62-сабақ. Кестелер жəнедиаграммалар
Тақырыбы:Менің қаламдағы көлік түрлері
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
2-сынып:
|
Қатысқандардың саны:
|
Қатыспағандардың саны:
|
Оқу мақсаттары
|
2.5.2.5.Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
• деректер жинайды, кестелер мен диаграммалар құрып, салыстырады.
|
Көпшілік оқушылар:
• ұсынылған дерек түрлерін жүйелейді.
|
Кейбір оқушылар:
• өздігінен таңдалған дерек түрлерін жүйелейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушыларорындайалады:
• деректер жинау үшін сауалнама жүргізуді, деректерді қорытындылауды.
Пəндік лексика жəне терминология.
Диаграмма, кесте, деректер.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.
Талқылау.
Топ қатысушыларына сауалнама қою.
Деректерді кестеге жинаңдар.
Деректерді өңдеп, талдаңдар.
|
Жазу.
Кестелерді толтыр.
|
Тірек білім
|
Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім Қазақстан қалалары туралы сұхбат жүргізеді. Оқушылар республика астанасын атайды, білетін қалалары туралы айтады, үлкен қалалар мен шағын қалалардың айырмашылықтарын атайды. Сұхбат барысында мұғалім оқушыларды қалалар туралы ақпаратты кестелер мен диаграммаларда көрсетуге болады деген қорытындыға əкеледі.
|
Қазақстан қалаларының фотосуреттері.
|
4–6
|
Өзектендіру.
Топта орындалады. Оқушылар сауалнама тақырыбын
|
|
|
ойластырады, мұғалім ұсынылған кестені толтырады, деректерді жүйелеп, қорытады. Əр топтан бір өкілден жүргізілген жұмыс нəтижесі туралы сөз сөйлейді.
|
|
7–11
|
Мақсат қою (проблемалық жағдаят).
Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырма суреттері бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, мектепке дейін жолда қандай көлік түрлерін жəне нешеуін жолықтырғанын еске түсіріп, диаграмма құрады. Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы дəптерге орындайды.
|
Оқулық.
|
12–29
|
Өзіндік жұмыс.
3-тапсырманы дəптерге орындайды.
Бағалау критерийі:
Тапсырмада берілген сандарға талдау жүргіземін.
Деректерді кесте-диаграммаға жинаймын.
Əрбір жиынның элементтер санын санай аламын.
Диаграммадағы деректерді салыстыра аламын.
|
Дəптер.
|
30–40
|
Өтілген материалмен жұмыс.
Дəптердегі 4-тапсырмада оқушылар қатырғықағаздың əр түсті парақтарын цифрлармен белгілеп, 2 түстің барлық ықтимал үйлесімдерін жазады. Дəптердегі 5-тапсырмада оқушылар төменгі дөңгелектерге жазылған екі көршілес санды қосып, жоғарыдағы дөңгелекке нəтижені жазады.
|
Дəптер.
|
41–45
|
Рефлексия.
Ал қазір ойланып, өздерің үшін шешім қабылдап, сабағымызды бағалаңдар.
Егер сабақ нəтижесіз, қызықсыз өтті десеңдер, дəптердің бос шетіне үшбұрыш суретін салыңдар. Егер өздеріңе пайдалы бір нəрсені тапсаңдар, шаршы суретін салыңдар.
Егер бүгін сендер маңызды іске қатысып, тəжірибе алып, қанағаттандым деп есептесеңдер, дөңгелектің суретін салыңдар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |