Математика əдістемелік нұсқау



бет161/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   327
Байланысты:
docx1559971764
sabaq-kz attachment matem-546b5f6d8bfd8, Электромагниттік толқындар Бжб
Жаңаны қолдану.

Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындайды. Сабақтан алған білімдерін пайдаланып есепті əртүрлі тəсілдермен шешеді.

Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қояды.

Бағалау критерийі:

Есепті оқи аламын.

Шешу жоспарын анықтай аламын.

Сызбаны орындай аламын.

Есепті шығара аламын.

Өрнек жаза аламын.








Жауабын жаза аламын.

Есепті басқа тəсілмен шығара аламын.

Жеке жұмыс кезінде қиындықтарды түзету жүргізіледі.

Өтілген материалмен жұмыс.

Мұғалім оқушыларға оқулықтан 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар ондықтан аттап екі таңбалы сандарды қосу жəне азайтуды ауызша орындайды. Əрбір топ бір бағаннан орындайды. Мұғалім тапсырманы жылдам орындаған топты анықтайды. Мұғалім оқулықтан 4-тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Оқушылар бірдей мысалдар жұбын таңдап алады, өзінің таңдауын негіздейді.






41–45



Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшаларды таратады, оқушылар оларды толықтырып жазады:

Мен ... үйрендім.

Мен... істей алдым.

Мен...тырысып көремін.

Мені ... таңғалдырды.

Сабақ маған өмір үшін ... берді.

Менің ... келеді.



Рефлексияға арналған қиықшалар.



47-сабақ. 2Абөлімі бойынша жиынтық жұмыс.

Оқушыларды 2А бөлімі бойынша жиынтық жұмыс жүргізуге дайындаңыз.

Оларға жұмыс мақсаттары мен оны орындау ережелерін түсіндіріңіз. Жиынтық жұмысты жүргізген кезде достық қарым-қатынас пен тыныштық жағдайын сақтаңыз.

Осы сабақтың мақсаты: сен мақсатыңа жеткенінді тексер:

Мен:


  • санаудың ірілендірілген бірлігі – жүздікті құруды; 1000-ға дейін жүздіктермен санауды, жазуды, салыстыруды;

  • жүздіктерді ауызша қосу мен азайтуды орындауды;

  • екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдануды;

  • тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдануды;

  • екі-үш амалдан тұратын жақшалы жəне жақшасыз өрнектердің мəнін табуды;

  • есептерді құрастыру, талдау жəне шығаруды, кері есептер құруды жəне шығаруды;

  • 100-ге дейінгі ондықтармен жəне 1000-ға дейінгі жүздіктермен сандар қатарының орналасу заңдылығын анықтауды;

  • см, дм, м; кг,ц; л; сағ, мин, ай, жыл шамаларының мəндерін салыстыруды жəне олармен амалдар орындауды үйрендім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет