тəжірибесіне ие болады.



Оқулық, дəптер.

30–40




Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 2-тапсырманы жұптасып орындау ұсынылады. Оқушылар Қазақстанда гүл көп болғандықтан, гүл туралы тапсырма беріледі деген қорытынды жасайды. Бұл тапсырмада əр түсті гүлдердің əртүрлі сандары ұсынылады:

3 сары, 5 қызыл, 2 қызғылт сары.

Оқушылар іріктеу арқылы үш-үштен гүлшоқтарына біріктірілген қызғалдақтардың барлық ықтимал жинақтарын таңдауы тиіс. Барлық нұсқаларды көрсету үшін нұсқаларды іріктеу ретін ойластыру қажет. Іріктеудің, мейлі ең қарапайым болса да, қандай да бір белгі (шарт) бойынша логикалық реті болуы тиіс. Осы жағдайда сары түсті гүлдерден бастауға болады. Мынадай нұсқалар алынуы мүмкін:

с,с,с; с.с.қ; с,қ,қ; қ,қ,қ; с,с,қ/с; с,қ/с,қ/с; қ,қ,қ/с; қ,қ/с,қ/с; қ,с,қ/с.

Бағалау критерийі:

Есеп шарттарынан заттардың қасиеттерін таңдаймын.



Оқулық.




Есеп шарттарынан топтамадағы заттар санын айқындаймын.

Топтамаларды қайталанбайтындай ретпен бояймын.

Алынған топтамаларды санаймын.

Өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы 3-тапсырманы оқушылар саннан қосындыны азайту жəне қосындыдан санды азайту ережесін пайдалана отырып, əртүрлі тəсілдермен орындайды.

Дəптердегі 3-тапсырмада оқушылар есептеулер жүргізіп, алынған нəтижеге сəйкес карточкаларды толтырады.

Оқулықтағы 5-тапсырманы оқушылар жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін пайдалана отырып есептейді.






41–45



Рефлексия.

Ал енді ойланып, өздерің үшін сабағымызды қалай бағалайтындарың туралы шешім қабылдаңдар. Егер сабақ нəтижесіз, қызықсыз өтті десеңдер, дəптердің бос шетіне үшбұрыш суретін салыңдар. Егер өздеріңе пайдалы бір нəрсені тапсаңдар, шаршы суретін салыңдар.

Егер бүгін өздеріңді маңызды іске қатыстым, тəжірибе алдым, қанағаттандым деп есептесеңдер, дөңгелек суретін салыңдар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет