54-сабақ.∈ (тиісті) жəне ∉ (тиісті емес) белгілері
Тақырыбы:Менің өлкемдегі жануарларəлемі
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
2-сынып:
|
Қатысқандардың саны:
|
Қатыспағандардың саны:
|
Оқу мақсаттары
|
2.4.1.3. Жиын мен оның элементтерін диаграммада белгілеу, элементтердің жиынға тиістілігін анықтау.
2.5.2.2. Жиынды белгілеу үшін латын əліпбиінің бас əріптерін, оның элементтерін белгілеу үшін кіші əріптерді, элементтің жиынға тиістілігін жəне тиісті еместігін белгілеуге арналған ∈ жəне∉ белгілерін пайдалану.
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
• ұсынылған жиындарды элементтермен толықтырады, жиындар мен оның элементтерін диаграммада белгілейді, элементтің жиынға тиесілілігін анықтайды.
|
Көпшілік оқушылар:
• «элемент жиынға тиісті/тиісті емес» түріндегі терминді сөз қорына енгізеді.
|
Кейбір оқушылар:
• тиісті жəне тиісті емес элементтері бар жиындарды өздігінен іріктейді, бос жиындарды құрады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пəндік лексика жəне терминология.
Жиын, ішкі жиын, жиынға тиісті/тиісті емес элементтер
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.
Екі жиынға ортақ болатын элементтер.
|
Жазу.
|
Тірек білім
|
«Жиын», «жиын элементі» ұғымдары.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім оқушылардан қандай жануарларды (аңдар, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар) білетінін сұрайды. Оқушылар өздерінің жергілікті жерлерінде мекендейтіндерге басымдық бере отырып, жануарларды атайды.
Мұғалім сұхбатты сабақ тақырыбына – жиындарға əкеліп тірейді.
Мұғалім оқушылардың назарын олардың жануарларды атап, түрлерге жіктеген кезде ойланбастан жиын элементтерін атап, жиындарды оларды біріктіретін атаулармен атағанына аударады. Мұғалім бүгінгі сабақта осы тақырып бойынша тапсырма орындайтындарын хабарлайды.
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Мұғалім құмырсқа туралы жұмбақ жасырады.
Илеуде неше құмырсқа бар? Ол туралы басқа сөзбен айтыңдар (көп құмырсқа, құмырсқалар жиыны). – Күнделікті өмірде сендер «жиын» сөзін талай рет естідіңдер. Мектептегі оқушылар жиыны. Кітапханадағы кітаптар жиыны. Енді əртүрлі жиындарды өздерің атаңдар.
Жиын дегеніміз не деп ойлайсыңдар?
Ортақ белгі, қасиет, іс-əрекет немесе тағы басқалар біріктіретін заттар немесе құбылыстар тобын жиын деп атауға болады.
Кез келген жиын жекелеген элементтерден тұрады. Жиындардың элементтерін атаңдар:гүлдер жиыны;ағаштар жиыны;жəндіктер жиыны.
|
Сабақтың тұсаукесері қолданылады.
|
7–11
|
Мақсат қою (проблемалық жағдаят).
Оқулықтың 1-тапсырмасы. Иллюстрацияға назар аударылады. Нысандардың бірінші тобына қараңдар.
Бірінші кестеде не бейнеленген?
Нысандардың ортақ қасиетін атаңдар?
Тағы қандай нысандарды осы топқа жатқызады?
|
Оқулық.
|
12–29
|
Жаңаны ашу.
Математикада қасиеттері бірдей қандай да бір нысандардың топтары жиі қаралады. Осындай топтар жиындар деп аталады. Жиындарды құрайтын нысандар олардың элементтері деп аталады. Мысалы, гүлдер жиынының элементтері мынадай болып табылады: раушангүл, меруертгүл, қызғалдақ, нəркес, ақкекіре, сарыгүл. Жиынды дұрыстап түсіну үшін ғалымның есімі бойынша Эйлер-Венн диаграммасы деп аталатын шеңберлер қолданылады. Ол ішінде жиын элементтері орналасқан тұйық сызық болып табылады.
Математикада қандай элементтердің жиынға тиісті не
тиісті еместігін айту үшін ∈ жəне ∉ белгілері қолданылады.
Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.
Дəптердегі 1-тапсырмада жиындар берілген, оқушылар элементтердің қайсысы берілген жиындарға тиісті
|
Оқулық, Дəптер.
|
|
немесе тиісті емес екендігін айқындап, нəтижені кестеге жазуы тиіс.
Өзіндік бағалау мынадай критерий бойынша жүргізіледі:
нысанның жиынға тиісті немесе тиісті еместігін анықтай аламын;
∈ жəне ∉ белгілерін пайдаланамын жəне олардың қолданылуын түсінемін.
|
|
30–40
|
Жаңаны білім жүйесіне енгізу.
Жиынның бөлігі ішкі жиын деп аталады.
Оқулықтағы 3-тапсырманың орындалуын тексерген кезде мұғалім «______элементі ______жиынына тиісті/тиісті емес», «________жиыны__________ жиынының ішкі жиыны болып табылады» түріндегі құраманың оқушылардың белсенді сөздік қорына енуін қадағалауы тиіс.
Дəптердегі 5-тапсырмада оқушылар мысалдар жиынынан азайтуға арналған мысалдарды таңдап алып, шығарады. Осындай неше мысал табылды? Өтілген материалмен жұмыс. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау ұсынады.
|
|
41–45
|
Рефлексия.
Сендер қандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?
(жиын, жиын элементтері, ішкі жиын).
Осы ұғымдарды қалай түсіндіңдер, мысал келтіріңдер?
Жарайсыңдар! Бүгін сендер жемісті жұмыс істедіңдер. Өткен материалды жақсылап бекіту үшін сендерге үй тапсырмасын орындау қажет.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |