Математика əдістемелік нұсқау



бет163/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   327
Байланысты:
docx1559971764
sabaq-kz attachment matem-546b5f6d8bfd8, Электромагниттік толқындар Бжб

50-сабақ. Шамалар




Тақырыбы:Жылдың əр мезгіліндегі туған өлкем

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.3.5.Уақытты циферблат бойынша анықтау: сағат жəне минут. 2.1.3.4 **Ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арақатынасына сүйеніп түрлендіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• уақытты циферблат бойынша анықтайды,уақыттың өлшем бірліктерін (сағат, минут, ай, жыл) олардың арасындағы қатынас негізінде ауыстырады.



Көпшілік оқушылар:

• кез келген күндер санынан кейін аптаның күні қандай болатынын анықтап, түсіндіреді.



Кейбір оқушылар:

• минут тілі осындай күйде болған кезде сағат тілі циферблаттағы сандар арасында қандай қашықтықта болады жəне неліктен?



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

орындалатын амалдарды, ауызша есептеулерді түсіндіруді.



Пəндік лексика жəне терминология.

Сағат, минут, секунд, тəулік, апта, ай, жыл.












Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Əр айда неше күн бар?

Ай аптаның қандай күнінен басталатынын білуге бола ма?

7 күннен кейін аптаның қандай күні болатынын білуге бола ма?



Жазу.

Рим жəне араб сандарын пайдалана отырып, датаны жаз.

Тірек білім




Аптадағы күндер саны, дұрыс кезектілікпен олардың атаулары, жыл ішіндегі айлар саны, дұрыс кезектілікпен олардың атаулары, əр айдағы күндер саны.




Жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3




Ынталандыру.

«Білмеген ұят емес, үйренбеген ұят» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?



  • Сендер онымен келісесіңдер ме?

  • Бүгінгі сабағымызды осындай ұранмен өткізейік.

  • Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

Əр жыл мезгіліндегі өз өлкеңді сипатта.

Сөйлем жазылған плакат.

4–6




Өзектендіру.

  • Аптада неше күн бар?

  • Апта күндерінің атауларын есіңе түсір.

  • Айда неше күн бар?

  • Жыл ішінде неше ай бар?



7–11



Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқулықтағы 1-тапсырмада оқушыларға күнтізбе көмегімен сұрақтарға жауап беру ұсынылады.



  • Қарашада неше күн бар?

  • Қараша айы аптаның қай күнінен басталды?

  • 8 қараша аптаның қандай күні болды?

  • 23 қараша аптаның қандай күні?

  • Аптаның қай күні қанатшамен белгіленген?

  • Берілген кесте бізге тағы қандай ақпарат бере алады?

Оқулық.

12–29



Жаңаны ашу.

Айды рим цифрымен жазуға болады.



I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды, өзінің шешімін түсіндіреді.



Жаңаны қолдану.

Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындап, айды белгілеу үшін рим цифрларын пайдалана отырып, кестені толтырады:



Өзіндік жұмыс.

Оқушылар 3-тапсырманы орындауда кестеде берілген мəліметтермен жұмыс істейді.

Дəптердегі 2-тапсырманы орындайды. Сағаттың тілдерін салып, олар құрған бұрыштарды (тік, сүйір, доғал) жазады.


Оқулық, дəптер.




Оқушылар бірінші жағдайда минут тілі (ұзын) 4 санында (5+5+5+5 =20) болуы тиіс екенін түсіндіре отырып, сағат тілдерін қояды.

Бағалау критерийі:

1 сағатта неше минут бар екенін білемін.

Сағаттың минуттық жəне секундтық тілдерін ажыратамын.

Уақытты минутына дейін дəл жаза аламын.



Қиындықтарды түзету.

Сағат тілін қойған кезде оқушылар оны дəл 11 санына қойып, шатасуы мүмкін. Шын мəнінде осу уақыт сəтінде сағат тілі 11 жəне 12 сандарының арасында, бірақ олардың дəл ортасында болмауы тиіс. Кейбір оқушылар мұның себебін түсіндіре алады. Өйткені минут тілі бір саннан екіншіге қарай қозғалған кезде сағат тілі жылжиды, бірақ оның қозғалысы елеусіз ғана. Минут тілі 6 санына жетіп, 30 минут уақыт аралығын көрсеткен кезде сағат тілі екі сан – өткен сағат пен келер сағаттың дəл ортасында болады. Минут тілі 12 санынан бастап 12 санына дейін толық айналып шыққан уақыт (60 минут) ішінде сағат тілі бір ірі бөлікке, яғни бір саннан екінші санға дейін ғана жылжып, басталған сағат санын көрсетеді.






30–40




Өтілген материалмен жұмыс.

Дəптердегі 3-тапсырманы жұптасып орындауға болады, ол үшін оқушылардың əрқайсысына жеке кегль жинағын ұсынуға болады.Оқушылар қосындысы 100-ді құрайтын үш санды таңдайды. (Егер бұл ретте уақытты белгілесе, тапсырма жарыс сипатына ие болады.).

Дəптердегі 4-тапсырманы баған түрінде есептейді.

Оқулықтағы 5-тапсырмада мұғалім оқушыларды жылдың əр мезгілінде шағын қалада дүниеге келген сəбилер санын көрсететін диаграмманы оқуды үйретеді.

Мұғалім диаграммада бірлік өлшемі ретінде қандай шама алынғанын сұрайды. Диаграммадағы бір текшеге бір бала сəйкес келетініне назар аударылады.


  • Осы диаграмма тағы қандай сұрақтарға жауап береді? - Қыста туылған ұл балалардың нешеуі қыздар санынан артығырақ?

  • Жылдың қай мезгілінде ұлдар қыздардан көбірек туылды?

  • Осы жылы неше ұл бала туылды? Неше қыз?

Дəптер, оқулық.

41–45



Рефлексия.

Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ұғындым.

Мен өзімді ... үшін мақтар едім.

Маған əсіресе... ұнады.

Бүгін мен... істей алдым.


Қиықша

-лар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет