Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ.Жиындардың қиылысуы



бет169/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

56-сабақ.Жиындардың қиылысуы




Тақырыбы:КөпұлттыҚазақстан.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.4.1.2. Сандар жазбасындағы цифрлар саны, санның 2-ге бөлінуі, сандар тізбегіндегі орны жəне басқалары бойынша сандық жиындарды құру жəне жіктеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• сандар жазбасындағы цифрлар саны, санның 2-ге бөлінуі бойынша сандық жиындарды құрады жəне бөледі.



Көпшілік оқушылар:

• жиындар тобына атау таңдайды.



Кейбір оқушылар:

• таңдалған белгі бойынша сандар тізбегін құрады.



Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология.

Жиындар қиылысы.Жиын элементтері.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер. Талқылау.

Жиын құрыңдар. Жиынға атау беріңдер. Жиын элементтерінің санын санаңдар. Жиындар тобына атау таңдаңдар.

Екі жиынның қандай элементтері қиылысатынын анықтаңдар.

Жазу.

Жиын атауын жазуға арналған латын əліпбиінің бас əріптері, жиын элементтерінің атауын жазуға арналған латын əліпбиінің кіші əріптері.

Тірек білім

Жиындардың бірігуі, жиындардың қиылысуы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

«Қазақстан өз шаңырағының астында əртүрлі ұлттар мен мəдениеттердің өкілдерін біріктіріп отыр. Біз əртүрлі ұлттардың өкілдері өз Отаны деп есептейтін елде тұрып жатырмыз. Ал олардың тілі, мəдениеті,



Сөйлем жазылған плакат немесе слайд.






дəстүрлері еліміздің қайталанбас келбетін, оның байлығын құрайды». Н.Ə.Назарбаев.

Лексикалық тақырыптағы сұхбатты «жиын» жəне «жиын элементтері» ұғымдарымен байланыстыру үшін мұғалім оқушылардан Қазақстан Республикасында қандай ұлттардың өкілдері тұратыны туралы сұрайды. Жиынды – Қазақстан халқын құрайтын ұлттарды атаңдар. Барлығы қандай тілдерде сөйлей алады? Сұхбат барысында біз сабағымыздың тақырыбына жақындап қалғанымызды байқамай қалдық. Бүгінгі сабақта біз жиындар құрамыз, олардың ортақ элементтерін табамыз жəне бірнеше жиынды біріктіретін жиынды атаймыз.






4–6



Өзектендіру.

Мұғалім оқушыларға 2 партадан біріктіретін топтар құруды ұсынады (топтар жəне топтарға қатысушылар саны сыныптағы оқушылар санына қарай реттеледі). Топтардың əрқайсысына сызықпен екіге бөлінген А3 форматындағы парақ беріледі.

Парақтың бір бөлігінде 1-топ – үшбұрыштар, 2-топ – шеңберлер, 3-топ – жапырақтар, 4-топ – гүлдер жиынын салады. Топтар парақтарын орындарында қалдырып, орын алмасады. Парақтың екінші бөлігінде өз элементтерінің дəл осы саннан тұратын тең жиынын салады. Топтар қайтадан орын ауыстырып, тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.




7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманың суретіне қарап, суреттегі оқушыларды қандай жиындарға бөлуге болатынын түсіндіреді. Талқылау барысында бірден екі жиынға да жатқызуға болатынын ескертеді.

Осылайша проблемалық жағдаят туындайды.


Оқулық.

12–29



Жаңаны ашу.

Проблемалық жағдаяттан шығу үшін мұғалім бірбірімен ішінара қиылысатын жиындардың суретін салуды ұсынады. Екі жиынға да жататын балалар есімдерін шеңберлер қиылысына жазуға болатынын түсінген оқушылар шеңберлерге аттарды жазады. Осындай жиындар – қиылысқан жиындар деп аталады.



Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды, сызбаға қарап, сұрақтарға жауап береді.

Екі таңбалы сандар жиыны жəне қырықтан асатын сандар жиыны бар, олардың қиылысуынан 45, 47 санынан құралған ішкі жиын шығады.

Өзіндік жұмыс.

Дəптердегі 2-тапсырманы орындауды ұсынады.



Бағалау критерийі:

көрсетілген белгі бойынша сандар жиынының құрамын;

жиынға атау беремін;


Оқулық.




жиын элементтерін санаймын; жиындар бірлестігіне атау таңдаймын.

Сергіту сəті ретінде шағын жаттығу ұсынуға болады:

  • Ұлдар жиыны тұрыңдар.

  • Қыздар жиыны тұрыңдар.

  • Аттары дауысты əріптен басталатын ұлдар жиыны қолдарыңды бұлғаңдар.

  • Қыздар жиыны бастарыңды изеңдер.

  • 2-сынып оқушыларының жиыны бір орында айналыңдар.

  • Біздің сыныптың ұлдар жиыны орындарыңа жаймен отырыңдар.

  • Біздің сыныптың қыздар жиыны орындарыңа жаймен отырыңдар.




30–40




Жаңаны қолдану.

Оқушылар оқулықтағы 3-тапсырманы орындайды. Екітаңбалы , бір таңбалы, 50-ден артық сандардан, толық жүздіктердан құралған жиындарды құрайды.



Өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы 4, 5-тапсырмаларды бұрын өткенді тексеру үшін пайдаланылады. Оқушылар толық жүздікке дейін толтырып, санау тəсілдерін қарайды жəне оны түсіндіреді, ондықтан аттау арқылы екі таңбалы сандармен амалдарды орындайды.

Дəптердегі 3, 4, 5-тапсырмаларды орындауға ұсынуға болады.


Оқулық, дəптер.

41–45



Рефлексия. «Синквейн».

1-жол – тақырып немесе зат – жиын;



  1. -жол – заттың сипаттамасы (екі сын есім);

  2. -жол – іс-қимыл сипаттамасы (үш етістік); 4 -жол – затқа көзқарасты білдіретін, төрт сөзден тұратын сөйлем;

5 -жол – тақырып немесе зат мағынасын кеңейтетін немесе қорытатын синоним(бір сөз).

Синквейн шаблондары жазылған карточкалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет