Бүгін біз тағы да денсаулығымызды нығайтып, оның күшті жəне төзімді болуына əсер ететін нəрсе туралы айтамыз.
4–6
Өзектендіру.
Жұптық жұмыс. «Шаршыны жина» ойыны. Тақтада фигураларға бөлінген 3 шаршы бейнеленген. Олар фигураларға бөлінген. Мұғалім оқушылардан шаршы қандай фигуралардың көмегімен жасалғанын айтуларын сұрайды.
(Оқушылар барлық фигураларды атайды.) – Бұлар – үшбұрыштар мен төртбұрыштар.
Құрастырмалы жинақ, тақта.
7–11
Мақсат қою.
Парталарда фигуралардың жинағы жатыр. Ол оқушылардың тақтада көрсеткен жинағына сəйкес келеді.
Мұғалім фигураларды үшбұрыштар мен төртбұрыштарға бөлуді ұсынады. (Партада жұппен орындайды.)
Мұғалім төртбұрыштарға арналған тапсырма ұсынады.
Құрастырмалы жинақ, үлестірмелі материалдар.
–Ойланындар, оларды топтарға бөлуге бола ма?
Мұғалім мынадай екі топқа бөлуді ұсынады: тіктөртбұрыштар жəне тіктөртбұрыштар емес. (2 оқушы тақтада жұмыс жасайды.) –Не байқадыңдар?
Оқушылар тіктөртбұрыштар мен шаршылардың бір топта болатыны туралы қорытынды жасайды.
– Неліктен?
–Өйткені барлық фигуралардың бұрыштары тік.
–Сабақтың тақырыбын тұжырыдандар.
–Біз тіктөртбұрыштар мен шаршылар туралы айтамыз.
12–29
Жаңаны ашу
а) «Дұрыс жəне бұрыс пікірлер» тəсілі. Мұғалім.
–Сендердің парталарыңда мына тақтадағы тəрізді кесте сызылған парақтар жатыр.
1
2
3
4
5
6
Сұрақтардың нөмірі цифрлармен көрсетілген. Мұғалім «... рас па?» деп аяқталатын сұрақтарды оқиды. Сендер жұптасып талдайсыңдар.
Егер рас болса, екінші қатарға «+» белгісін, ал егер жоқ болса, онда «–» белгісін қоясыңдар.
Тіктөртбұрыштың барлық бұрыштары тік болатыны рас па?
Кез келген тіктөртбұрыш шаршы болатыны рас па? 3. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болатыны рас па?