Тақырып: Менің өлкемдегі жануарлар əлемі
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқыту мақсаттары
|
2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсіну.
|
Көптеген оқушылар үшін:
Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау.
|
Кейбір оқушылар үшін:
ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пəндік лексика жəне терминология: тұжырым , пікір, ақиқат, жалған.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатынсөйлемдер.
Талқылау:
Саған тұжырымдардың ақиқат екенін бағалауға жиі тура келе ме?
(мысалдар келтір).
Пікірдің ақиқат екенін қалай анықтауға болады?
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігі туралы күнделікті тұрмыстан түсініктер беру.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт (минут)
|
Жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
0-3
|
Ынталандыру
Мұғалім жануарлар əлемі туралы əңгіме жүргізеді.
Сендер «Шындық пен өтірік» ойынын білесіңдер ме? Мен сөйлемдерді оқимын, ал сендер оның дұрыстығын анықтайсыңдар. Түйе – Қазақстанда кездесетін жануар. Жираф – Қазақстанда кездеспейтін жануар. Мысық – үй жануары.
|
|
4-6
|
Белсендіру.Мұғалім тақпақ оқиды: Көшеде түтін тұр,
Мұржасынан үй шығып. Шатырға шықты қасық,
Үстелден құлады мысық.
Бұл тақпақ шындыққа жанаса ма?
Неліктен?
Оларды дұрыс пікірге (тұжырымдарға) айналдырыңдар.
Жауап: Көшеде үй тұр, Мұржасынан түтін шығып. Шатырға шықты мысық, Үстелден құлады қасық.
|
|
7-11
|
Мақсат қою (проблемалық жағдаят).
Сендер біздің сабағымыз неге арналатынын түсінген боларсыңдар? Оның тақырыбы қандай?
Бүгінгі сабақта біз шындық, математикада оны «ақиқат» дейді, жəне өтірік – «жалған» деп аталатын түсініктермен танысамыз жəне «пікір» деген не екенін білеміз. Балалар, кім жауап береді, сөйлем дегеніміз не?
Оқушылар: Мағынасы бойынша байланысып, аяқталған ойды білдіретін бірнеше сөз. (Егер мұғалім жауап алмаса немесе қате жауап алса, ол толығырақ зерттеу жүргізеді).
Сөйлем неден құралады?
Сөздерден .
Бұл жай ғана мысық, тышқан, піл тəрізді жекелеген сөздер ме? Осы сөздердің жиынтығынан бір нəрсе түсінуге бола ма? - Жоқ.
Ал егер «Мысық, тышқан, піл – бұлар аңдар» деп
|
Оқулық. Дəптер.
|
|
айтсақ, онда бір нəрсе түсінуге бола ма? Енді бұл сөздердің жиынтығында мағына бар ма?
Иə.
Демек, сөйлем дегеніміз– аяқталған ойды білдіретін сөздер жиынтығы.
Мұғалім: Математиканың да сөйлемдерге қатысы бар. Бірақ біз сұраулы жəне лепті сөйлемдер туралы айтпаймыз. Бізді хабарлы сөйлемдер қызықтыратын болады жəне мұндай сөйлемдерді біз пікір деп атаймыз. Мысалы, «Бүгін сейсенбі», «Мен жеті жастамын».
Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға суретке назар аудару ұсынылады, содан кейін олар пікірлерді
(тұжырымдарды) оқиды жəне оның ақиқаттығын анықтайды.
|
|
12-29
|
Жаңаны тану.
Мына математикалық жазбалар қалай аталады?
(Теңсіздіктер).
Мұғалім теңсіздіктерді оқып, олар дұрыс па, қате ме, анықтауын өтінеді. Бұл жұмысты жұпта орындауға болады. Оқушылар дұрыс теңсіздіктің тұсына «+» таңбасын, қате теңсіздіктердің тұсына «–» таңбасын қояды.
Пікір дұрыс, шындыққа жанасатын немесе қате, яғни шындыққа жанаспайтын болады. Дұрыс пікірлер математикада ақиқат, ал қате тұжырымдарды – жалған деп атайды.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы 2- тапсырманы топта ойын түрінде орындауға болады.
Өздік жұмыс.
Оқулықтағы 4- тапсырма оқушыларға өз бетінше орындауға беріледі. Содан кейін сыныпта талқыланады.
|
Тақта, құрастырмалы жинақ.
Оқулық.
Дəптер.
|
30-40
|
Жаңаны қолдану.
Дəптердегі 1 жəне 2- тапсырмалар.
1- тапсырманың «бағалау» белгісі бар. Оқушылармен бағалау критерийлерін қараңыздар:
Ақиқат жəне жалған тұжырымдардың не екенін білемін.
Ақиқат жəне жалған тұжырымдарды таба аламын. Əр оқушыға өзін бағалауды ұсыныңыз. Тапсырманы жақсы орындаған оқушылар өткен материалмен жұмысқа көшеді. Қате жібергендер оқулықтағы 2- тапсырманы орындауына болады.
|
Оқулық.Дəптер.
|
|
Өткен материал бойынша өздік жұмыс. Оқулықтағы 5- тапсырма, дəптердегі 3,4 тапсырмалар.
|
|
41-45
|
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта төмендегілердің қайсысын білдіңдер жəне нені үйрене алғандарыңды белгілеңдер: Ақиқат немесе жалған пікірлер деген не екенін түсіну.
Пікірлердің ақиқат немесе жалған екенін анықтау.
Ақиқат немесе жалған пікірлер құрастыру.
|
Дəптердегі жетістіктер жолағы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |