Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ. Ақиқат жəне жалған пікірлер



бет171/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

58-сабақ. Ақиқат жəне жалған пікірлер




Тақырып: Менің өлкемдегі өсімдіктер əлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсіну.



Көптеген оқушылар үшін:

тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау.



Кейбір оқушылар үшін:

ақиқат немесе жалған тұжырымдар құрастыру.



Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология: тұжырым, пікір, ақиқат, жалған.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы.

Талқылау:

Пікірлердің ақиқаттығын жиі анықтауға тура келе ме? (Мысал келтіріңдер).

Айтылған пікірдің ақиқаттығын қалай анықтауға болады?

Жалған немесе ақиқат пікірді қалай құруға болады?

Жазу:

Жалған немесе ақиқат пікірлерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Жалған немесе ақиқат пікірлер туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0-3


Ынталандыру

Мұғалім «Шындық жəне өтірік» ойынын қолдануына болады.







Белсендіру.

Дұрыс тұжырымдар (пікірлер) қалай



Оқулық




4-6



аталады? (Ақиқат.)

Егер тұжырым (пікір) қате болса, ол қандай болғаны? (Жалған.)

Тұжырымның ақиқат екенін қалай жазуға болады? (А бас əрпімен.)

Тұжырымның жалған екенін қалай жазуға болады? (Ж бас əрпімен.)

Мұғалім фигуралар тізбегіне қарауды ұсынады. Ары қарай пікірлерді оқиды, ал оқушылар ол ақиқат болса – қол соғады, жалған болса – аяқтарын тарсылдатады.

Бұл тізбектегі бірінші моншақ – үшбұрыш пішінді.

Бұл тізбектегі соңғы моншақ – қызыл.

Бұл тізбектегі үшінші моншақдомалақ.

Бұл тізбектегі жасылдан кейінгі моншақ – қызыл.





7-11




Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Бүгінгі сабақта біз немен жұмыс істейтін боламыз? Ақиқат жəне жалған тұжырымдарды анықтау жəне өз тұжырымдарын құрастыру.

Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша топпен жұмыс.


Оқулық.

12-29



Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы 2-тапсырма жұптасып орындалады.

«Ақиқат па?» ойыны.

Дəптердегі 1-тапсырма критерийлер бойынша тексеріледі.



Қатені түзету. Қате жіберген оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Қателерді түзеу алгоритмі оқушыларға түсінікті. Бұл жұмыс үшін дəптердегі 3- тапсырманы қолдануға болады. Бұл тапсырманы сараланған жұмысты ұйымдастыруға да қолдануға болады: өз пікірлеріңді ойлап тап.

Оқулық, дəптер, СД диск.

30-40




Өткенді қолдану. Оқулықтағы 3-тапсырманың (а жəне ə) есептерін дəптерде орындайды. Оқушылар сызба толтырады. Есептердің шешуін жазады.

Нəтижесі бойынша үлгіге қарап өзін-өзі тексеруге болады.



Өздік жұмыс.

Дəптердегі 4- тапсырманы тиімді тəсілмен орындауға да болады. Орындағаннан кейін өз бетінше осындай тапсырма құрастырып, оны парталас көршісіне орындауға ұсынуға болады.



Оқулық. Дəптер.

41-45



Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырмалар қызықтырақ болды?  Бүгінгі сабақта алған білімдер қайда керек болуы мүмкін?

  • Өз жұмыстарыңды бағалаңдар.

  • Барлығы өзің қалағандай болып шықты ма?

  • Неліктен?

  • Тағы не үйренгің келер еді?

  • Сабақтан қандай көңіл күймен шықтың?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет